Preview
№ 2 (2018)

Аграрлық саясат: іске асыру тетігі

7-13 265
Аңдатпа
Мақалада ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қажетті жағдай жасау, ауылдың әлеуметтік-еңбек саласы және ауыл аумақтарын дамыту мәселелері көрсетілген. Мәселенің осылай қойылуы ауырлық орталығының берілуімен кадрларды ауылдық аумақтарға бекітудің дәстүрлі аграрлық мәселелері ауылдық жерлерді еңбек әлеуетін қайта өндірудің және қалыптастырудың ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін жаңа көзқарастардың қалыптасуын талап етеді. Еңбек ресурстарының ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысуына баға берілді, аграрлық сектордың кәсіби мамандарға деген сұранысы анықталды, олардың ауылға ағылуын ынталандыру, жұмыспен қамту факторларын және ауыл тұрғындарының табысын арттыру, өмір сапасын және оның деңгейін арттыру, экономикалық өсудің орталығы ретінде агроқалашықтар құру. Ауыл шаруашылығында еңбек әлеуетін тиімді пайдаланудың және ауылдық жерлерде елдің еңбекке деген белсенділігін ынталандыруды арттыруға ықпал ететін шаралар ұсынылған. Ауылдық жерлерде өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған ауыл экономикасын әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жағдайында еңбек ресурстарын пайдаланудың мүмкін болатын нұсқалары ұсынылды. Зерттеу ауыл тұрғындарының еңбек әлеуетінің ұдайы өндірісін, әсіресе жастар және аграрлық кадрлардың жағымды өзгерістерін объективті бағалауға, ауыл жастарының құндылық бағдарын қадағалауға, аз қамтылған еңбек ресурстарын тарту арқылы жұмыс орындарының қажеттіліктерін болжауға мүмкіндік берді.
14-19 268
Аңдатпа
Аграрлық секторды дамытудың мәселелері қарастырылған. Оны мемлекеттік қол- даудың ролі мен мәні көрсетілген. Ауыл шаруашылығын тиімді дамыту мемлекеттің теңгерімді экономикасына, азық-түлікпен қамтылуына әсер ететіні дәлелденген. Статистика- лық әдіс негізінде азық-түлік өндірісінің көлемі, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің деңгейі, негізгі капиталдың инвестициясы, мемлекеттік бюджеттен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, ұлттық экономиканың басым бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы саласына ғы- лыми зерттеулерді жүйелі түрде жүргізу тәсілдері көрсетілген. Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығын дамытумен байланысты мәселелер өзектендірілді. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту мәселелерін шешудің бағыттары анықталды және негіздел- ген қорытындылар жасалды.
20-27 292
Аңдатпа
ЕЭО интеграциялық үрдістер тұрғысынан республиканың ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері талданған. Аграрлық сектордың үстемдік етуімен және шикізат экспортына бағдарланған экономикалық даму үлгісі сыртқы проблемаларға ең осал болып келетінін айта кету керек. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік өндірісті қарқындатудың қазіргі заманғы моделін енгізу негізінде ғана оны пайдалану мүмкін болатын ауылшаруашылық өндірісінің елеулі әлеуетін меңгеретіндігі көрсетілген. Қазақстан және Ресейдің аграрлық салаларын дамытуды тежейтін өндірістің кішігірім сипатына, технологиялық артта қалуға, өнімдерді өңдеудің төмен деңгейіне, импортқа тәуелділікті сақтауға байланысты біркелкі факторлар анықталған. Бірыңғай кеден аумағында ауыл шаруашылығы өндірісінің артықшылықтары, тауарлар мен қызметтердің еркін айналымы тәуекелдері анықталды. ЕЭО елдерінде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қаржыландырудың көлемін өсіру үдерістері көрсетілген, бірақ жиі субсидиялаудың тиімсіз практикасымен. Аграрлық секторда интеграцияны дамытуды мемлекеттік реттеу бойынша арнайы бірлескен бағдарламалардың жоқтығына ерекше назар аударылған. Авторлар Қазақстан мен Ресейдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі интеграциялық үдерістердің объективтілігі мен орындылығы күмән тудырмайтынын мәлімдейді
28-33 300
Аңдатпа
Отандық өндірістегі еңбек өнімділігін арттыру есебінен азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелерін шешудің бағыттары қарастырылған. Атап айтқанда, республиканың азық-түлік тәуелсіздігіне, сондай-ақ өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша шаралар кешені ұсынылды. АӨК мемлекеттік реттеу бағыттары ұсынылды. Оның тұрақты дамуына кешенді талдау жүргізілді. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді. Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның деңгейіне әсер етуші факторлар анықталған. Саланың дамуына кедергі келтіретін тәуекелдер және олардың жағымсыз салдары анықталған. Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ішкі және әлемдік нарықтарда сұранысқа ие болатын, жаңа технологияларды қолдану - цифрлық экономикаға көшудің негізі ретінде өнім өндірісінің өсуіне ықпал етеді. Аймақтық агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді қызметінің мәселелері көрсетілген.
34-42 323
Аңдатпа
АӨК-гі инновациялық саясат агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігіне бағытталған. Мақалада аграрлық сектордың инновациялық үрдістер негізінде даму жолдары қарастырылған, олардың ерекшеліктері зерттелген, АӨК-гі инновациялар түрлерінің жіктелімі келтірілген, инновациялық белсенділікті арттыру шаралары ұсынылған. Республиканың аграрлық саласының инновациялық дамуы - әлемдік нарықтағы отандық агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Аграрлық сектордағы инвестициялардың салалық құрылымы талданды және агроөнеркәсіптік саланың бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өнімдерді өндіруге көшу негізінде инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары көрсетілді.
43-49 383
Аңдатпа
Азық-түлік қауіпсіздігімен, оның қолжетімділігімен және азық-түлік сапасымен қамтамасыз ету, азық-түлікке күтілетін сұраныстың өсуі мен халықтың өсуін ескере отырып маңызды сұрақ болып қала бермек. Жұмыста азық-түлік қауіпсіздігінің мәні мен крите- рийлері өзін-өзі қамтамасыз етумен, физикалық және экономикалық қолжетімділігімен, азық-түлікпен қамтамасыз етудің тұрақтылығымен, азық-түлікті тұтынумен талданады. Әр түрлі елдердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің салыстырмалы талдамасы жүргізілген. Республика халқының тамақтануы рациондардың теңгерімсіздігімен сипатта- латыны, әсіресе ең осал және аз қамтылған топтар үшін анықталған. Азық-түлік тәуелсіздігін арттыру мәселелерін шешу үшін аграрлық инновациялық жүйелерді құру мүмкіндігі көрсетілген. Шетелдік тәжірибе негізінде аграрлық саясаттың тиісті шаралары ұсынылған.
50-57 186
Аңдатпа
Агроөнеркәсіптік өндірісте инвестициялық белсенділікті арттыру үшін, автор неси- елеу, субсидиялау негізінде инвестициялау бағыттарын, инвестициялық жобаларды то- лыққанды бюджеттен қаржыландырудан оларды іске асыруға үлесті қатысуға көшуді, әзір- лемелерді қаржыландыруды іске асыруды, инновациялық технологияларды енгізуді ұсынған. Шетелдік инвестицияларды пайдалану ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жарғылық капиталына салым ретінде негізгі қорды жаңарту мен қайта құруға ықпал ететін мемлекеттік қарыз алу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Өндрістің тиімділігін арттыруды ынталандыратын, қайта құрылымдауды, нарықтық инфрақұрылымды дамытуды, стратеги- ялық маңызы бар салаларды және объектілерді қолдауға, сыртқы және ішкі нарықтарда бәсекелестік үшін алғышартты қалыптастырумен бекітілетін аграрлық азық-түлік сала- сындағы қаржы-несие саясатының рөлі белгіленген. Уақытша және тұрақты сипаты бар, ауылшаруашылық субъектілерінің меншікті және қарыз қаражаттары арасындағы нақтылы кредитор есебі кәсіпорындардың жиынтық қажеттіліктерін талдау негізінде кредиттік объектілерді таңдау бойынша міндеттер қарастырылған. Олар үшін негізгі мәселе - негізгі қорларды инвестициялау болып табылады.
58-66 214
Аңдатпа
Егістердің құрылымы мен үйлесіміне қатысты өндіріс бойынша ұсынымдар тіпті табиғи-экономикалық аймақтары бірдей жағдайда да әмбебап болмауы мүмкін. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға қатысты олар тек табиғи және экономикалық факторлар ғана ескерілген жағдайда ғана емес, сонымен бірге экономикалық тәуекелдерді және тауар өндірушілерге қатысты қарым-қатынастарды ескере отырып, тауар өндірушілер үшін олар өздерінің тәжірибелік құндылығына ие болады. Тиімді экономикалық құрылымдау осындай құбылыстарды сауатты түрде қолдану арқылы, әртүрлі өнім түрлерін өндіру нәтижелерінің ковариациясы ретінде негізделген. Сонымен қатар, тұрақтылық пен шаруашылық қызметінің экономикалық әсері арасындағы қарым-қатынас, әдетте, кері болады. Қоғамдық- экономикалық өмірді жан-жақты ақпараттандыру және цифрландыру жағдайында тек сол немесе басқа да экономикалық мәселелерді шешудің әдістемесін ғана емес, сондай-ақ компьютерлендіру мен талдау мен қабылданған шешімдерді автоматтандыруда маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылық саласын жан-жақты ақпараттандыру оның тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың қуатты қорларының бірі болып табылады. Мақалада ұсынылған тәуекелдер тұрғысынан шаруашылық субъектілерінің құрылымын оңтайландыруды және ауыл шаруашылық дақылдары егісін үйлестіруді компьютерлендірудің әдістемесі математикалық тәуекелдік моделіне негізделген. Есептеу алгоритмі MS Excel ортасында бағдарламаланады және процестің барлық кезеңдерін: бастапқы деректерді ұсыну, оларды модельге көшіру, оңтайлы шешімдерді іздеу, олардың нәтижелерін шығаруды қамтиды.
67-73 277
Аңдатпа
Жалпы танымалдылыққа ие «әлеуметтік кәсіпкерлік» түсінігі, оның критерийлері, ерекшеліктері қарастырылған. Осы мәселе бойынша білім деңгейін, республикадағы әлеуметтік кәсіпкерліктің даму тенденциялары, қазіргі жағдайы мен оны дамыту мәселелерін анықтау үшін елге сауалнама жүргізілді. Әлеуметтік кәсіпкерлік Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай қалаларында белсенді түрде дамуда. Оның басым бағыттары: халықтың осал топтары үшін жаңа жұмыс орындарын құру, қоршаған ортаны қорғау, білім беру қызметтері мен денсаулық сақтау саласындағы қызметтер болып табылатыны анықталған. Алайда, осы мәселені шешуді тежейтін көптеген факторлар: жетілмеген құқықтық негіздер, тендерлер туралы ақпараттың жетіспеушілігі, демеушілерді тартудың төмен деңгейі және т.б. бар.
74-81 232
Аңдатпа
Экономикалық тұрақтылық үшін қажетті, нарықтық инфрақұрылымды дамытуға, зияткерлік меншікті тиімді қорғауға, әкімшілік рәсімдерді қысқартуға қажетті шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының бағыттары көрсетілген. Бұл жағдайда нарық механизмі басымдықты белгілеуге мүмкіндік береді, мемлекет инновациялық шағын кәсіпкерлікті дамытуды түзетуді жүзеге асырады. Өңірлердің әлеуетінің құрамдас бөлігі ретінде инфрақұрылымды дамыту негізінде шағын кәсіпкерліктің кеңеюімен сипатталатын дамыған елдердің тәжірибесі ұсынылған. Шағын бизнестің экономиканың қарқынды ғылыми секторын және инновациялық қызметтің жоғары тиімді механизмін қалыптастыруға ықпал ететін ақпараттық, несие, маркетинг, патенттік және басқа қызметтерді ұсынатын ұйымдармен байланысқа шығуы қажет екендігі анықталды. Кәсіпкерліктің инфрақұрылымы инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін бір-бірін толықтыратын өндірістік және техникалық жүйелер жиынтығы ретінде көрсетіледі. Қазақстанда шағын бизнеске қолдау көрсету мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды элементі болып табылады. Мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын ұсынатын, сондай-ақ аумақтық басқаруды қолдау нысандарының мәні кешенді тәсілге ие.

Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігі

82-89 305
Аңдатпа
Өндірістің әлемдік даму үрдісі қарастырылған және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының негізгі көрсеткіштері келтірілген. Қазақстанда органикалық өндіріс 10 жылдан астам уақыт бойы өсіріледі, соңғы 5-7 жылдар бойы органикалық өнім нарығы қалыптасуда. Мақалада органикалық зығыр нарығын зерттеудің нәтижелері және оның бағалары туралы ақпараттар көрсетілген, агроқұрылымдардың ауыл шаруашылық өндірісінің органикалық әдісіне көшу бойынша ұсыныстары негізделген. Алматы және Қостанай облыстарында нақты шаруа қожалықтары мысалында зығыр мен алманың өндірісі үшін экологиялық және экономикалық тиімді жүйесіне көшу моделі ұсынылған. Модель жердің экологиялық жарамдылығын бағалаудан тұтынушыға өнімді өткізуге және қосылған құнды құруға дейінгі дәйекті операциялар тізбегінен тұрады. Өндірілетін өнім маңызды тұтынушылық сипаттамаларына ие болады: экологиялық, эстетикалық, әлеуметтік және т.б. Агроқұры- лымдардың органикалық өндіріс әдісіне көшу моделін жүзеге асыру ішкі агронарықтарда болатын эконогиялық таза өнімнің орнын толтыруға, органикалық азық-түлік өнімдерін және ауылшаруашылық шикізатын халықаралық нарықтарға экспорттау үшін мүмкіндіктер жасауға, қосылған құнға байланысты органикалық өндірушілердің табысын арттыруға ықпал етеді.
90-97 376
Аңдатпа
Қазақстандағы агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақты дамуының негізгі міндеттерінің бірі оның қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады. Мақалада соңғы жылдары республиканың агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік реттеу мәселелері қарастырылған. Аграрлық секторды дамытудың стратегиялық маңызы мен ерекшеліктері аймақтық деңгейде инвестициялаудың арнайы тәсілдерін әзірлеуді талап ететіндігі белгіленген. Саланың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі АӨК тұрақты дамуына ықпал ететін, аймақтық техникалық және технологиялық базаны жаңарту мәселелерін шешудің, ауыл шаруашылығындағы негізгі қорлардың тозу дәрежесін қысқартудың негізгі факторларының бірі ретінде инвестиция көлемі болып табылады. Пайда болу, бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастардың жиынтығы болып табылатын ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы құралдарының айналымының ерекшеліктері аграрлық сектор үшін негізгі қаржыландыру көздерін іздестіруді алдын-ала белгілейді. 2012-2016 жылдарға арналған республикалық агроөнеркәсіптік кешеннің қаржы ресурстарының құрылымы мен құрамына талдау жүргізіліп, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығыстары мен табысы арасындағы байланыс көрсетілді. Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржылық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Қазақстанның 2010-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы кәсіпорындарының бастапқы табыстарын қалыптастырудың негізгі көздері талданды.
98-109 374
Аңдатпа
Қаржылық сауаттылыққа арналған әдеби көздердің көбі дамыған елдердің экономикасының дамуын көрсетеді және зерттеулердің аз саны дамушы және транзиттік экономикаларға бағытталған. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, дамушы елдер Қазақстанның ауылдық жерлеріне республиканың экономикалық өсуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын осы мәселелерге көбірек назар аудара бастады. Алайда қолданыстағы бағдарламалар негізінен қалалық елді мекендерге бағытталған және көбінесе ауыл тұрғындарының шағын бөлігін ғана қамтиды. Сауалнама 2014 жылдың көктемінде Павлодар облысының төрт ауылдық ауданында өткізілді. Талдау және кейінгі зерттеулер негізіне 405 респондент туралы ақпараттар жатқызылды. Ауыл тұрғындарына жүргізілген сауалнама пайыздық мөлшерлеме, инфляциялық процесті түсінуді, ипотека сипатын және қаржылық қызметтер туралы сұрақтарға қатысты болды.
110-116 308
Аңдатпа
Қазіргі уақытта қазақстандық банктердің ауқымды ауыл шаруашылық жобаларын ұзақ мерзімді қаржыландыруға қаражаты жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу үшін, біздің ойымызша, исламдық сукук бағалы қағаздарын қарастырған дұрыс. Бұл қаржы құралы Ислам әлемі елдерінде және еуропалық банктік қауымдастықта кеңінен танымал. Мақалада сукук идеологиясы негізінде әзірленгенн Қазақстан үшін ірі ауылшаруашылық жобаларының қаржыландыру схемалары көрсетілген. Исламдық сукук бағалы қағаздары инфрақұрылымды және инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қаражат тартудың баламалы көзі ретінде Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығына үлкен қызығушылық танытты. Осы құралды пайдалану бағалы қағаздарды шығару саласында қолданыстағы заңнамаға айтарлықтай өзгерістер енгізуді талап етпейді, бұл сукукке тек ислам әлемі елдерінде ғана емес басқаларының да қызығушылығын туындатты. Исламдық қаржыландыру нарығы жыл сайын орта есеппен 15% өсіп отырады. Қазақстандық экономикаға сукуктың исламдық бағалы қағаздарын біріктірудегі жетекші рөлді отандық банктер сукук шығарындыларының жетекші ұйымдастырушылары ретінде ойнауы мүмкін, Қазақстандық компаниялардың консультанттары осы қаржы құралын қолданудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы және отандық экономикаға, оның ішінде Парсы шығанағы елдеріне инвестицияларды тартуға жәрдемдеседі.
117-124 292
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының аграрлық секторындағы микронесиелеудің ағымдағы жай-күйіне, сондай-ақ Республиканың аграрлық секторындағы жағдайды жақсарту бойынша қаржы саясатына талдамалық шолу жасалды. Микронесиелендірудің негізгі бағыттарын қалыптастыратын жағдайлар анықталды. Агроөнеркәсіптік кешеннің және кіші салалардың бөліктерінде жағдайды жақсартатын заманауи қаржылық реттеуді және микронесиелендіруді іске асыру механизмін құрудың жүйелік факторлары қарастырылған. Көптеген микроқаржылық ұйымдар міндетті кепілдікпен жеке және ипотекалық несиелер береді, бұл микронесиелік ұйымдардың өздері үшін тәуекелді азайтады, бірақ әлеуетті заемшылардың санын шектейді. Микронесиелер алуды қалайтын кіші кәсіпкерлердің тілегі жеткілікті кепілдік мүліктің болмағанымен шектеледі. Микронесие және микронесие беру ұйымына тән сипаттамалар белгілі бір әлеуметтік топтарға (көбінесе барлық қарапайым) бағдар беру, шағын несие беру, клиенттің мүдделерін барынша ескеретін қайтару стратегиясы. Микронесиелеу кезінде мұндай дәстүрлі емес түрі өте жиі топтық кепілдік ретінде пайдаланылады, яғни, несиелік топтардың қалыптасуы, олардың мүшелері алынған қарыздарды қайтаруға өзара кепілдік береді. Негізгі ұғым микронесие болып табылады, яғни несие құжаттарымен белгілі бір мақсатты топтар үшін белгіленген қарыздық қаражат өлшемі және олар қарыз алушыларға арнайы тәртіппен беріледі (немесе әдіснамамен). Осыған сәйкес, микронесиелер беру микронесие беруші және алушы болып табылатын экономикалық қатынастар жүйесі ретінде түсіндіріледі.
125-131 318
Аңдатпа
Лизингтік қатынастарды реттеудің негізгі мәселелері қарастырылған. Экономикадағы лизингтің және лизингтік қаржыландырудың рөлі көрсетілген. Лизингтік компаниялардың мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы лизинг нарығының негізгі параметрлері талданған. Қазіргі уақытта республикада лизингтік ұйымдардың төрт негізгі бағыты бар. Қаржылық лизингтік келісімдердің белгіленген құны анықталды, нарықтағы лизингтік компаниялар мен жалға берушілердің қызмет көлемі көрсетілді. Отандық лизингтің қазіргі жағдайы мен дамуының келешегі талданған. Лизингтік операцияларды дамытуға салыстырмалы талдау жасалды. Лизингтік қатынастарды басқарудың үш негізгі кезеңі анықталды. Лизингтің артықшылықтары және банктік несиеден айырмашылықтары көрсетілді. Соңғы жылдары бірнеше ірі лизингтік компания қазақстандық нарықтан кетіп қалды немесе лизингтік операцияларды қаржыланды- руын толығымен тоқтатты. Отандық инвесторлар - лизингтік қызметтерді жеткізушілердің маңызды әлеуеті және мемлекеттік құрылымдардың лизингтік қатынастардың дамуына ке- пілдік беру мүмкіндігі көрсетілді. Негізгі назар ұлттық экономикадағы лизингтер нарығын талдауға және қазақстандық лизингтік компаниялардың жаңа лизингтік мәмілелерінің көлеміне аударылады. Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметті жетілдірудің жолдары ұсынылған.

Азық-түлік өнімдерінің нарығы

132-138 319
Аңдатпа
Мемлекет қабылдаған шаралар азық-түлік өнеркәсібінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін, ішкі нарықта шетелдік өнімдердің көлемін азайтуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және қазақстандық өнімдерге сыртқы нарыққа шығуды кеңейтуге бағытталған. Отандық тағам өнеркәсібін дамыту, оны экономиканың жоғары тиімді және жоғары табысты секторына айналдыру халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін өте маңызды. Мақалада интеграциялық үрдістерді кеңейту контекстінде елдің тағам өнеркәсібінің даму проблемаларына қатысты авторлардың теориялық және практикалық зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Соңғы жылдардағы жалпы ішкі өнімнің деректері, шаруашылық қызметтің түрлері бойынша тамақ өнімдерін өндірудің негізгі көрсеткіштері, сүт және майдың отандық өндірушілерінің өндіріс көлемі келтірілген. Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібінің дамуы елдегі халық санының артуы, жоғары сапалы және әртүрлі азық-түлік өнімдерін тұтынуды арттыру жағдайында өзекті болып табылатыны белгіленген. Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабіеттілігін арттыру мақсатында тағам кәсіпорындарының тәжірибесіне өндірістің, менеджмент және маркетинг құралдарының тиімділігін арттырудың кластерлік қағидаларын енгізу қажет. SWOT-талдауды қолдану кластерлердің тиімді жұмысына және жоғары сапалы өнім өндірісіне кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтауға көмектеседі.
139-147 282
Аңдатпа
Экономиканың жаһандануы әлемдік экономикамен толығымен өзара әрекеттесе отырып Қазақстан үшін мүмкіндіктер жасайды. Сонымен бірге отандық тауар өндірушілерді қорғауды қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы нарықтарда астық өнімдері кешенінің кәсіпорындары үшін бәсекелестік жағдайларды жасау қажет. Әлемдік және мемлекеттік деңгейлерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ерекше рөлі көрсетілген, ол ең алдымен астықтың, азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерін өндірудің әлеуетті мүмкіндіктері есебінен қамтамасыз етіледі. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушыларының бірі ретінде қаржы ресурстарының айналымы, жұмыспен қамтылған жұмысшылар саны астық өнімдері кешенінің өндірістік-техникалық көрсеткіштері бойынша қарастырылған. Ауылшаруашылық және астықты қайта өңдеу кәсіпорындарының тұрақты дамуы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие екендігі атап өтілді, өйткені нан өнімдері Қазақстан халқының тамақтану құрылымының айтарлықтай үлесін алады. Әлемдегі және әрбір елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері ретінде өндіріс, ресурс және астық тұтыну, астық нарығының жай-күйі бөлек алынады. Отандық астық өндірісіндегі жағдай көптеген ішкі факторлардың әсерінің нәтижесі болып табылатыны белгілі, оның ішінде экспортқа және ішкі нарыққа астық жеткізілімдерін сатып алу бағасының арзандауы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне жоғары өндірістік шығындардың болуы көрсетілген.
148-154 422
Аңдатпа
Қазақстан бидай экспорттаушылардың ең ірісі болып табылады және әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді. Дәнді дақылдардың үштен бір бөлігі жыл сайын шетелдерге жіберіледі. Авторлар республиканың бидай нарығын сипаттайтын негізгі статистикалық көрсеткіштерді талдады, соңғы жылдардағы жағдайды және оның даму динамикасы көрсетілген. Көрсеткіштер елдің және өңірлердің орташа мәндерімен салыстыру арқылы ұсынылған. Бидай өндірісінің үрдісіне әртүрлі факторлар әсер етеді: ауа райы жағдайлары, агротехнологиялар, тұқымдарды молайту, мұнда қазақстандық бидай сапасының мәселесі маңызды болып табылады. Мақалада бидай нарығының орнықты дамуына кедергі келтіретін факторлар қарастырылады, олардың бастысы: өндірістің төмен рентабельділігі, техникалардың үнемі жаңаруы, айналым капиталы т.б. Авторлар республикадағы бидай алқаптарын қысқартудың себептерін, астық сапасының төмендеуін негіздеді. Қазақстандық бидайды бағыттар бойынша экспорттау динамикасы ұсынылған. Бидай экспорттаушы бола отырып, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін үнемі сапа көрсеткіштерін жақсарту қажет. Қазақстан бидай нарығының рентабельділігін арттыру үшін ресурстарға ие болады. Өндірушілер өздерінің пайдасы арқылы қажетті агротехникалық шараларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болу маңызды.
155-161 545
Аңдатпа
Агроөнеркәсіптік кешен үшін мал шаруашылығының негізгі мәселелері қарастырылған. Авторлар Ақмола облысының мал шаруашылығы саласының жай-күйін талдаған. Мал шаруашылығы өнімдерінің динамикасы көсетілген, атап айтқанда соңғы 6 жылдағы ІҚМ еті, мал басы санын арттыру үрдісі көсетілген. Мақалада келтірілген ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерінің санының динамикалық өсуі мал шаруашылығы саласының өнімдер өндірісінің көлеміне әсер ететін фактор ретінде көрсетілген. Ірі қара мал етін өндірушілер қақтығысатын негізгі мәселелер анықталған, олардың ішінде - әлсіз жемшөп базасы, шағын тауарлық өндіріс, өнімдердің төмен сапасы, ветеринарлық және санитарлық нормалардың сақталмауы және т.б. Экононометрикалық әдістерді қолдану арқылы авторлар бір факторлардың басқа факторлардың қалыптасуына әсерін зерттеді. Корреляциялық талдаудың негізінде ет өндіру көлемінің ІҚМ малдың санына тәуелділігі, жемшөптің болуы, 100 аналыққа төлдің шығуы, ірі қара малдың орташа тірі салмағы көрсетілген. Авторлар Ақмола облысындағы ірі қара мал етінің өндірісіне әсер ететін факторларды талдаған. Зерттеу негізінен жемшөп өндірісінің мәселелерін зерттеуге бағытталған. Мал шаруашылығы саласының мәселелері бойынша теориялық және практикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша қорытындылар жасалды және ұсыныстар әзірленді.
162-168 274
Аңдатпа
Ақтөбе облысындағы мал шаруашылығы секторының ағымдағы жағдайы көрсетіліп, оның даму мәселелері анықталды, оларды шешу жолдары анықталды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері өңірдегі саланы кеңейту факторы ретінде мал биржасын құру қажеттігін анықтады. Мемлекеттік қолдау шараларына қарамастан, бұл қызмет саласы мәселелі болып қалуда. Өсімділігі жоғары малдың жеткіліксіз саны, оның тұқымдық құрамын жетілдіру міндеті, жемшөп өндірісінің проблемалары, жануарлардың өнімділігінің төмендігі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жоғары технологиялардың жоқтығы саланың дамуына кедергі келтіретін негізгі себептер болып қала береді. Еліміздің аймақтарында алғаш рет әлемдік стандарттарға сәйкес келетін және заманауи цифрлық компьютерлік технологияларды қолдануға негізделген мал биржасын құру жоспарлануда. Нақты бағаны қалыптастыру, қазіргі заманғы логистикалық жүйені құру, мал шаруашылығы нарығының қатысушылары арасында іскерлік серіктестіктер шағын мал шаруашылығы фермаларын кең ауқымды шаруашылықтармен бәсекелесуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнімдерінің тауарлылығын арттыруға ықпал етеді. Нәтижесінде, олар қызметтерінің бағыттары бойынша мамандандыру үшін ынталандыру алады. Бұл Қазақстандағы және Ақтөбе облысындағы алғашқы мал биржасының осындай міндеттерін шешуі тиіс.
169-176 234
Аңдатпа
Қазақстанда сүт өндірісінің экономикалық аспектілері ұсынылған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, шығарылатын өнімге талдау жасалды және үй шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара малдың санының динамикасы көрсетілген, бір сиырдың орташа сүт өнімділігі көрсетілген. Салыстыру үшін, лактация кезінде жануарлардың барынша өнімділігі туралы шет елдердің деректері келтірілді. Саланы дамытудың кейбір мәселелері анықталды және сапалы және сандық талдау жасалды. Мақалада жануарлардың өнімділігіне әсер ететін үш негізгі фактор қарастырылады: малдың генетикалық әлеуеті, азықтандыру және күтім. Соңғы 5 жылдағы генетикалық ерекшеліктерге және деректерге негізделген, 100 сиырға арналған бұзаудың орташа кірістілігі талданды және тиімді тұқымдарды пайдалану механизмін енгізу ұсынылды. Отандық сүт өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған. Елдегі сүт саласының даму жағдайын ескере отырып, ЕЭО елдеріне ұқсас технологиялық процестерді автоматтандыру негізінде сүт өнеркәсібінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша ұсыныстар берілді. Қазақстанда 77,2% сүт халықтың үй шаруашылықтарында өндіріледі, авторлар оларды қызмет көрсету және өнімдерді өткізу мәселелерін шешу үшін кооперативтерге біріктіруді орынды деп есептейді.
177-184 377
Аңдатпа
Авторлар балық өнімдерін экспорттауға және импорттауға, елдің географиялық жағдайының артықшылықтарына, сондай-ақ дәстүрлі балық нарығының өсуіне баса назар аударған. Балық шаруашылығы саласының дамуының маңыздылығы, Қазақстанның экспорттық әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету көрсетілген. Республикадағы саланы одан әрі кеңейтудің проблемалары мен перспективалары анықталған. Балық шаруашылығының өнімдері және аквакультура өндірісінің көлемі талданды. Литва, Германия, Дания, Ресей, Польша, Канада, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Украина елдерінің шетелдік тәжірибесі зерделенді. Ішкі нарықта балық өнімдеріне деген сұраныс елдегі жалпы экономикалық жағдай, инфляция деңгейі, халықтың төлем қабілеттілігі, өндірістің көлемі, экспорт, импорт, балықты, теңіз өнімдерін сату, балық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ассортимент, өңделген балық өнімдерінің сапасы сияқты факторлармен анықталады. SWOT-талдау Қазақстандағы балық өнеркәсібінің әлеуетін бағалау үшін пайдаланылды.

Табиғат пайдалану экономикасы

202-208 683
Аңдатпа
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі салалардың бірі ретінде ауыл шаруашылығында жер мониторингі рөлі көрсетілді. 2017 жылға арналған жер мониторингінің нәтижелеріне талдау жүргізілді. Ақмола облысында 16 байқау пунктінің 15-нен -жыртылатын қабатында қара шірік құрамының азайғаны, жалпы азоттың, фосфордың және калийдің алмасуының төмендегені анықталған. Тұрақты экологиялық алаңдар мен жартылай стационар- лы жерлерді пайдалану арқылы жер мониторингісімен бірге, ГАЖ технологиясын қолдану ке- рек, атап айтқанда жерді қашықтықтан зондтау кезінде қолдану керектігі анықталған. Бүгінгі таңда аграрлық секторда бірқатар қызметтерге бірыңғай қол жеткізе алмайтын азаматтарға арналған жүйелер бар, олардың біреуі - жер кадастры болып табылады. ГАЖ технологияларын қолдану ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіні анықталды. Ауыл шаруашылығын цифрландыру өндіріс көлемін ұлғайтуға, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасайды. Ғарыштық суреттерге негізделген егістердің жай-күйінің динамикасы көрсетілген. Оларды талдау Ақмола облысының жер учаскесінің мысалында келтірілген. ГАЖ технологияларын қолдануға негізделген жер мониторингін одан әрі жетілдіру туралы қорытындылар жасалды.

Кооперацияны дамыту, өндіріс құралдарының нарығы

185-193 239
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіру, сақтау, өңдеу, маркетингті ұйымдастыру, оларды өндірістің негізгі құралдарымен қамтамасыз ету және қызмет көрсету мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктіру үдерісін дамытудың қажеттілігі мен ұйымдастыру-экономикалық алғышарттары анықталған. Ауылшаруашылық кооперацияның қолданыстағы нысандарын талдау, оның дамуына кедергі келтіретін факторлар, ауылшаруашылық кооперативтерінің қызмет түрлері бойынша мемлекеттік қолдау механизмі келтірілген. Шаруашылқтың кішігірім нысандарының ынтымақтастығының жағымды және жағымсыз бағыттары анықталды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіне өзгерістер енгізу ұсынылады: олардың қаржылық және несиелік сүйемелдеу жүйесін жетілдіру, ақпараттық және консультациялық қызметтерді жақсарту, ғылыми қолдау, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық үшін персоналды даярлау жүйесін нығайту және дамыту, ынтымақтастыққа қабілетті тараптар арасындағы экономикалық қатынастардың тиімді механизмін құру.
194-201 280
Аңдатпа
Республикадағы ауылшаруашылық кооперациясының қазіргі жағдайы, оны тежеуші факторлары, оны мемлекеттік қолдау нысандары және даму перспективалары қарастырылған. Шаруашылықтың кішігірім формаларының жұмыс істеу мәселелері, ынтымақтастық принциптері анықталған. Тұтыну кооперативтерін құрудың шетелдік тәжірибесі Канаданың, Ұлыбританияның, Швецияның, Данияның, Норвегияның, Финляндияның мысалында келтірілген. Алматы облысының кішігірім шаруашылық субъектілерінің ынтымақтастықтығын дамытуға кедергі келтіретін факторлар көрсетілген. Қызмет кооперативтерін құру және оларды агроөнеркәсіптік кешенде кеңінен қолдану қажеттілігі туралы дәлелденді. Ауыл шаруашылық кооперативтері қызметінің еңбек нарығында кедергілерді азайтуға, тауарлар мен қызметтерді өндіру саласына ықпал ететін бағыттары анықталған. Жүргізілген зерттеулер негізінде елімізде ауылшаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту бойынша шаралар ұсынылды.

Ауылдың әлеуметтік мәселелері

209-214 239
Аңдатпа
Еңбек нарығы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың көп қырлы, біртекті емес, динамикалық жүйесі ретінде еңбек өнімділігін арттыру мен тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми, техникалық, технологиялық және ақпараттық прогресті дамыту арқылы еңбек ресурстары нарығының рөлі арта түсуде. Тиімді өндіріс факторларының бірі еңбек әлеуеті болып табылады. Елде жүргізіліп жатқан аграрлық реформалар жедел шешімді талап ететін еңбек нарығын қалыптастыру және реттеу саласындағы маңызды мәселелерді анықтады. Мақалада ауыл шаруашылығының өндіріс көлемінің және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының төмендеуіне байланысты өтпелі кезеңінде айтарлықтай нашарлаған ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтудың мәселелері қарастырылған. Ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында жұмыспен қамтуды реттеудің. Ауылдық өңірлердегі жұмыссыздықты төмендету, ауыл тұрғындарының табысын арттырудың жаңа нарықтық тетіктерін әзірлеу және қолдану қажет болды. Талдау көрсеткендей, ауылдағы еңбек ресурстары ауыл шаруашылығының өнімді әлеуетінің негізгі элементі және аймақтың аграрлық секторының инновациялық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Қазақстанның көптеген өңірлері үшін типтік жағдайында, еңбек әлеуетін пайдаланудың тиімділігін төмендетуде, еңбек нарығының басқарылуын күшейту бағыттарының өзектілігіне ие болуда. Мақалада ауылдағы еңбек нарығын дамытуға, ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған шаралар ұсынылған.
215-224 302
Аңдатпа
Республиканың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары көрсетілген, ауылдық жерлердегі еңбек нарығындағы проблемалар зерттелген, өнімді және ұтымды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде оларды шешу жолдары зерттелген. Аграрлық салада еңбек нарығын реттеу механизмі, оның көрсеткіштері, көрсеткіштерге макроэкономикалық талдау жүргізілген. Қазіргі уақытта ауылдық жұмыссыздық мәселесі, соның ішінде ауыл жастарының жұмыссыздығы өзекті болып табылады. Ұлттық экономиканың индустриялық-инновациялық даму кезеңінде еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін әртараптандыру ауылдық жұмыс орындарын ұлғайтудың негізгі факторы болып табылады.

Жас ғалымдарға сөз

225-231 404
Аңдатпа
Қазақстан Республикасында нан және нан-тоқаш өнімдері нарығының даму ерекшеліктері қарастырылып, мәселелері талданады. Нан және нан-тоқаш өнімдері стратегиялық маңызы бар тауарларға жатады, ал тұтынушылар үшін басты қажеттіліктің және бастапқы сұраныс өнімдері болып табылады, сондықтан осы саланың жұмысын талдау өте өзекті болып табылады. Мақалада 2014-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нан өнімдері өндірісінің көлемінің динамикасы келтірілген. Осы сегментте экономикалық талдау жүргізілді, Алматы және Алматы облыстарында нан және нан-тоқаш өнімдері нарығында басым және негізгі ойыншылары анықталды. 2010-2017 жылдарға арналған «Алматынан» ЖШС нан-тоқаш комбинатының қызмет көрсеткіштеріне талдау жасалды, кәсіпорын кірістеріне елеулі әсер ететін факторлардың корреляциялық- регрессиялық талдауы жүргізілді. Көпфакторлық регрессиялық модель құрылды және регрессиялық статистиканың нәтижелерін экономикалық түсіндіру анықталды, келесі кезеңдерде қызмет болжанады, нан мен нан өнімдерінің сапасына әсер ететін факторлар анықталады. Нан өнімдерінің шығу үлесін арттыру нан пісіру өнеркәсібін дамытуға, халықты сау тағаммен тамақтанудыруды қамтамасыз етуге, елдің инновациялық дамуын жеделдетуге ықпал етеді.


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)