Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2019)
11-19 323
Аңдатпа
Қазақстанның азық-түлік жүйесінің даму үдерісі зерттелді, оның тұрақтылығына сипаттама берілді, осы жүйені құрайтын элементтерге (өндірістік - ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі, маркетингтік, тұтыну) бағалау жүргізілді. Негізгі сегменттердің серпіні қарастырылды және олардың тұрақты жұмыс істеуін тежейтін мәселелер анықталды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты көлемінің өсуіне (соңғы 6 жылда ол 103%-ды құрады) қарамастан, отандық шикізаттың басым бөлігі өнеркәсіптік қайта өңдеуден өтпейді (ауыл шаруашылығы өнімінің үштен бірінен аз өңделеді), сонымен қатар дайын азық-түлік импорттың негізгі бөлігін құрайды. Бөлшек сауданың нақты көлемі баяу қарқынмен өсуде (қарастырылып отырған кезеңде 1,3%-ға өсім байқалады), ал бөлшек тауар айналымындағы азық-түлік тауарларының үлес салмағы 31-ден 28%-ға дейін төмендеді. Осы аспектілерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында өндірілетін және тұтынылатын азық-түліктің түрлік ерекшеліктері негізінде қалыптасатын кіші жүйелер қалыптастырылды, олардың жай-күйі қаралды. Мақалада кіші жүйелердің дамуының теңгерімсіздігі көрсетілген, бұл халықты тамақтандырудың ұтымсыз құрылымын сипаттай отырып, тұтыну элементінде көрініс табады. Республиканың азық-түлік жүйесін дамытуда сұраныс пен ұсыныстың ара қаты- насындағы сәйкессіздіктің өсуін, азық-түлік қозғалысы процесіндегі артық шығындарды тудыратын және оның тұрақтылығын төмендететін мәселелер талданған.
20-26 318
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мемлекеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйесінің негізі болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық өсу ауыл тұрғындарына қолжетімді арзан өнім өндірісін ұлғайтуға, өндірістік қатынастарды жетілдіруге, халықтың барлық жіктерінің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Мақалада Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің республика экономикасын дамытудағы, азық-түлік қажеттілігін қанағаттандыру жүйесіндегі ролі қарастырылады. Авторлар атап өткендей, аграрлық сектор Ұлттық экономика құрылымында ерекше орын алады және ел халқын экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл оның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады. Агроөнеркәсіп өндірісі салаларының: ауыл шаруашылығы және тағам өнеркәсібінің қазіргі жай-күйі талданған. Қазақстанның аграрлық саласының негізгі мәселелері ашылуда. 2013-2018 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің серпіні, халықтың жылына орташа жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерін тұтынуы, экономикалық қызмет түрлері бойынша ЖІӨ құрылымы, өндіріс салалары бойынша жалпы өнім шығару құрылымы ұсынылған.ДСҰ жағдайында АӨК басқару проблемаларын жоюға ықпал ететін бірінші кезектегі міндеттер, оның ішінде жаңа технологияларды енгізу, аграрлық секторда фермерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау есебінен өнімділіктің айтарлықтай өсуін қамтамасыз ету көрсетілген.
27-33 229
Аңдатпа
Сібірдің ауыл шаруашылық ұйымдарының ресурстық әлеуеті көрсетілген. Ха- лықтың жан басына шаққанда Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша Сібір феде- ралдық округі (СФО) ресейлік көрсеткіштерден озып келе жатқаны анықталды. Сібір АӨК экономикалық әлеуетін іске асыруды қиындататын сын-қатерлер анықталған. Аймақтардың экономикалық мінез-құлқының сценарийлері (нұсқалары) талданған: инерциялық - ауыл шаруашылығының жұмыс істеуінде рентабельділіктің орташа деңгейін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын мемле-кеттік қолдаудың әлсіздігі; теңгерімді өсудің нұсқасы - ауыл шаруашылығының қарқынды өсуін қамтамасыз ететін елеулі мемлекеттік қолдау; иннова- циялық сценарий - ауыл шаруашылығын дамыту бәсекелестік артықшылықтар мен ғылы- ми-техникалық прогресс негізінде жүзеге асырылады. Сібір аймақтарының мемлекетаралық және аймақаралық азық-түлік байланыстарының перспективалық бағыттары әзірленген, онда өнім түрлері бойынша өнім жеткізуші аймақтар, өңірлер және өнім алушы елдер көрсетілген. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша (сүт, ет, жұмыртқа, астық, картоп, көкөніс) 2030 жылға өндіріс және тұтыну көлемі анықталған, халықты меди- циналық нормалар бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етуді ескере отырып, осы аталған өнімді әкелу және әкету көлемі берілген. СФО аумағында тұратын халықтың негізгі азық- түлікке деген сұранысының төлем қабілеттілігі мен тұтыну ерекшеліктерін ескере отырып, 2030 жылға қарай сүт, ет, жұмыртқа, астық, картоп шығарылады және көкөніс импорттала- тыны анықталған, бұл округтің агроөнеркәсіптік өндірісінің дамуын қамтамасыз етеді.
34-40 289
Аңдатпа
2018 жылғы және 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы кезеңіне Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына талдау жасалды. Республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің ағымдағы жағдайы мен мәселелері зерттелген. Тағам өндірісін өсірудің мәселелелі нүктелері анықталды. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері көрсетілді. Жалпы өнім шығарудың оң динамикасы, отандық өндіріске шетелдік инвестициялардың өсуі және жаңа ауыл шаруашылығы объектілерінің қалыптасуы анықталды. 2011-2018 жж. және 2019 ж. бірінші жарты жылдығында тірі салмақтағы ауыл шаруашылығы жануарлары үшін дайын жем өндіру серпіні талданды.2019 жылдың басына мал басының түрлері бойынша үлестік бөліну қарастырылды. Қазіргі заманғы АӨК тиімді мемлекеттік реттеу тетігі, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары қаралған. Республиканың аграрлық секторын реформалау тәжірибесіне авторлық баға берілген. Агроөнеркәсіптік кластерлерді мемлекеттік қолдауды, оларды ұйымдастыру кезінде басқару шешімдерінің тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленген. Мынадай міндеттерді дәйекті шешу қажет: инвестицияларды тарту, өнім сапасын жақсарту, экологиялық таза тамақ өнімдері өндірісінің өсуі, өндіріс пен қайта өңдеу өнеркәсібі арасындағы баға теңсіздігін жою. Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру мақсатында бағаны реттеу шаралары көрсетілген. Аграрлық нарықтың шаруашылық субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі жөнінде ұсынымдар берілген.
41-47 201
Аңдатпа
Шағын кәсіпорынның экономикалық өсуі мен тұрақтылығын арттырудың негізгі бағыттарын негіздеу үшін шаруашылық қызметтің басқарушылық талдауын қолдану зерттелді. Шаруашылық процестер мен құбылыстардың өзгеру үрдістері анықталды. Өндірістік ресурстарды пайдалануда және шағын бизнес кәсіпорнының жұмыс істеу нәтижелерін қалыптастыруда олардың пайда болу мәселелері мен себептері көрсетілген. Стратегиялық басқарушылық талдаудың әдістері және тәсілдерімен ішкі және сыртқы ортаның ШК өндірістік саласына әсері айқындалған. Ұйымдастыру ортасының салыстырмалы маңыздылығы анықталды. Шағын кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі функционалдық аймақтары (персонал, өндіріс, маркетинг, қаржы және менеджмент) оның басшысы мен мамандарының жұмыс тәжірибесі мен пікірлерін ескере отырып талданды. Шағын кәсіпорынның сыртқы артықшылықтарды пайдалана алатындығын және сонымен қатар қауіп-қатерден құтылатынын түсінуге мүмкіндік беретін функционалдық аймақтардың сыни күшті және әлсіз нүктелері көрсетілген. Мәселелер, кемшіліктер ("тар" орындар), олардың өндірісте пайда болу себептері жинақталған, ШК тиімді жұмыс істеуі үшін бұзушылықтар мен ауытқуларды жою жолдары, шаруашылық қызметіндегі экономикалық, кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді жоюдан күтілетін нәтиже көрсетілген. Келешекке ұсынылған іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу жүргізілген.
48-54 256
Аңдатпа
Қазақстан экономикасының басым салаларының бірі - ауыл шаруашылығы, оның дамуымен шикізатты қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен айналысатын кәсіпорындардың қызметі байланысты болады. Өсімдік шаруашылығы саласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұлғайту үшін ауыл шаруашылығы дақылда- рының негізгі түрлерінің егістік алаңдарын кеңейту, құрылымдық және технологиялық әртараптандыру жүзеге асырылады. Шағын кәсіпкерлік маңызды роль атқарады. Мақалада республиканың аграрлық экономикадағы орны мен ролі көрсетілген. Экономиканың осы секторын дамытуды қиындататын мәселелер: фермерлікті мемлекеттік қолдаудың жет- кіліксіздігі, ауыл шаруашылығы өндірісінде шағын бизнеске елеулі әсер етпейтін ақпарат- тық-консультациялық орталықтардың жұмыс істеу тиімділігінің төмендігі, ауыл шаруашы- лығы кооперациясының дамымауы, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалмауы, баға теңсіздігі қарастырылған. Авторлар мәселелерді тез арада шешу мақсатында нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті үйлестіру және қолдау мақсатында мемлекет пен ауыл бизнесінің ынтымақтастық жолдарын ұсынған. Бұл сала кәсіпкерліктің теориялық аспектілеріне және шағын кәсіпорындарды құру мен олардың жұмыс істеуінің тәжірибелік мәселелерін зерделеуге арналған бірқатар зерттеулерді қажет етеді. Осының бәрі осы жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.
55-60 340
Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған. Нарықтық экономика жағдайына көшу процесінде республиканың аграрлық секторының жай-күйін, шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігін зерттеудің өзектілігі анықталды. Агроөнеркәсіптік кешен проблемаларын қараудың, саладағы жаңа нарықтық құрылымдарды жан-жақты қолдау шараларының және қазіргі жағдайда елдің аграрлық саласын дамытудағы мемлекеттің рөлінің маңыздылығы анықталды. Республикадағы ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы талданған. Алматы облысының өндіріс көлемі, ауыл шаруашылығы қызметі, мал өнімділігі, өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігі ұсынылған. Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар және Панфилов аудандарында жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша аудандар бөлінісінде ең жоғары көрсеткіштер анықталғаны белгіленген. Республикада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы талданған. Алматы облысын тұрақты дамытудың: агроөнімнің және оны қайта өңдеудің бәсекелік нарықтарын қалыптастыру, аграрлық секторды пәрменді мемлекеттік қолдау, оның ынталандырушы бағыттарын күшейту, қолайлы табиғи жағдайлары бар аймақтарда өндірістік күштерді шоғырландыру және ұтымды оңтайландыру негізінде аграрлық өндірісті қайта терең құрылымдау, агроөнеркәсіптік кешеннің технологиялық деңгейін арттыру, ресурс үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізу, АӨК дамыту міндеттерін шешуде ғылыми зерттеулерді кеңейту жолдары ұсынылды.
61-67 298
Аңдатпа
Тұрақты даму көбінесе туризм, энергиямен жабдықтау, су ресурстарын басқару, табиғатты сақтаудың әртүрлі аспектілері немесе экономика сияқты бір секторға немесе па- раметрге шоғырланатыны анықталған. Мақалада ауданның дамуы қаралып, оған әлеумет- тік, экономикалық және экологиялық тұрақты талдау жүргізілген. Авторлар құрамдасты- рылған сапалық-сандық баға берген, сандық деректер мен көрсеткіштерді пайдалану мүмкіндіктері, сондай-ақ сапалы талдау үшін әдеби көздер мен сараптамалық пікірлер тал- данған. Баянауыл ауданының дамуының оң серпіні анықталған және негізделген. Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін жеке сәттер мен пікірталас мәселелері бар. Оң экономикалық жағдай және халықтың көпшілігінің табысының жеткілікті деңгейі, қажетті экологиялық жағдайлар мен бай биоәртүрлілік, тұрақты әлеуметтік құры- лым, өңірде тұратын тұрғындар арасындағы салыстырмалы төмен әлеуметтік алшақтық атап өтілген. Баянауыл ауданының тұрақты дамуына әсер ететін факторларды зерттеу по- зитивті және теріс әсерлерді азайтуды күшейту үшін 2016-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының аумағын дамыту Бағдарламасын іске асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Экологиялық бағытқа ерекше назар аудару қажет.
68-75 269
Аңдатпа
Батыс Қазақстан облысы халқының азық-түлікке экономикалық қол жетімділігінің негізгі мәселелері қарастырылды. Он жылдық кезеңдегі жалақы, зейнетақы және жәрдемақы мөлшері талданған. Табыстың негізгі көзі еңбек қызметі болып табылатыны, оның табыс құрылымындағы үлесі біртіндеп қысқарған, ал мемлекет халықтың нақты қолда бар табысын арттыру мақсатында әлеуметтік трансферттерді ұлғайтатыны анықталған. Облыс аудандары бойынша жұмыспен қамтылған халықты бөлу көрсетілген. Ауыл шаруашылығы өндірісі жалдамалы қызметкерлердің де, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың да жұмы- спен қамтылуын қамтамасыз ететіні анықталған. Ауылдық жерлерде бұл санат негізінен жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізумен айналысады. Шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысанындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру құрылымына талдау жасалған және азық-түліктің 50%-дан астамы халықтың шаруашылықтарын қамтамасыз ететіні анықталған. Облыста өндірілген аграрлық өнімнің жан басына шаққандағы көлемі ұсынылған. Бір тұрғынға шаққандағы азық-түлік өнімдерін тұтынудың қалыптасқан деңгейі, ауыл және қала тұрғындарының азық-түлік тұтынудағы, сондай-ақ ұтымды тамақтану нормаларымен салыстырғандағы айырмашылықтар талданды. Ауыл халқының табысын арттыру бойынша іс-шаралар ұсынылған. Электрондық сауда алаңдарын құру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің желілік саудасын дамыту қажеттілігі негізделген.
76-82 268
Аңдатпа
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының инновациялық қызметінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетігін тиімді дамытуды тежейтін мәселелер мен кедергілер талданған. Осы саладағы мемлекет пен бизнес әріптестігін жетілдіру бағыттары анықталған. Шетелдік тәжірибе зерттелген. Сарапшылар сауалнамасының, кабинеттік зерттеудің, жеке әңгімелесу мен бақылаудың нәтижелері көрсетілген. Сауалнамаға қатысушылардың білімі, олардың жұмыс орны және ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіби тәжірибесі туралы деректер алынған. Мемлекет пен агробизнес тарапынан МЖӘ қатысушыларының пікірлері зерделенген. Мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер үшін өзара қызығушылық туғызатын тиісті қорытындылар жасалған. Зерттеу нәтижелері бойынша бизнеске бағытталған, агробизнес, АӨК саласындағы инновациялық қызмет мәселелерін білетін тәжірибелі, құзыретті менеджерлердің тапшылығы, мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің әлсіз уәждемесі, аграрлық секторда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің отандық практикасына талдамалық зерттеулердің болмауы анықталған. Инновациялық МЖӘ жобаларын ауыл шаруашылығында олардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту; инновациялық үлгі келісімінің моделін құру түрінде қолдау шаралары; екі тарап үшін жобалар мен құзыреттіліктерге қатысудың аса маңызды критерийлерін қамтитын әкімдіктер мен кәсіпкерлер үшін әдістемелік ұсынымдар дайындау; агробизнес үшін қолжетімді ауыл шаруашылығы өндірісінде инновациялық жобалардың деректер базасын ұйымдастыру айқындалған.
83-88 821
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп кез келген басқа саладағы сияқты ақшалай баламада көрсетілген мүлік, кәсіпорынның міндеттемелері туралы ақпаратты жинауды, тіркеуді және қорытуды қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Ол шаруашылықта жүргізілетін барлық операциялардың үздіксіз және түгел қамтитын құжаттық есебін қамтамасыз етеді. Мақалада ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп нысандары: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкі, қаржы салымдары, материалдық-өндірістік қорлар, ақша және негізгі құралдар көрсетілген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің басты мақсаты - кәсіпорынның даму үрдісін анықтау үшін экономикалық ақпаратты талдау, түсіндіру және пайдалану, нұсқаны таңдау және басқару шешімдерін қабылдау болып табылады. Басқарудың мынадай деңгейлерінде пайдаланылатын есептік ақпарат қаралады: ішкі шаруашылық (өндірістік бөлімшелерде - бастапқы және жиынтық есеп деректері), жалпы шаруашылық (жалпы шаруашылық бойынша - есептілікті қоса алғанда, ағымдағы бухгалтерлік есеп деректері) және ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың сыртқы деңгейінде (негізінен тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есеп пайдаланылады). Ақпараттық есептеуден басқа, бухгалтерлік есеп бақылау функциясын орындайды, оның мәні ұйымдық жоспарды орындау иллюстрациясына және шаруашылықтың әрбір саласының рентабельділігін бағалауға, сондай-ақ ресурстарды ұтымсыз пайдаландың, тиімсіз жұмыстың алдын алуға және демек, кәсіпорын қаражатын сақтауға негізделеді.
89-94 298
Аңдатпа
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында дебиторлық берешектің қалыптасу ерекшелік- тері, оның пайда болуының объективті және субъективті себептері, эволюция циклы және өсу факторлары көрсетілген. Дебиторлардың әрбір циклда берешектерінің пайда болу және танылу себептері, маусымдық ерекшеліктерге байланысты өтеу мерзімдері бойынша түрлері көрсетіл- ген. Ауыл шаруашылығы өндірісі кәсіпорындарындағы дебиторлық берешектерді бухгалтерлік есепке алу мен талдаудың міндеттері анықталған, аграрлық сектордағы есепке алуды ұйымда- стыру ерекшеліктері, кәсіпорынға борыштардың туындауына әкелетін контрагенттер ара- сындағы қатынастар анықталған. Дебиторлық берешек деңгейін бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бухгалтериясының функциялары сипатталған. Қаржылық берешекті басқару саясаты өнімді сату көлемін ұлғайтуға, оның жалпы сомасын оңтайландыруға және дебиторлармен уақтылы есеп айырысуға бағытталған. Дебиторлық бе- решектің пайда болу тәуекелдерін төмендету, пайданы ұлғайту мақсатында олардың шоттарын басқару мәселелері зерделенді. Жүргізілген зерттеу негізінде борыштардың үлкен үлесіне бай- ланысты қиын жағдайлардың алдын алу жолдары ұсынылады, өйткені дебиторлық берешекті басқару - өнімді сату көлемін кеңейтуге бағытталған және қаржы қаражатының берешек мөл- шерін қысқартуға және оны уақтылы инкассолауды қамтамасыз етуге негізделген кәсіпорын- ның жалпы бизнес-саясатының бір бөлігі болады.
95-100 217
Аңдатпа
Мемлекеттің оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға қатысуының шетелдік тәжірибесі қаралған. Авторлар бірлескен және еншілес кәсіпорындар құру, шетелдік капиталдың қатысуымен мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілерді жекешелендіру, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шетелдік фирмаларының басқаруына беру және банк секторын инвестициялау арқылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағынын атап өтеді. Мақалада шетелдік инвестициялардың мәні ашылады,оларды республика экономикасына, оның ішінде АӨК-ге тартудың маңыздылығы мен қажеттілігі қарастырылады. Зерттелген кезеңде елдің экономикалық дамуы үшін капитал салымдарының түсу серпіні талданды, олардың көлемдерінің өзгеру себептері анықталады. Мемлекеттік деңгейде инвестициялық тартымдылыққа жағдай жасау ерекшеліктері баяндалған. Инвестициялық белсенділік деңгейін бағалаудың отандық және шетелдік әдістемелеріне талдау жүргізілген. Қолданылатын құралдардың түрі бойынша аймақтарда инвестицияларды басқару модельдерін жіктеу ұсынылған. Оларды пайдалану ерекшеліктері мен модельдердің тиімді іске асырылуын тежейтін шектеулер анықталған. Аграрлық секторды қоса алғанда, инвестициялық тартымдылықты басқару нәтижелілігінің көрсеткіштері нақтыланды және инвестициялық сипаттағы қолданылатын басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру бағыттары айқындалған. Авторлар АҚШ пен Қытай үлгісінде аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шетелдік тәжірибесін зерттеген, еуропалық елдерде қолданылатын кластерлік стратегияларды қарастырған. Аймақтардың экономикасына инвестициялық салымдардың көлемін арттыруға, елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жетілдіру шаралары ұсынылған.
101-107 274
Аңдатпа
Экономикалық дамыған елдерде ауыл шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымының жұмыс істеу тәжірибесі ұсынылған. Батыс Еуропада техниканы пайдаланудың жалға беру нысаны кеңінен қолданылады, Ұлыбританияда өндіруші фирмалар фермерлерге тракторларды жалға береді және техниканың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ауыл шаруашылығын агрохимиялық қам- тамасыз етудің ұлттық жүйелері қалыптастырылған. Тұқым өсіру компанияларына минералдық тыңайтқыштарды сату және жеткізу жүйесінде қазіргі заманғы құрылымдық өзгерістер көрсетілген. Қаражаттың едәуір бөлігін олар көтерме қоймаларға және өсімдіктерді қорғау үшін химиялық құралдарды тасымалдауға жұмсайды. АҚШ-та минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді сату жүйесі көлемі елеулі көтерме сату арқылы кең таралған. Мақалада Франциядағы көп салалы қызмет көрсететін, олардың көп бөлігін коммерциялық секторда жүзеге асыратын кәсіпорындар қарастырылған. Сауда кәсіпорындары жеке және сауда кәсіпорындарының көмегімен фермерлер үшін минералды шикізат пен ауыл шаруашылық тауарларын сатып алады. Сауда компаниялары департамент шеңберінде аймақтық және әлемдік деңгейде әрекет етеді. Қазіргі жағдайда тыңайтқыш сатып алу қарапайым сауда мәмілелерімен шектелмей, сауда қызметкерлерінен білімдерін үнемі жаңартуды талап етеді. Жапонияда ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жай-күйі мен даму үрдістері, бірінші кезекте мемлекеттік аграрлық саясаттың жалпы бағыттарымен анықталады.
108-115 729
Аңдатпа
Ауыл туризмін дамытудың әлемдік тәжірибесі қарастырылған, үздік тәжірибелер көрсетілген. Мақалада агротуризмді дамытудың өзектілігі көрсетілген, зерттеудің әдістемелік бөлімі ұсынылған, "ауыл туризмі" ұғымына талдау жүргізілген, этнографиялық, ауыл шаруашылығы, мәдени-танымдық және экологиялық туризмді қамтитын оның құрамдас бөлігі қарастырылған. Агротуризмді дамытудың артықшылықтары көрсетілген. Шет елдерде, атап айтқанда АҚШ-та, Австралияда, Канадада, Англия мен Үндістанда туристік индустрия секторының дамуы көрсетілген. Оның АҚШ-та талап етілген мамандану нысандары анықталған. Беделді дереккөздердің болжамы бойынша агротуризм саласындағы үздік дестинациялар ұсынылған. Ауылдық жерлерде туризмді дамытудың: француздық, неміс, итальян, чех және испандық орнықты үлгілері сипатталған. Оның Қазақстанда дамуының өзектілігі, 2023 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде көзделген бірқатар шаралар, атап айтқанда, агротуристік қызметтің ұғымдық аппаратын енгізу, "агротуризмді" дәріптеу және насихаттау және т.б. көрсетілген. Ауыл туризмі саласындағы қазақстандық дестинациялардың кейбір мысалдары келтірілген. Осы зерттеудің дәйекті қорытындылары жасалған. Алынған нәтижелер Қазақстан өңірлерінде агротуризмді дамытудың басым бағыттары бойынша шараларды әзірлеу кезінде пайдалы болуы мүмкін.
116-123 398
Аңдатпа
Қазақстан аймақтары бойынша мал азығын өндіру саласының мәселелері анықталған. Далалық жемдік дақылдарды мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Мал басын есепке ала отырып, экономикалық үлгілердің құрылымы негізінде оларды өндіру мен қайта өңдеудің оңтайлы параметрлері ұсынылған. Авторлар жемшөп өндірісі малды бордақылауға арналған дақылдарды өсірудің механикаландырылған тәсілдерін, жемді дайындау мен сақтаудың тиімді технологияларын пайдалана отырып, оларды өсіру көлемін айтарлықтай арттыруға және сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп атап өткен. Толық азықтандыру - жануарларды қарқынды пайдаланудың және олардың генетикалық әлеуетін барынша толық іске асырудың қажетті шарты болып табылады. Табиғи-климаттық аймақтар және ресурстарды нормалау бойынша жемдік дақылдарды өсірудің экологиялық модельдері негізінде аграрлық өнімді өндіру және оны қайта өңдеу салаларында мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру қажеттілігі туралы қорытынды жасалған.Осы мәселені шешу үшін республика өңірлерінде жем-шөп дақылдарын өсіруге және оны тежейтін факторларға талдау, экологиялық мониторинг жүргізілген. Табиғи және себілген жем-шөп алқаптарының жай-күйіне баға берілді. Ауыл шаруашылығы мал азығы дақылдарын өсіру бойынша технологиялық карталар жасалды. Аймақтар бойынша жемді өндіру мен қайта өңдеудің инновациялық технологияларын, оларды ауыл шаруашылығы жануарларының әр түрлері үшін қолдану үлгілерін әзірлеу қажеттілігі негізделген. Елде жем-шөп дақылдарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленген.
124-130 268
Аңдатпа
Қазіргі уақытта фермерлік кәсіпкерлікте маркетингтік қызмет тәжірибесі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жалпы сипатқа ие, сонымен қатар фермерлердің жиынтық ұсынысқа немесе бағаға әсер ету мүмкін еместігі анықталған, бұл фермерлік маркетингтің маңызды ерекшелігін көрсетеді. Мақалада қолжетімді маркетингтік тәсілдерді және маркетингтік арналарды таңдауды шектейтін фермерлер өндіретін аграрлық өнімнің біртектілік мәселелері ашылған. Тауар биржасы, мемлекеттік құрылымдар арқылы тікелей бөлшек саудаға, өз бетінше немесе сауда делдалдары қызметтерінің көмегімен өткізу әдістері мен тәсілдері анықталған. Фермер өнімін өткізу орны мен уақыт факторларының ерекшеліктері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жалпы стратегиясымен анықталатын нақты маркетингтік шешімдерді таңдау талданады. Сатып алушының позициясымен салыстырғанда олардың нарықтық позицияларының әлсіздігі анықталған, өнім өндірушілерге материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді жақсартуға, ауылдық тауар өндірушілердің мүдделеріне жауап беретін ресурстарды сатып алу кезінде шығындарды азайтуға бағытталған өз жағдайын нығайту үшін түрлі тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік бермейтін фермерлермен маркетинг әдістері мен маркетингтік құралдарды тиімді қолданудың озық тәжірибесі зерделенген. Еңбек нарығында жұмыс күшінің шоғырлануының төмен деңгейі мәселесін шешуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту тәсілдері жинақталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші фермерлер мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары арасындағы өзара байланыс ашылған.
131-137 227
Аңдатпа
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру негізінде отандық мал шаруашылығын дамытудың берік негізін құруға бағытталған мәселелер көрсетілген. Мал шаруашылығы саласының экспорттық көрсеткіштерін жақсарту үшін өнімді сыртқы нарыққа екі сауда режимі бойынша жылжыту қажет. Асыл тұқымды мал импорты, тауарлық мал басының өзегін қамтамасыз ететін жоғары сыныпты өндірушілер мен шаруашылық-репродукторлар құру мәселелері талқыланған. Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының өсуі ветеринарлық қауіпсіздік шараларын күшейту есебінен мүмкін болады. Етті мал шаруашылығы саласы- ның бағдарламалары шеңберінде аймақтың ұсақ және орта фермерлік шаруашылықтарымен зәкірлік кооперация негізінде фермерлерге сыртқы тауар нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін экспорттаушы кәсіпорындармен экспортқа шығатын сиыр еті мен қой етінің көлемінің өскендігі көрсетілген. Тік өндірісті білдіретін KazBeef мысалында тұйық кластерлік тізбектер: аналық репродукциялар, асыл тұқымды бұқаларды, құнажындарды, меншікті фидлоттарды сату, сылу, салқындатылған етті алу, құс шаруашылығында, жылқы шаруашылығында және қой шаруашылығында кластерлеу мүмкіндігі көрсетілген. Мал шаруашылығын дамыту үшін тиімді жем-шөп базасының қажеттігі негізделген. Арзан азықтың, конверсияның жеткілікті деңгейінің, азықтық дақылдардың энергетикалық құндылығына жаңа салқындатылған немесе мұздатылған етті өндірудің рентабельділігі тәуелді болады. Несие ресурстары шетелден асыл тұқымды мал тұқымын әкелуді, оның фермерлік (шаруа) қожалықтарында мал басын ұлғайтуды, бордақылауға арналған алаңдарды салуды қамтамасыз етеді.
138-145 522
Аңдатпа
Мал шаруашылығы саласының шикізатын қайталама өңдеудің әлемдік тәжірибесі және оны елдердің экономикалық айналымында тиімді пайдалану зерттелген. Ірі және ұсақ қара малдарды сою кезінде қалдықтардың ең көп үлес салмағын құрайтын шикізаттың негізгі түрлері анықталған. Бірқатар мемлекеттердің мал шаруашылығында қайталама шикізатты қайта өңдеудің озық тәжірибесін зерттеу нәтижелері ұсынылған, оны пайдаланудың негізгі бағыттары анықталған, олардың ішінде азық-түлік, жемшөп, медициналық және техникалық салалар бар. Осы саланың әлемдік көшбасшылары мысалында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату көлемі көрсетілген. Салалық көшбасшы елдердің мысалында оны тиімді дамытудың түйінді факторлары анықталған. Ет өңдеу кәсіпорындарында сүйектерді қайта өңдеудің ресурс үнемдеуші технологияларын енгізу мүмкіндіктері, мүйізді, тұяқты, жүнді жоғары белокты мал азығын өндіру үшін ресурс көзі ретінде пайдалану, қанды қайта өңдеудің балама әдістері талданған. Авторлар Қазақстанның агроөнеркәсіптік өндірісінің отандық ет саласы дамуының қазіргі заманғы деңгейі мал шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін кешенді пайдалану проблемасына түбегейлі жаңа көзқарасты талап ететінін атап өткен. Қайталама шикізатты қайта өңдеу жаңа өндірістерді дамытуға және шикізат сияқты дайын өнімнің де импортты алмастыруға ықпал ететініне негізделген, бұл өз кезегінде жаңа кластерлер құруға және Қазақстан экономикасы үшін дәстүрлі агроөнеркәсіптік кешен секторына инновациялық технологияларды тартуға мүмкіндік береді.
146-152 404
Аңдатпа
Цифрландыру тұжырымдамасын жүзеге асыру жағдайында Қазақстанда сүт саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралған. Экономикалық дамыған мемлекеттердің ауыл шаруашылығында сандық технологияларды енгізу тәжірибесі және оларды республикада қолдану мүмкіндіктері зерделенген. Авторлар таяу болашақта әлемдегі және шет елдердің экономикасындағы сандық экономиканың маңыздылығын атап өткен. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы жүзеге асыратын оны енгізу процесі, сондай-ақ интеграция жағдайында Қазақстан үшін осы тәжірибенің маңызы қарастырылған. Жүргізілген зерттеу Қазақстан Республикасының саланың инновациялық дамуын басқаруды жетілдіру есебінен сүт өндіру мен қайта өңдеудің айтарлықтай үлкен әлеуетіне ие екендігін көрсетеді. Осы мәселелерді қарастыру кезінде республикада цифрландыруды ілгерілету бағыттарын айқындайтын "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері ескерілген. Сүт өнімдері нарығының проблемалары, көбінесе сүт өнеркәсібі кәсіпорындары үшін шикізат тапшылығы және сүт өнімдерін өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу тізбегіндегі жоғары транзакциялық шығындар анықталған. Сүт өңдейтін кәсіпорындар үшін шикі сүт - шикізатының төмен сапасының себептері анықталған. Сүт саласында сандық ақпаратты қолдану бойынша іс-шаралар: компьютерлік бағдарламалар, GPS координаталар жүйесі, деректер қоры, цифрлау және карталау ұсынылған. Цифрландыруды енгізуді ескере отырып, ауылдық жерлерде еңбек нарығының жұмыс істеу ерекшеліктері атап өтілген.
153-159 243
Аңдатпа
Мақала бюджеттік дотациялардың (ұлттық аспект) ұсынылуына бақылау жасау және өндірушілердің кірісін қамтамасыз етуге, бөлшек сауда бағаларын оңтайлы деңгейде ұстауға бағытталған жалпы еуропалық шаралардың құраушысы болып табылатын ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлік нарықтарын ұйымдастыру мен реттеуге арналған. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың бағыттары мен әдістерінде ЕО елдерінің аграрлық саясаты елеулі айырмашылықтармен қаралған. Шет елдер ұлттық ауыл шаруашылығы бюджеттерінің жартысын құрылымдық саясатты қаржыландыруға пайдаланады: фермаларды жаңғырту және ірілендіру, топырақ пен басқа да ауыл шаруашылығы ресурстарының құнарлылығын арттыру, фермерлердің тиімді қызметі үшін жағдай жасау, өндірістік шығындарды қысқарту. Зерттеу нәтижелері негізгі астық өндіруші елдерде астық шаруашылығының дотациялық болып табылатынын көрсетті. ЕО елдері, АҚШ, Канада, Жапония, Үндістан астық өндіру технологияларын жетілдіруге айтарлықтай қаржы капиталын жұмсайды. АҚШ - та және ЕО-да қызмет көрсету саласын қолдау үшін қаражатты пайдаланудың басым бағыты - өнімді нарықтарға жылжыту болып табылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін ескере отырып, нарықтық қатынастар мен экономикалық ахуалдың ерекшеліктерін жан-жақты есепке алу кезінде жәрдемдесу, республиканың ДСҰ-ға кіруі және әлемдік экономикадағы астық пен нан өнімдерінің отандық нарығы үшін бәсекелі күресті қатаңдату жағдайында ерекше мәнділік пен өзектілікке ие болады.
160-166 471
Аңдатпа
Жасымық - ежелгі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірі, жан-жақты тағамдық, жемдік және техникалық түрде пайдаланылатын дақыл болып табылады. Жасымық дәндерін астық тағам өнеркәсібінде ақуыз препараттарын, шұжықтарды, консервілерді дайындау үшін, шоколад, кәмпиттердің, печеньелердің кейбір сұрыптарын дайындау үшін қолданылады. Қазіргі уақытта жасымық Қазақстанда, негізінен солтүстік аймақтарда өсірілуде. Авторлардың осы тақырыпқа негізделген қызығушылығы жасымықтың бағалы дәнді-бұршақты дақылдар болып табылатындығында. Оның өндірісі Қазақстан экономикасы үшін үлкен әлеуетке ие. Бұрын осы тауашалы дақыл ауданы 6-7 мың гектарды құраса, қазіргі уақытта ол - 250 мың гектарды құрайды. Мақалада жасымықтың әлемдік экспорты мен импорты қарастырылған, ТМД елдері мен Қазақстандағы кейбір аймақтық бәсекелестердің өндірісі талданған. Экспорт серпіні ұсынылған. Жасымықтың басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда өнімділікті арттыру мақсатында оның биологиялық және технологиялық ерекшеліктерін терең білуді талап ететіндігі анықталған. Соңғы төрт жылда авторлар жүргізген жағдайды егжей-тегжейлі талдау жасымық нарығының жеткіліксіз даму проблемаларын анықтады. Оларды жою бойынша ұсыныстар берілді. Жасымық нарығының қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешегі негізделген. Зерттеуде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ жеке әзірлемелердің материалдары пайдаланылған.
167-171 314
Аңдатпа
Авторлар республиканың ауылдық аумақтарын дамытудың өзекті мәселесін және осы процесті тежейтін факторларды қарастырады. Ауылды дамытудың ұйымдастырушылық, басқарушылық және экономикалық негіздерін көрсететін мәселелер аз зерттелгені, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық прогрестің басымдықтарына жеткіліксіз көңіл бөлінгені анықталған. Еліміздің көптеген ауылдық аудандары қиын жағдайға тап болғаны анықталған. Мұның себептері, ең алдымен, демографиялық жағдайдың нашарлауы, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану болады. Ауыл халқының экономикалық белсенділігінің көрсеткіштері, еңбекақы және жұмыссыздық деңгейі талданған. Ауылдық аймақтардың инфрақұрылым мәселелері көрсетілген, олардың ішінде ауылдық жерлерде орталықтандырылған жылумен және газбен қамтамасыз етуге қолжетімділіктің жеткіліксіздігі белгіленген. Авторлар агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік, нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында кәсіпорындар мен шаруашылықтарға инфрақұрылымдық қызмет көрсетудің біртұтас жүйесін қалыптастыру, қажетті қаржылық қолдаумен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің кооперациясын дамытуды, техника мен жабдықтарды, сервистік қызметтер мен кәсіпорындарды, дайындау және қайта өңдеу өндірістерін ынталандыру қажеттігін атап өткен. Аграрлық өндірістің ерекшелігін ескере отырып, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамыту саясаты неғұрлым сараланған болуы тиіс деген қорытынды жасалған.
172-177 229
Аңдатпа
Әлемдік стандарттарға сәйкес болу үшін республиканың ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғырту қажет. АӨК-де пайдаланылатын басқару моделдеріне балама "Жасыл" экономика қағидаттарын енгізу болуы мүмкін. Мақалада аграрлық сектордағы инновациялық қызметтің маңыздылығы мен ерекшеліктері қарастырылған. "Жасыл" технологиялардың рөлі көрсетілген. Аграрлық саладағы инвестициялық белсенділікті арттыру үшін автор несиелеу, инновациялық технологияларды енгізу негізінде инвестициялау бағыттарын ұсынған. Инвестициялық-инновациялық өсу перспективалары және елдің ауыл шаруашылығы саласының негізгі даму тенденциялары анықталған. Оның тиімді жұмыс істеуін тежейтін себептер көрсетілген. Инновациялық саланың көрсеткіштері зерттелген. ЖІӨ, экожүйеге инвестициялардың өсуіне әсер ететін факторлар анықталған. Осы мәселелерді шешудің практикалық қажеттілігі, саланы басқару әдіснамасы мен практикасы мәселелерін пысықтау зерттеулердің өзектілігін куәландырады. Ауыл шаруашылығына инвестициялық салымдардың динамикасы бойынша деректерді пайдалана отырып, автор негізгі капитал мен капитал қайтарымының құндық көрсеткіштерін есептеген. Қызметтердің жалпы көлемі мен негізгі қорларға инвестициялар арасындағы өзара байланыс анықталған. Корреляциялық-регрессиялық талдау әдісі қолданылған және "жасыл" экономиканың инвестициялық саласындағы мақсаттар мен міндеттерді орындауды қолдау моделі талданған. Экологиялық таза өнімдерді өндіруге инвестициялар ауқымының болжамы ұсынылған.
178-182 214
Аңдатпа
Ет өңдейтін кәсіпорындардың ролі және ауыл шаруашылығы шикізатының, өнімдері мен азық-түлігінің ұлттық және әлемдік нарықтарына қатысу үшін олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру көрсетілген. Қазақстанның мал шаруашылығының төмен өнімділігінің негізгі себептері - асыл тұқымды мал санының аздығы, оларды ұстаудың нашар жағдайы. Селекцияны жетілдіру, жоғары сапалы ет және сүт өнімдерін алу үшін азық тапшылығын жою шаралары белгіленген. Селекциялық жұмысты жетілдіру жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер анықталған. Автор негізгі мал басы бар бұрынғы асыл тұқымды мал зауыттары орталықтарға айналуы тиіс деп санайды. Түрлі өңірлерде қазақтың ақбас тұқымының көбейту үшін экстерьерлік-конституциялық түрлерін айқындау, бақылау-сынақ станцияларының қызметін жандандыру қажет. Жоғары сапалы ет және сүт өнімдерін алу үшін мөлшері әзірге мардымсыз, әртүрлілігі аздау мықты азықтық база қажет. Оны қалпына келтіру - азықтық ауыспалы егіс көлемін ұлғайту, азықтық дайындау мәселелерін шешу, елде құрама жем өнеркәсібін дамыту сияқты кешенді тәсілді талап ететін ұзақ үрдіс. Орта мерзімді перспективаға бағдарланған бірқатар мемлекеттік мақсатты бағдарламалар, атап айтқанда "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ іске асыратын "Қазақстан Республикасында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасы қабылданған.
183-189 229
Аңдатпа
Қазіргі жаһандану жағдайында елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешудің маңыздылығы артады. Бүкіл әлемде азық-түлікпен қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің негізі және экономиканың аграрлық секторын дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Меншікті азық-түліксіз мемлекеттік тұрақтылықтың қалған құрамдастары өзінің маңы- здылығын жоғалтады. Мақалада автор "азық-түлік қауіпсіздігі" ұғымының мәнін және оны қамтамасыз етудің қажетті шарттарын, оның ішінде физикалық және экономикалық қол жетімділікті анықтайды, сондай-ақ республика халқының тамақ өнімдерінің негізгі түрлерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін бағалайды. Азық-түлік тауарларын тұтыну құрылымын, ақшалай кірістерді, үй шаруашылықтарының шығыстарын, олардың сатып алу қабілетін сипаттайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2013-2017 жылдардағы статистикалық есептерінің көрсеткіштері келтірілген. Халықтың тағам өнімдерін тұтынуының сандық жеткіліктілігін анықтау үшін автор халықтың жан басына шаққандағы негізгі азық-түлік түрлерін өндіру деңгейін ҚР ҰЭМ бекіткен тұтынудың ұтымды нормаларымен салыстыруды ұсынған. Автор азық-түлік өнімдерінің экономикалық қолжетімділігі ең төменгі тұтыну себетінің құрамына кіретін азық-түлік өнімдерінің табыстары мен бағалары деңгейінде халықтың төлем қабілеті сұранысымен анықталғанын атап өткен.
190-196 570
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалану экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатына елеулі әсер етеді. Мақалада республиканың түрлі аймақтарындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымда пайдаланудың орындылығын салыстыру үшін оларды бағалаудың әмбебап өлшемдері қажет екендігі негізделген. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құндық деректерін, сондай-ақ топырақтың құнарлылық дәрежесін ескере отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыру мәселелері қаралған. Ұтымды жер пайдалануға әсер ететін негізгі факторлар анықталған және ALE (ағылш. agricultural land use efficiency) - ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тиімділігі, ол төрт ауыспалы функция: құндық құндық мәндегі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдері, ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы және топырақ құнарлылығының өлшенген критерийі болып табылады. Сондай-ақ, ауданның сандық сипаттамалары мен топырақтың құнарлылығын бір параметрде біріктіру, бір жағынан және оларды пайдаланудан қайтарымды бағалық білдіру ұсынылып отырған интегралдық көрсеткішті ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалаудың әмбебап құралы ретінде жасайтыны анықталады. Оны іс жүзінде қолдану еліміздің аймақтарындағы топырақ құнарлылығының әртүрлі айырмашылықтарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарына объективті баға беруге мүмкіндік береді. Автор жердің сапасы оның өнімділігіне, демек, ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсуіне айтарлықтай әсер етеді деген тұжырым жасаған.


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)