№ 4 (2019)
11-19 329
Аңдатпа
«Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы" АҚ және "Айдарбаев" ШҚ мысалында сүтті мал шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы мен дамуы қарастырылған. Авторлар экономиканың осы секторы кәсіпорындарының қалыптасқан проблемалары мен әлеуетіне баға берген. Осы субъектілердің қызметіне талдау ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша жүргізілген республиканың АӨК сүт саласы үшін модельдік шаруашылықтардың экономикалық тиімділігін есептеу Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мақсаттарға, міндеттер мен индикаторларға қол жеткізуге ықпал ететін сүт бағытындағы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін автоматтандыру бойынша технологиялардың трансфертін және бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Суалған сиырларды ұстауға және туғаннан бастап төлге дейін бір басын өсіруге арналған шығындар анықталған. Бағдарламаның бірінші кезектегі бағыттарының арасында - аграрлық өндірісті толық технологиялық қайта жарақтандыру бар. Әзірлемелердің өзектілігі сүт мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді салалық бағдарламасында қойылған міндеттермен расталады. Жүргізілген зерттеулер азық базасының қажетті деңгейіне, қоректік заттар бойынша жануарларды азықтандырудың теңдестірілген рационына, жоғары сапалы сүт өндірісін ұлғайтуға, сүт өнімдерін импортты алмастыруға, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін бәсекеге қабілетті сүт шағын кешенін тұрақты дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі Бағдарламаның мақсатына сәйкес келеді.
19-25 292
Аңдатпа
Ұлттық және өңірлік деңгейлерде аграрлық сектордағы экономикалық үдерістерді мемлекеттік басқарудың реттеуші әсерін бағалаудың (РӘБ) халықаралық тәжірибесі мен әсері, республика аймақтарының инновациялық дамуы зерттелген. Сала, аймақ және ел экономикасының инклюзивті өсуі үшін бағалау құралдарының рөлі мен мүмкіндіктері анықталған. Мемлекеттік құрылымдар қызметін реттеу сапасын қамтамасыз ету және нәтижелілігін арттыру үшін, ең алдымен, халықпен кері байланыстың болуы: қабылданған шараларды талқылауға мүдделі тұлғалардың тікелей қызметіне қатысты кең ауқымын тарту қажет екені көрсетілген. Агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді дамуын болжау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын, транзиттік әлеуетті арттырудағы, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейі мен сапасын арттырудағы ауыл шаруашылығы өндірісінің рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Автор кездесетін мәселелерді: РӘБ механизмін жетілдіруді қолдау қажеттілігі; қалыптасқан жағдайды шешудің баламалы тәсілдерін іздеуге жеткіліксіз көңіл бөлу; нормативтік актіні қабылдау аспектілерін талқылау үшін уақытты шектеуді атап өткен. Құжаттың әсер ету дәрежесіне (мысалы, ведомстволық) сүйене отырып, реттеушілік әсерді бағалауды (кеңейтілген стандартты немесе оңайлатылған) жүргізудің жіктемесін енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Интеграциялық үдерістерді күшейту жағдайында бұл құрал ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржылық қолдау шараларын қамтамасыз етуге, өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экспортқа бағдарланған өнім көлемінің өсуіне, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге, аграрлық өндірісте сындарлы қайта құруға бағытталған.
26-33 233
Аңдатпа
Қазақстанның және шет елдердің аграрлық секторында әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері зерделенген. Республиканың аграрлық саласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде оның маңызы анықталған. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі әлем мемлекеттеріндегі әлеуметтік кәсіпкерлердің тәжірибесі талданған. Талдау әлеуметтік, мәдени, экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған қызмет деңгейі әлемде жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетті. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлік құралдары мен механизмі дамыған елдер қатарына кірмейтін елдерде де белсенді қолданылатыны анықталды. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің әлеуметтік аспектілері көрсетілген және оның дамуының негізгі тежеуші факторлары: әлеуметтік салада кәсіпкерлікті қолдау үшін инфрақұрылымның болмауы және оның жұмыс істеу жүйесі, кредиттік ресурстардың жоғары құны, нормативтік-құқықтық базаның жетілмегені, демеушілерді тарту қиындықтары және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жоғары тәуекелдері анықталған. Республикада кәсіпкерліктің әлеуметтік бағыттылы үшін ашық және жайлы жағдай жасау қажеттілігі - отандық тәжірибедегі жаңа ұғым негізделген. Дегенмен, қазақстандық тәжірибе жинақталған және әлеуметтік миссия барлық мүдделі тараптар: кәсіпкерлер, мемлекеттік құрылымдар, қоғам қызметінің маңызды бағытына айналған. Кәсіпкерлік тәсіл мемлекеттің ауыл халқының әлеуметтік мәселелерін шешудегі маңызды құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
33-39 485
Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудасын талдауға арналған. Республиканың ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көрсеткіштері талданған. Аграрлық сектор тауарларының сыртқы сауда айналымын зерттеу барысында негізгі сауда серіктестері немесе импорттаушылар анықталған. ТМД елдеріне және әлемнің басқа мемлекеттеріне экспортталатын тауарлар құрылымындағы өзгерістерге талдау жасалған. Қазақстан экспортының құрылымында елеулі үлес алатын аграрлық өндіріс өнімдерінің негізгі түрлері анықталған. Соңғы бес жылдағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасы көрсеткіштерінің серпініне статистикалық шолу ұсынылған. Жүргізілген зерттеу ел экспортының жалпы құрылымындағы АӨК өнімдері экспортының үлесі шамалы екенін растады. Экспортталатын аграрлық өнімнің айтарлықтай бөлігі Достастық мемлекеттеріне және көршілес елдерге жіберіледі. Шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігі дәнді дақылдарға тиесілі. Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының экспортынан түскен жиынтық кірістердегі тауардың осы санатының үлесі 90 пайызды құрайды. Осылайша, сыртқы сауда қызметі, өткізу нарықтарын кеңейту, экспорттық жеткізілімдерді ұлғайту республика үшін отандық экономиканың өсу көзі болып табылады. Инновациялық өсудің болжамдарын құру және елдің агроөнеркәсіптік өндіріс саласындағы экономикалық саясатын модельдеу кезінде сыртқы факторды ескеру маңызды.
40-46 326
Аңдатпа
Отандық мал шаруашылығы өнімдері экспортының қазіргі жағдайы ұсынылған. Оның дамуының негізгі бағыттары талданған. Мал шаруашылығы салаларының экспорттық ресурстарын және олардың өнімдерін арттыру мәселелері анықталған. Импорттық жабдықтарды сатып алу, жаңа технологияларды игеру, тауарларды халықаралық деңгейге шығару үшін валюталық түсімдердің негізгі көзі ретінде осы саланың экспортқа бағдарланған азық-түлігін ұлғайту міндеттері зерттелген. Отандық еттің экспорттық әлеуетін және оны қайта өңдеу өнімдерін әлемдік нарықта пайдалануды тежейтін факторларға талдау жасалған. Жоғары қоректік және дәмдік қасиеттерімен, экологиялық тазалығымен ерекшеленетін мал шаруашылығы салаларының отандық өнімдерінің бәсекелестік артықшылықтары қарастырылған. Қазақстандық азық-түлік тауарларының осы сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудің өзектілігі көрсетілген. Бұл әсіресе, әлемдік нарық өнеркәсіптік өндірістің әртүрлі тағамдық қоспалары бар азық-түліктерге толы заманауи жағдайларда өте маңызды. Экологиялық таза азық-түлік өнімдерінің жаңа нарықтарын іздестіруге негізделген мал шаруашылығы өнімдері импортының үрдістері анықталған. Қазақстанның орасан зор табиғи жайылымдары мен шабындықтарымен, малдың табиғи жайылуымен шет елдерге сапалы ет және жоғары асқорыту қасиеттері бар өнімдерді жеткізудің әлеуетті мүмкіндіктері қарастырылған. Әлемнің мемлекеттері бойынша отандық ет экспортының негізгі бағыттары негізделген, онда сала өнімінің бәсекелестік артықшылықтары қамтамасыз етіледі. Жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ет өнімдерін сыртқы нарыққа шығару көлемін өсіру үшін жағдай жасау бойынша республиканың міндеттері айқындалған.
47-54 241
Аңдатпа
Бәсекелестік талдау жүргізу қажеттілігі және АӨК саласындағы кәсіпорынның бәсекелестік стратегиясының өндіріс тиімділігінің негізгі факторы ретінде маңыздылығы көрсетілген. Аграрлық сектордың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бәсекеге қабілеттілік қатері анықталған. Қазіргі жағдайдағы аграрлық өндірушілердің бәсекелестік қатынастарының ерекшеліктері зерттелген. Азық-түлік нарығы жүйесінде бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастырудың алғышарттары талданған. Бәсекелестік ортада кәсіпорын қызметінің мониторингін түсіну мен қолдану тәсілдерінің бірқалыпты еместігі анықталған. Әр түрлі ғалымдардың пікірінше, "бәсекелестік талдау" терминінің тұжырымдамалары, олардың синонимділігі мен ұқсастығы нақтыланған. Зерттеушілердің бәсекелестік позициялаудың мәні ұғымына көзқарасы жүйелендірілген. Бәсекелестердің әлеуетін талдаудың төрт бағыты: біріншісі - бәсекеге қабілеттілік туралы түсінік шеңберінде оның жекелеген үрдістері мен мақсаттарын нақтылауға әрекет ету; екіншісі - бәсекелестік артықшылықтарды маркетингтік зерттеумен байланыстыру; үшіншісі - бәсекелестік талдау маркетингтік қызметтен тәуелсіз зерттеу рәсімі ретінде түсіндіріледі; төртінші - кәсіпорынның және қолжетімді нарықтардың бәсекелестік жағдайын жан-жақты зерттеу субъектінің рентабельділігін арттыру үшін шешімдер әзірлеу мақсатында талдамалық процесс ретінде қарастырылады. Кәсіпорынның бәсекелестік ұстанымдарын бағалау жүйесі қалыптастырылған. Бәсекелестік саясатты жүргізудің басты мақсаты негізделген және міндеттері белгіленген. Аграрлық кәсіпорындардың бәсекелестік стратегияларының жіктемелік схемасы ұсынылған.
55-61 290
Аңдатпа
Авторлар өңірлердің даму параметрлерін, олардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау кезінде салалардың, қызмет түрлерінің, айтарлықтай мүмкіндіктері бар аумақтардың пайда болатынын, аграрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты жоспарланған кеңейтуді іске асырудың нақты мақсаттары мен шараларын анықтайды. Агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық дамуын қамтамасыз ететін негізгі міндеттердің бірі алынған нәтижелер мен ғылыми-техникалық әзірлемелердің әлеуеті арасындағы айырмашылықты түзету кезінде инновациялар қорын қалыптастыру және оларды өндірісте игеру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылатыны атап өтілген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішкі резервтерін арттыру мен нығайтудың келісілген және дәйекті саясатына қол жеткізу үшін инновацияларға байланысты түрлі бағдарламаларға ықпал ететін тиімді шетелдік байланыстар қажет екені анықталған. Жаһандық цифрлық желілер мен ақылды фермалар, генетика мен селекцияның жаңа жетістіктері ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық базасына айналады. Мақалада электрондық ауыл шаруашылығы тұжырымдамасы көрсетілген, ол үш элементпен ұсынылуы мүмкін, жиынтығында аграрлық секторды электрондық секторға айналдырады. АӨК-дегі ақпараттық-компьютерлік технологиялардың рөлі көптүрлі және ауылдық тауар өндірушілер қызметінің көптеген бағыттарынан көрінеді. Олардың ішінде ең перспективалысы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік өндірісінің жұмыс істеуі - мал шаруашылығында ұзақ мерзімді инновациялық жобаларды енгізу (сүтті және етті мал шаруашылығы, етті құс шаруашылығы, етті қайта өңдеу кешендерінің құрылысы, марал шаруашылығы мен ара шаруашылығын дамыту болады.
62-68 195
Аңдатпа
Инновациялық процесс ғылыми әзірлемелер негізінде инновациялық технологияларға нақты идеяларды қайта құрудың бірыңғай және үздіксіз ағыны ретінде қарастырылған. Автоматтандыруға, компьютерлендіруге, цифрлық платформаларға негізделген технологиялық жаңалықтарды енгізе отырып, экономиканы табысты жаңғыртуды жалғастыратын индустриялық дамыған елдердің тәжірибесі ұсынылған. Көптеген мемлекеттерде аграрлық сектордың тиімділігін арттыруға, оның шығындарын төмендетуге және шаруашылық жүргізуші субъектілер кооперациясының жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық үлгілерді пайдалану есебінен ауыл шаруашылығындағы және аралас салалардағы процестерді цифрландыруға ақпараттандырудан көшу жүзеге асырылғандығы көрсетілген. Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құру шеңберінде ІТ-тех- нологиясына, оның ішінде нақты егіншілік және Smart-фермалар әдістеріне бизнесті тарту үшін жағдайларды кеңейте отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін жеке қазақстандық геодезиялық желі мен геопортал ұйымдастыру жоспарланып отыр. AgroBiz.kz - екі жарым жыл жұмыс істеп тұрған көпфункционалды аграрлық интернет-портал фермерлерге, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, ауылдық округтерге, ғалымдар үшін бірыңғай база құруға, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарымен байланысты жеңілдетуге мүмкіндік берді. Қазақстанда кәсіпорындар нақты егіншілік элементтерін енгізуде, электронды карталар мен онлайн-мониторингті пайдаланылуда, өндірістік емес шығындар мен мерзімдерді қысқартумен егістік және егін жинау жұмыстарын бақылауды жүзеге асыруда, бұл еңбек өнімділігінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді.
68-75 342
Аңдатпа
Экономиканы басқару әдісі - арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) құру талданған. Оларға тән ерекшеліктері мен негізгі белгілері анықталған. Өңірді жедел дамыту, республиканың АӨК-нің әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары құрылымдар құру, тауарлардың жаңа түрлерін өндіруді игеру, олардың сапасын жақсарту және ассортиментін ұлғайту, инвестициялар тарту мақсатында осы экономикалық саланың маңызы қарастырылуда. Аумақты кеңейту ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мұнда жаңа кәсіпорындарды орналастыруға мүмкіндік береді. Еркін экономикалық аймақтардың әлемдік рейтингісіне енген "Оңтүстік" АЭА ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға, берілген жеңілдіктер негізінде, соның ішінде мақта шаруашылығы саласында мамандандырылған шаруашылықтар санының өсуіне бағытталған. Аграрлық өндірістің көрсеткіштері ұсынылған және жұмыс істеп тұрған объектілер арасындағы кооперациялық байланыстарды іске асыруда, әлеуметтік - экономикалық проблемаларды шешуде маңызды құрамдас болып табылатын "Оңтүстік" мамандандырылған экономикалық аймағының одан әрі қызметінің бағыттары негізделгендігі ұсынылған. Авторлар елдің оңтүстігінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кластерін құру импортқа тәуелділікті төмендетеді және экспортты арттыруға ықпал ететінін айтады, бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнім көлемін, республика халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мен жұмыссыздықты қысқартудың шешуші және қозғаушы факторы болып табылады.
76-85 486
Аңдатпа
Жамбыл облысының табиғи аймақтары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын орналастыруға талдау жасалған. Жиналған өнімнің өнімділігі, өзіндік құны және өндірістің тиімділігі талданған. Олардың индекстері есептелген, олар физико- географиялық шекаралар бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің орналасқан жеріне қатысты ұсыныстарды әзірлеуге негіз болады. Мал шаруашылығы салаларының аумақтық орналасуына ұқсас баға берілген. Жануарлардың жекелеген түрлерін өсіруде, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде және тұтастай алғанда өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары бойынша агроөнеркәсіптік кешенде мамандандырудың перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік берген жануарлардың өнімділік индекстерін, өнімнің түрлері мен бәсекеге қабілеттілігі бойынша өзіндік құнын есептеу көрсетілген. Облыстың аграрлық секторы дамуының жалпы үрдістері анықталған және демографияның өзгеруін және басқа факторларды ескере отырып, азық-түліктің негізгі түрлеріне сұраныс болжамы берілген. Табиғи-климаттық жағдайлар бойынша Жамбыл облысының аумағы үш аймаққа: шөлді, тау бөктеріндегі-шөлді-далалы және ортаазиялық таулы болып бөлінеді. Зерттеу барысында олардың жалпы алып отырған аумағы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының көлемі анықталған, олардың жалпы өндірісі, өндіріс шығындары, сату бағасы анықталған. Мақала 267 бюджеттік бағдарламаның, 101 кіші бағдарламаның зерттеу нәтижелері бойынша жазылған, тақырыбы: "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының мамандану аймақтарын ескере отырып, табыстылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамтамасыз ететін олардың қызметінің оңтайлы көрсеткіштерін (өнімнің өзіндік құнын) анықтай отырып, мамандандырылған аграрлық құрылымдардың экономикалық модельдері".
86-93 258
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында адами капиталдың дамуының қалыптасқан жай-күйі зерттелген. Қазіргі уақытта адам қорының әлеуеті ғылымдағы инновациялар мен өндірістік технологияларды индукциялайды,бұл қызметкерлерді кәсіби даярлауға қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігін тудырады. АӨК-дегі адами ресурстардың ерекшеліктері саланың ерекшелігімен және ондағы ұдайы өндіру процесінің ерекшеліктерімен байланысты екені анықталған. Тіркелген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер санының экономиканың аграрлық секторында жұмыспен қамтуға әсері талданған. Республикада ауыл шаруашылығы құрылымдарының өсу үрдісіне қарамастан, соңғы жылдары ол айтарлықтай азайғанымен, жұмысқа орналастыру мәселесін шешу өзекті және уақтылы болып қалуда. Аграрлық салада жұмыспен қамтылған халықтың төмендеу серпініне жалақының төмен деңгейі; жалпы жұмыспен қамтудың қысқаруы; ауылдық аумақтардан қалаға еңбекке қабілетті тұрғындардың ағуы әсер етеді. Авторлар аграрлық өндірістегі адами фактор экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттер кешенінен бөлек қарастырыла алмайтынын атап өткен. Әртүрлі елдердің агроөнеркәсіптік кешендегі бір қызметкерге қосылған құнның талдауы берілген, ол Қазақстанның әлемнің басқа мемлекеттерінің арасында елу бесінші орында тұрғанын айғақтайды. Зерттеулер аграрлық секторда адами капиталды пайдаланудың қанағаттанғысыз құрылымы, жұмыс күшін ұстауға жұмсалатын жоғары емес шығындар, оны еңбек нарығында тиімсіз пайдалану туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
93-101 207
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығын ақпараттандыру ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және өзінің ғылыми қамтамасыз етілуі, техникалық базасы, ұйымдық инфрақұрылымы мен кадрлары болуы тиіс. Мамандардың бағалауы бойынша, әлемнің әр түрлі елдерінің аграрлық саласында білімді берудің кең тараған ұйымдық нысаны ақпараттық-консультациялық қызметтер (АКЖ) болып табылады, олардың міндеті - тиімді шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру. Авторлар көптеген мемлекеттер ғалымдарымен танылған АКЖ жұмысының түрлерін қарастырған. Аграрлық өндірісті дамытуға тікелей әсер ететін ақпараттық-консультациялық жүйенің экономикалық тиімділігін бағалаудың әр түрлі тәсілдері көрсетілген. АКЖ құрылымын жетілдірудің екі негізгі бағыттары талданған: оның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмыс істеуіне әсері, олардың қызметінің нәтижелері; оның қызметкерлерінің қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мүмкіндігі. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларында жаңа технологияны енгізуден тиімділік есебінің авторлық түсіндірмесі берілген, бұл ретте уақыт бойынша консультациялық практикадан қайтарым тез болады және демек, барлық мүдделі тараптар күтілетін нәтижеге қол жеткізеді. Республиканың аграрлық секторындағы ақпараттық-консультациялық жұмыстың жаңалықтарын пайдалану жолдары белгіленген. Бұл, ең алдымен, ұсынылған ақпаратты есепке алуды, өткізілетін консультациялар мен іс-шараларды, сондай-ақ АКЖ нақты және әлеуетті клиенттерінің пікірлері мен көзқарастарын әлеуметтік зерттеуді тұрақты негізде ұйымдастыру, яғни кері байланыс орнату қажеттілігі болып табылады.
102-110 325
Аңдатпа
Құс шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайға баға берілген. Оның одан әрі өсуін, тиімділігін арттыруды тежейтін себептер анықталған. Құс шаруашылығы кешенін жаңғыртуға ықпал ететін экономикалық және ұйымдастырушылық факторлар анықталған. Республиканың құс шаруашылығы қызметін мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген. Осы саланың даму деңгейі және құс шаруашылығы жүйесі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыруға бағытталған стратегиясы көрсетілген. Осы аспектілерді егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында факторлық талдау негізінде өнім өндірісін ұйымдастыру ұсынылған. Құс шаруашылығы өнімдерінің нарығы зерттелген. Шығарылатын және сатылатын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мәселелері белгіленген. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуге бағытталған өңірлер бөлінісінде құс шаруашылығы саласының жұмыс істеуінің экономикалық тетігін оңтайландырудың басым бағыттары негізделген. Өндіріс көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ететін интеграцияланған құс шаруашылығы құрылымындағы экономикалық қатынастардың тиімділігі қарастырылған. Қазақстанның құс шаруашылығы құрылымдарын жетілдіруге әдістемелік тәсілдер ұсынылған және сынақтан өткізілген. Республиканың инновациялық экономикасы жағдайында құс шаруашылығында ішкі салалық әртараптандыруы нақтыланған, АӨК құс өнімдері шағын кешенінің тиімді қызметін арттыру үшін азық-түлік және технологиялық маркетингті сынақтан өткізу жолымен өнім шығару ауқымын кеңейту мақсатында құс шаруашылығы кәсіпорындарында жоғары өнімді жаңа енгізілімдер кешені негізінде өндірістік процестерді трансформациялау ғылыми негізделген.
110-115 375
Аңдатпа
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың рөлі, оның жағдайы, мәселелері мен перспективалары көрсетілген. Зерттеу көрсеткендей, оның республика үшін маңызы зор, өйткені балық еті елде және шетелде үлкен сұранысқа ие болуда. Кәсіптік балық шаруашылығы 3 млн га пайдаланды, балық өнімдері адам денсаулығы үшін пайдалы және жеткілікті табысқа ие. Балық саласын мемлекеттік қолдау қажеттілігі байқалады. Балықшылар табиғи су көздерінен балық аулаумен ғана шектеледі, бұл оның қорын төмендетеді. Авторлар қоршаған ортаны қорғау және балық өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру жолдарының бірі - акваөсіруді дамыту екенін айтады. Балық шаруашылығы кешенінің мәселелері: кейбір көлдер сарқылуда, акватория азаюда; акваөсіру бойынша мамандардың жетіспеушілігі анықталған. Жыл сайын ихтиологиялық мамандыққа мемлекеттік гранттар бөлінеді, алайда жас мамандар балық өсірумен (көбейтумен) байланысты кәсіпорындарда жұмыс істеуге ұмтылмайды немесе тиісті біліктілігі жоқ. Бұл сектор сыртқы және ішкі ортаның тұрақсыздығының әртүрлі факторларының теріс салдарына аса бейім болатыны көрсетілген. Сондықтан Қазақстанда акваөсіру аясын кеңейту перспективаларын бағалаудың өзектілігі күмән тудырмайды. Отандық акваөсірудің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі қарастырылған.
116-122 345
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында айналым қаражатын пайдалану мәселелері қарастырылған, оның ерекшеліктері анықталған. Өсімдік шаруашылығы саласына қарағанда мал шаруашылығы үшін салымдардың үлкен біркелкілігі тән, алайда мал шаруашылығы шағын кешенінде өндірістік циклдарға капитал салудың белгілі бір бірізділігінің жоқтығы анықталған. Әр түрлі шаруашылық субъектілерінің материалдары бойынша мал шаруашылығы бағытындағы шаруашылықтардың, түскен ақшаға, оның жұмсалуына, сондай-ақ аванстық құн айналымына айтарлықтай әсер ететін өндірістік мамандануы талданған. Өсімдік шаруашылығындағы айналым капиталын пайдаланудың ерекшелігі осы саладағы айналымының ұзақтығы топырақ-климаттық және биологиялық факторларға байланысты, соңғылары тұқымдардың егістік сапасын, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық ерекшеліктерін, оларды өсірудің әр түрлі кезеңдерінің ұзақтығын қамтиды. Шаруашылық қызметті қаржыландыруға арналған пайдаланылатын ақша қаражатының жоғары тиімділігі мен төмен өзіндік құны олардың көлемі аз өндірістік процесті жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні, демек тұтыну рентабельділігінің артуы көбінесе нақты ауыл шаруашылығы кәсіпорнындағы еңбек тәртібінің деңгейімен, сондай-ақ аграрлық сектордағы менеджменттің логистикалық құрамдас бөлігінің дамуымен байланысты материалдық және еңбек ресурстарының салыстырмалы аз шығындалуымен анықталған. Авторлар нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруға, оған АӨК өнімдерін жаппай өндірушіге қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
123-127 525
Аңдатпа
Экономиканың аграрлық секторындағы нарықтық өзгерістер және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызмет мәселелерін шешуде дербестік беру экономикалық бақылаудың жаңа түрлерін қолдану қажеттілігін талап етеді. Нарық жағдайында аграрлық саланың өндірістік объектілерінің жұмыс істеуіндегі оның тиімді және перспективалық түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау - аудит болып табылады. Авторлардың айтуынша, коммерциялық аграрлық кәсіпорынның негізгі мақсаты өнім (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатудың төмен шығындары кезінде өз қызметінен барынша пайда табу болып табылады. Сондықтан кірістер, шығыстар және қаржылық қорытындылар сыртқы аудит, ішкі шаруашылық бақылау және шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару жүйесінің негізгі элементтерін білдіреді. Мақалада аграрлық бейіндегі кәсіпорындарда аудит жүргізу тәртібін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Құжаттардың дұрыстығын, оның толықтығын, қолданыстағы заңнамаға және белгіленген нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында бухгалтерлік есепті, бастапқы құжаттардың есебін және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кірістерін қалыптастыру туралы басқа да мәліметтерді тексеру аудит көмегімен АӨК құрылымында жүзеге асырылуы тиіс. Қаржылық нәтижелер аудиті кезіндегі ақпарат көздері: ұйымдық-өкімдік куәландыратын материалдар, бастапқы құжаттама; аналитикалық және синтетикалық есеп тіркелімдері; есептілік: бухгалтерлік баланс, пайда мен шығындар, капиталдың өзгерістері туралы есептер. Мақалада ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында сонымен қатар заңнамалық тұрғыда, аудиторлық бақылауды ұйымдастыру тәртібі қарастырылған.
128-133 258
Аңдатпа
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің экономикалық тетігінің теориялық негіздері және Қазақстандағы аграрлық өнім өндірісінің табиғи және экономикалық жағдайларын ескере отырып, оны мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі жинақталған. Шетелдік және отандық тәжірибе қарастырылған. Мақалада Ақтөбе облысында мал басының өсу серпіні, бюджеттік субсидияның артуы талданған. Осы зерттеу негізінде "Құлан", "Алтын асық", "Сыбаға", "Ырыс" салалық бағдарламалары бойынша республикадағы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар үлесі, асыл тұқымды малдарды сатып алудың мәселелерінің шешіміне, асылдандыру жұмыстарының нәтижелерін жақсартуға елеулі дәрежеде ықпал ететіні анықталған. Авторлардың мәліметтері бойынша, мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің ұлғаюына қарамастан, халықтың ет және ет өнімдерін тұтынуының өсуіне байланысты оның көлемі жеткіліксіз. Мал басының едәуір саны мал дәрігерлік және зоотехникалық қызмет көрсету деңгейі төмен, малдардың өнімділігі төмен генетикалық қасиеттері бар жеке қосалқы шаруашылықтарда орналасқан. Жыл сайын ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және оны қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындарды пайдалануды енгізуге мүмкіндік беретін облыстың агроөнеркәсіптік өндірісіне инвестициялау көлемі көрсетілген. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында шағын бизнесті дамыту кезеңдері және оның негізгі қозғаушы факторлары ұсынылған. Шағын кәсіпорындар тауарлардың, әсіресе мал шаруашылығы өнімдерінің импортын алмастыруда елеулі рөл атқаруы тиіс, бәсекелестікті кеңейтуге ықпал етеді. Тұтыну сұранысының өзгеруіне неғұрлым икемді әрекет ете отырып, олар жергілікті шикізат көздерін пайдалана алады, өңірлік қажеттіліктерді толық есепке алады, халықтың барлық топтарын жұмысқа орналастыру үшін қолайлы алғышарттар жасайды.
134-141 251
Аңдатпа
Авторлар сыртқы экономикалық қызмет тұрғысынан азық-түлік индустриясы мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына талдау жасаған. Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында интеграциялық экономикалық процестердің негізгі мәселелері анықталған. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі тауар топтары бойынша ЕЭО елдерімен Қазақстанның мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары экспорты мен импортының құрылымы ұсынылған. Азық-түлік өндірісі салалаларында кластерлерді қалыптастырудың перспективалы бағыттары қарастырылған. Аграрлық сектор мен тағам өнеркәсібі өнімдерінің көлеміне салыстырмалы талдау жасалған. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің арасында республиканың тағам өнімдерінің экспорты мен импорты географиясының кестесі түрінде түсіндірулер көрсетілген. АӨК қолдау бойынша Мемлекеттік бағдарламалар аясында аграрлық өндірісті дамыту мәселелері мен бағыттары белгіленген. Республиканың тағам индустриясының мемлекет субсидиялайтын салаларының тізімі зерделенген. Азық-түлік өнімдері мен сусындарды өнеркәсіптік өндіру серпіні мен индекстеріне талдау жасалған, олар айтарлықтай дәрежеде ауыл шаруашылығы мен экономиканың тағам секторының дамуына байланысты болады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін 2027 ж. дейін жетілдірудің ұзақ мерзімді бағыттары жеті басым салалары бойынша қарастырылған. Авторлар ЕЭО аясында АӨК-нің жұмыс істеуінің макроэкономикалық әсерін бағалау үшін ішкі және сыртқы нарықтардың қажеттіліктерімен бірге саланың дамуына назар аудару қажет екенін атап өткен.
142-148 336
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы ұн өндірісі мен экспортын белсенді түрде арттыруда. Мақалада республикадағы ұн тарту өнеркәсібінің дамуы қарастырылған. Авторлар соңғы 5 жылда саланың мәселелерін талдап, шет елдермен ынтымақтастықтың келешегін, мемлекеттің экспорттық саясатын көрсету мақсатын алға қойған. Ұн тарту өнімдерін өткізу саласында республика зор әлеуетке ие, өйткені оған Орталық Азия аймақтары елдерінен негізгі импорттаушылардың жоғары сұранысы орын алады. Әлемдік нарықтағы ұн тарту өнеркәсібінің позициялары біршама төмендеді. Тұтынушы-мемлекеттер өз өндірісін дамыту мақсатында жоғары сапалы қазақстандық астықты өз бетінше өңдеуге ұмтылады, сол арқылы қосымша жұмыс орындарын құра отырып, бұл өз кезегінде Қазақстандағы ұн тарту кәсіпорындары санының төмендеуіне алып келді. Авторлар әлемдік нарықтағы ірі ұн экспорттаушыларына талдау жүргізген, сондай-ақ шығарылатын өнімді көрші елдерге өткізу нұсқалары зерттелген. Мақаланы жазу кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) болжамды деректері, астық жөніндегі халықаралық кеңес есебінің материалдары, Қазақстан Республикасының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері пайдаланылды. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша авторлар осы сала қызметінің нәтижелерін одан әрі зерттеу үшін бағдар болатын қорытынды жасады.
149-155 289
Аңдатпа
Қазақстанның әлемдік астық нарығындағы орны анықталған. Оның азық-түлік индустриясындағы рөлі және астық пен оны қайта өңдеу өнімдеріне әлемдегі сұраныстың өсуі жағдайында экологиялық таза өнім экспортының перспективалы мүмкіндіктері қарастырылған. Осы саланың маңызды мәселелерінің бірі анықталған: ұнның арзан ресурстарды, оның ішінде сапасыз шикізат пен біліктілігі төмен қызметкерлердің еңбегін қолдану есебінен шығындарды қысқартуға ұмтылуы. Аумақтық орналасу ерекшеліктерін ескере отырып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында ұн өндіру шарттары сипатталған. Астық шикізатын өңдеу бойынша кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының қазіргі жай-күйі мен жүктелу көрсеткіштері талданған. Осы аймақтарда 2018-2019 жылдары ұн мен ұн өнімдерін өндіру динамикасы ұсынылған. Ұн өңдейтін кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты және азық-түлік көлемін пайдалану дәрежесі зерделенген. Қайта өңдеу кәсіпорындарында дәнді дақылдарды терең өңдегеннен кейін қазақстандық азық-түлік ассортиментінің импорты мен экспортының теңгерімі есептелген. Республиканың тағам өнеркәсібінің жоғары әлеуеті саланың өндіріс ауқымын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы экологиялық таза органикалық өнімдердің кең ассортименті бар ірі экспорттаушы, дамыған индустриялық ел болады, бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын арттырады және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
155-162 520
Аңдатпа
Қазақстанда сүт өндірісін ұйымдастыруға жүйелі көзқарас зерттелген, оның тұрақты дамуын тежейтін себептер анықталған. Шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларының қызмет ету ерекшеліктері көрсетілген. Сүт малының өнімділігін арттыруға қатысты өнім бірлігіне өндірістік шығындардың озыңқы өсу үрдісі қарастырылған. Авторлар республикада сүт өндірісін технологиялық жаңғырту және инновациялық процестерге көшу қажеттігін атап өткен. Саланы қарқындату факторы ретінде технологиялық операцияларды автоматтандырудың шетелдік және отандық тәжірибесі зерттелген. Отандық асыл тұқымды ресурстардың тапшылығын және құнажындар импортына қалыптасқан әлемдік жоғары бағаларды ескере отырып, технологиялық инновацияларға трансформацияның дәйектілігі көрсетілген. Сүт жинауды автоматтандырылған басқару әдістерін кешенді зерттеу және бейімдеу мақсатында үш модельдік шаруашылықтарға зерттеу жүргізілген. Олардың қазіргі жағдайы, жер, еңбек және қаржы резервтерінің әлеуеті ұсынылған. Ең аз шығынмен, жануарлардың ең жоғары өнімділігімен сүт шикізатын алуды автоматты реттеу механизмін іске асырудың артықшылықтары мен тежейтін факторлары, биологиялық объектілермен тікелей өзара әрекеттесумен негізделген сауу ерекшеліктері анықталған. Технологиялық операциялардың орындалуын есепке алуды, жоспарлауды, бақылауды және талдауды қамтамасыз ететін табынды кешенді басқарудың өзектілігі қарастырылған. "Табынды басқару" бағдарламалық жүйесінің модельдік шаруашылықтар бөлінісінде сүт өндірісіндегі шығындарды азайтуға, атап айтқанда, ауруды бастапқы кезеңдерде анықтау кезінде маститтің алдын алу тұрғысынан әсер ету есебі жүргізілді.
163-171 266
Аңдатпа
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ұсынылған. Нарық жағдайында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша кәсіби даярлаудың негізгі принциптері анықталған. Республиканың барлық облыстары бойынша орта арнаулы оқу орындары түлектерінің үлесі; мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған және оқуды бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған типтік жастағы (14-24) жастарды қамту; қалалық және ауылдық жерлерде орта кәсіптік білім беру ұйымдарының бір маманын оқытуға арналған шығындарға салыстырмалы талдау жасалған. Топ көрсеткіштері бойынша қаржылық және кадрлық ресурстар индексі, технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуалды дайындық әдістерінің негізгі принциптерін қолданатын колледждердің үлесі зерделенген. Авторлар серпінді жобаларды іске асыру республикалық еңбек нарығын қажетті мамандықтар бойынша, оның ішінде ауылдық аумақтарда ел экономикасын дамытудың қазіргі кезеңінде қажетті жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткен. Техникалық және кәсіптік білім беру құрылымын жетілдіру аграрлық сектордың кәсіби жұмысшыларына жаңа өндірістік объектілердің өсіп келе жатқан сұранысының көлемін қанағаттандыруға ықпал ететін болады. Ағымдағы экономикалық трендтерді назарға ала отырып, авторлар еңбек ресурстарының неғұрлым осал және бәсекеге қабілетсіз санаттарының бірі, көбінесе мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қазақстандық ауылдың гүлденуі мәселелерін шешуге, біліктілігі мен құзыреттілігіне байланысты жас мамандар болып табылатынын атап өткен.
171-176 758
Аңдатпа
Ел экономикасының инновациялық дамуының маңызды факторларының бірі - сапалы еңбек ресурстары. Сондықтан Қазақстан үшін адам капиталын молықтыру процестері аса маңызды. Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы, оның білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі тұрғысынан көрсетілген. Теориялық-әдістемелік тұрғыдан алғанда аграрлық сектордағы еңбек нарығының қалыптасқан түрлеріне, ауыл шаруашылығында кадрларды қалыптастыру және пайдалану ерекшеліктеріне назар аударылған. Елдің аграрлық саласын және оның жұмыс істеу үрдістерін талдау кезінде АӨК еңбек әлеуетін қалыптастыру мен дамытудың қазіргі заманғы ұйымдастырушылық факторлары және қызметкерлердің еңбек қызметінің экономикалық нәтижелері анықталған. Ауылды сапалы еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің, оларды қолданудың тиімділігін арттырудың негізгі мәселелері тұжырымдалған. Агроқұрылымдар қызметіндегі кадрлық әлеуеттің нәтижелілігінің өсу факторлары белгіленген. Еңбек өнімділігін арттыру бойынша экономикалық саясаттың басымдықтары анықталған. Ауыл шаруашылығы өндірісінде кадрлық ресурстардың пәрменділігін қамтамасыз етудің әлемдік трендтерін ескере отырып, оларды Қазақстан экономикасының аграрлық секторына тартуды қарқындату жолдары көрсетілген. Ауыл шаруашылығындағы еңбек процестерін жандандыру құралы ретінде "Ауыл туризмі" инновациялық жобасын дамыту бойынша ұсыныстар әзірленген. Жүргізілген зерттеу мен ғылыми негізделген ұсыныстардың нәтижелері бойынша аграрлық өндірістегі адами капиталдың экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің болжамы ұсынылған.
177-184 1105
Аңдатпа
Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының мәні, маңызы, бағыттары және элементтері, ауыл халқының әлеуметтік бағыттағы экономиканың нақты секторының әр түрлі нысандарында қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі, атап айтқанда: тұрғын үй- коммуналдық және жол-көлік қызметтері, электрмен жабдықтау, байланыс қызметі, денсаулық сақтау, қаржы және заң қызметтері, ғылыми дүниетаным мен қоғамдық сананы қалыптастыру саласы, жалпыға бірдей тәртіпті қамтамасыз ету ашылған. Бес жылда (2015- 2019 жж.) ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы мен даму серпіні талданған. Елдің ауыл тұрғындарының үлесі, ішкі жалпы өнімдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің деңгейі, аграрлық сектор қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының мөлшері, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған механизмнің агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесі анықталған. Республиканың аграрлық саласы мен ауылдық қоныстарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жағдайын тұрақтандыру мен жақсарту үшін қабылданған мемлекеттік басқарудың құралдары зерделенген. Ауылдық жерлердегі білім беру мекемелері халықтың қалыпты өмір сүруін функционалдық қамтамасыз ететін объектілер ретінде және 2014-2019 жылдардағы олардың түлектері санының динамикасы зерттелген. Ауылдық аумақтардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру проблемаларына талдау жасалып, оларды шешу жолдары ұсынылған. Авторлар атап өткендей, жергілікті органдар әлеуметтік жаңартуға бағытталған ұйымдардың қажеттілігін анықтауы, адамгершілік-патриоттық тәрбие шараларын жүзеге асыруы, білім беру мекемелерінде ауыл халқының рухани және зияткерлік құндылықтарын нығайту, жастардың қоғамдық инфрақұрылымын дамытуға көмек көрсетуі тиіс.
185-191 290
Аңдатпа
Шағын кәсіпкерлік - нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз экономикалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындайтын мемлекет үйлесімді дами алмайды. Экономикалық дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметтің шағын субъектілері инновациялар саласында басымдыққа ие және кәсіпорындардың, фирмалардың, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарының факторы болып табылатын халықтың әртүрлі жіктерін жұмыспен қамтудың бірінші дәрежелі салаларының бірін білдіреді, Мемлекеттің инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдеседі. Мақалада әлемдік өндірістік практикадағы шағын бизнесті дамытудың перспективалы бағыттары мен өзекті мәселелері қарастырылған. Отандық және шетелдік тәжірибе шаруашылық жүргізудің шағын нысандарын мемлекеттік қолдау - нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі екенін көрсетті. Қазіргі жағдайда шағын кәсіпорындардың дамуының негізгі тенденциялары атап өтілді, атап айтқанда, Қазақстандағы инновациялық бағдарланған шағын кәсіпкерліктің бағыттары көрсетілген. Республикада отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар өндірушілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қорғау шаралары белсенді жүзеге асырылуда. АӨК дамыту стратегиясын әзірлеу кезінде шет елдердің агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу жөніндегі тәжірибесі маңызды мәнге ие. Әлемдегі жетекші жағдайға ие мемлекеттерде басқару тетігі аграрлық секторды реттеу негіздерін қалыптастыратын ДСҰ-ның жұмыс істеу қағидаттарына негізделген. Қазақстан Республикасында қаржылық қолдаудың мынадай түрлері қолданылады: несиелер, лизингтік операцияларды қаржыландыру, кредит бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, гранттық қаржыландыру, мезониндік қарыздар.
192-200 242
Аңдатпа
Мақала материалдары АӨК және елдің ауылдық аумақтарын тұрақты дамыту жағдайында ауылда жұмыспен қамтуды арттырудың өзекті мәселесіне арналған. Халықты жұмысқа орналастыруды реттеудің, экономикалық орынды және перспективалы жұмыс орындарын ұлғайту, инвестициялық белсенділікті арттыру, институционалдық қайта құрулар жүргізу жолымен жұмыс күшін өнімді пайдалану проблемаларын шешу мақсатында еңбек қызметін тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі (еуропалық елдер, АҚШ) талданған. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыспен қамтылғандар үлесінің төмендегенін, салада біліктілігі аз еңбек ресурстарының болуын куәландыратын жұмыспен қамтудың салалық құрылымына салыстырмалы талдау жасалған. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, ауылдық аумақтар халқының экономикалық белсенді бөлігінің азаю үрдісі байқалады, ол еңбекке қабілетті адамдардың көші-қон ауыстыруының салдары болып табылады. Ауыл халқының қалаларға кетуінің негізгі себептері ашылған: мәдени-тұрмыстық жағдайлар бойынша қаламен салыстырғанда ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейі мен сапасының артта қалуы, ауылда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамымауы, ауыл шаруашылығы еңбегінің табысы төмен болғандықтан, ауылдық елді мекендерде тұрудың тартымсыздығы. Ел экономикасын цифрландыру жағдайында агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан еңбек ресурстары сапасының өзектілігі өсіп келе жатқаны көрсетілген.
ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)
ISSN 2708-9991 (Online)