Preview
№ 2 (2017)
7-11 205
Аңдатпа
Қазақстанның аграрлық секторының қазіргі жағдайы талданған. Саланың дамуын тежейтін басты мәселелер анықталған. Авторлар ауылшаруашылық өнімдер өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру үшін өнімнің сапасын жақсарту қажеттігін алға тартады. Республиканың АӨК -де жетекші технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізу арқылы, тиісті инвестицияны тарту жағдайында өндіріс көлемін әрі қарай көбейтуде мүмкіндігі зор. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты мақсаттың бірі - отандық ауылшаруашылық өндірісті мемлекеттік тиімді реттеу арқылы оның салаларының өнімділігін және табыстылығын өсіру негізінде дамыту.
12-20 151
Аңдатпа
Агроқұрылымдары әртүрлі жерлерді пайдаланудың өзекті мәселелері және жер қатынастарын дамыту қарастырылған. Жер реформасын жүргізудің шаруашылық жүргізуші жаңа субъектілерді қалыптастыруға және олардың жерді пайдалану көлеміне әсер етуіне терең институционалдық талдау берілген. Аймақтардағы шаруашылықтардың шамадан тыс көлемде жұмыс істеуінен келеңсіз жайлар орын алған ауылшаруашылық мекемелердің жерді пайдалану шегі (максималды) туралы жер заңының жоқтығы мен жетіспеушілігінің басты кемшіліктері анықталған. Ірі ауылшаруашылық мекемелердегі қолданыстағы кемшіліктерді жою бойынша олардың көлемін мамандандырылуына қарай оңтайландыру арқылы, агрохолдингтердегі жер мүлігі қатынастарын төменгі құрылымдар рөлін арттыру арқылы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.
21-31 158
Аңдатпа
Халықаралық экономикалық бірлесудің тиімділігі ЕАЭО елдерінің интеграциялық бірігуін бәсекелік артықшылықтармен қамтамасыз ету бойынша инвестициялық процестердің нысандары мен әдістерін жетілдіру арқылы артуы мүмкін. Мақалада нарықтық жағдай зерттеліп, сезімтал ауылшаруашылық өнімдерге әділ баға берілген және азық-түлік қауіпсіздігі өлшемдерінің шектік мағыналары ұсынылған. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің экономикалық еліктеу үлгісіндегі біріккен өзара әрекет шеңберіндегі инвестициялық процесті дамыту бағыттары көрсетілген. Олардың азық-түлікті бір-біріне жеткізу әлеуетіне баға беру үшін, тауарлар легін және инвестициялық салымдарды (оның ішінде мемлекеттік қолдау) оңтайландыру үшін осы процестерді ескеретін индикаторлар жасалған. Шаруашылық жүргізу мүмкіндіктерін жақындастыру бойынша және ұлттық және мемлекетаралық деңгейде агарарлық саладағы бірігу процестерін дамыту үшін құқықтық-ұйымдастырудың қажетті жағдайларын жасау бойынша мақұлданған шаралар көрсетілген.
31-37 156
Аңдатпа
Мақалада ауыл шаруашылық өнімдері нарығында маркетингті дамыту мәселелері және осы саладағы жекелеген факторлардың әсерін қарастыра алатындай мәліметтер жинақталған. Агроөнеркәсіп саласында маркетингтің ерекшеліктері ауыл шаруашылық кәсіпорындарды ұйымдастыру айрықшылығымен және олардың өндірілген өнімді тарату мен өткізуге қолданатын түрлі көзқарастармен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан қарағанда, жұмыста агромаркетингті еңгізудің ең оңтайлы жолдары көрсетіліп, шетел тәжірибесі және озық отандық үлгілер ұсынылады. Өнеркәсіптік немесе тұтынушылық тауарлар нарығында агромаркетингті жетілдіру жолдарын зерттеуде эконометика көрсеткіштерін қолдану жағдайы сирек кездеседі. Сондықтан, маркетингті іс жүзінде ұйымдастыру және оның тиімділігі мен сапалылығын көтеру маңызды мәселе болып табылуда. Зерттеу барысында экономика- математикалық әдістер жүйесі көмегін жалпы агроөнеркәсіп секторының жағдайына және аймақтық өнімнің өндірісіне жекелеген факторлардың әсерін бейнелейтін корреляция-регрессиялық модель жасалынды.
38-44 167
Аңдатпа
Ауылшаруашылық тауар өндірушілер дақылдарды, егіс ауқымы мен құрылымдарын, ең алдымен, «кіріс-тәуекел» ұстанымы бойынша экономикалық түсінікпен таңдайды. Көпсалалы ауылшаруашылық өндірісте өнімнің әр түрін өндіру нәтижелері ара-сында корреляциялық байланыс (ковариация) бар. Сондықтан, оның рационалды әртараптандырылуы шешім қабылдау кезінде ковариация есебін топшылайды. Өндірістерден түскен кірістер корреляциясының сипаттамасы мен әртараптандыру әсері арасындағы байланыстың дәлелі бар. Ковариацияның азаюы барысында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің тұрақтылығының көбейе түсетіні көрсетілген. Бір жағынан, оның нәтижелер жиынтығының жоғары дәрежесі сонымен қатар күтілген орташа деңгейдің төмендегенін білдіреді. Сондықтан, өндірісті әртараптандыруды ресурстарды тиімді пайдаланудың жалпы мәселелері шеңберінде ғана қарастырған жөн.
45-51 138
Аңдатпа
Ғылыми зерттеудің мақсаты ұлттық экономика жүйесіндегі Қазақстан Республикасының аграрлық секторының теориялық және тәжірибелік көзқарас бойынша рөлі мен маңызын негіздеу. Еліміздің АӨК дамыту, оның салалық және аймақтық құрылымдарын жетілдіру аграрлық өндірістің рационалды орналасуына, ресурстарды кешенді әрі тиімді пайдалануға, оның жұмыс істеуінің соңғы нәтижелерін жақсартуға, республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Мақалада республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері зерттеліп, оның ұлттық эконо-микада құрылымындағы рөлі белгіленген. Агроөнеркәсіптік өндірістің ерекшеліктері көрсетілген. Аграрлық салаға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қарастырылып, оны мемлекеттік реттеудің басым бағыттары берілген. Шаруа жүргізуші субъектілерге несие бе-ру және субсидиялау мәселелері қозғалған.
52-57 128
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның ауыл шаруашылығының инновациялық даму ерекшеліктері мен мәселелері қарастырылған. Заманауи экономиканың сипатты белгісі - ұзақ мерзімді болашақта бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық өсуді қамтамасыз ететін фактор ретінде инновацияға басымдық беру. Мақалада авторлар ауыл шаруашылығына инновация енгізу деңгейінің төмендігінің себептерін және оны шешудің жолдарын қарастырады. Оны ойдағыдай дамыту үшін жаңғыртудың маңыздылығы айтылған. Агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялардың басты типтері және олардың ерекшеліктері көрсетілген. Агроөнеркәсіп өндірісіндегі инновациялық қызметті активтендіруге әсер ететін және кедергі келтіретін факторлар анықталған. АӨК инновациялық дамытудың басты бағыттары берілген. Оның инновациялық белсенділігін көтеру жолдары ұсынылады.
58-63 180
Аңдатпа
Қазақстанның ауыл шаруашылығын әлемдік стандартқа сәйкестендіру үшін жаңаруды талап етеді. Республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі басқару үлгісінің баламасы «жасыл» экономика принциптерін қолдану болмақ. Осындай амалдардың қажеттілігі аграрлық сектордың ресурс өндіретін салалары мен технологияларға тәуелділігімен ескеріледі. Мақалада «жасыл» экономика ұғымы , оны дамытудың басты үрдістері қарастырылады. Авторлар экологиялық-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін табиғи ресурстарды үнемдеу және ынталандырудың экономикалық әдістері негізінде энергияның жаңарған көздерін қолданудың бағыттарын жасаған. Қоршаған ортаны қорғаудағы «жасыл» экономиканың рөлі көрсетілген.
64-69 142
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығыдағы транспорттық-логистикалық желіні дамыту жағдайы талданады. Азық-түлік нарығының мәселелері, еліміздегі инфрақұрылымдар мен логистикалық саланың дамымағаны, шикізатты алуға өз қаражатымыздың, оны қайта өңдейтін мини зауыттардың жетіспеуі; өндіріс процестерінде отандық өндірушілеріміздің дәстүрлі әдістерді қолдануы, инновациялық өзгерістерге әрең үйрену; тауар айналымының қоғамдық маңыздылығына бағаның дұрыс берілмеуі қарастырылған. Логистика саласындағы мәселелерді уақытында шешуге байланысты әлеуметтік аспектілер көрсетілген. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қажетті ресурстармен үздіксіз қамтамасыз ету, жеткізушілермен келісімдер, сондай-ақ қайта өңдеу орындарына шикізат сатып алу мен жеткізу шығындарын азайту механизмдері берілген. Қазақстандық экономикадағы логистикалық тұжырымдамаларды қолдануды тежейтін факторлар мен негативті сәттер көрсетілген.
70-75 174
Аңдатпа
Тақырыптың маңыздылығы сол, инвестиция тарту дәрежесі белсенді инвестициялық қызметті және экономиканың мемлекеттік және аймақтың деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық даму тиімділігін анықтаушы шарт болып табылады. Мақалада аймақтың инвестициялық белсенділігі, оның бағасының басты амал-әдістері қарастырылған. Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығын анықтайтын бәсекелік артықшылықтары көрсетілген. Қазіргі таңдағы инвестициялауға байланысты, оның ішінде ауыл шаруашылығына салым салу операцияларының ауқымы кең екені анықталған. Инвестициялық қызмет кәсіби инвесторлардың ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың да қызығушылығын туғызуда . Инвестициялық вектор - мәселелер мен факторлардың жиынтығын шоғырландырушы күрделі міндет екені анықталған. Аймақтағы инвестициялық тартымдылықты ұлғайтудың негізгі бағыттары белгіленген.
76-80 128
Аңдатпа
Қазіргі таңда Қазақстандағы экономиканың аграрлық секторын дамытудың басым бағыттарының бірі жеке кәсіпкерлік құрылымдар субъектілерін құру болып табылады. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі, импортты азайту мен халықты өзіміз өндірген тағам өнімдерімен қамтамасыз ету ауылшаруашылық қызметті атқаратын үй шаруашылығы ресурстарын дұрыс пайдалануға байланысты болмақ. Бүгінде халықтың шаруашылығы экономикалық қызметтің аз зерттелген субъектілерінің бірі болып қалуда. Мақалада олардың еліміздің агроөнеркәсіптік өндірісі үшін атқаратын рөлі мен маңызы, жеке қосалқы шаруашылықтардан басты айырмашылықтары көрсетілген. Өнім өндірудегі халық шаруашылықтарының үлесін арттыруға көмектесетін ауылдық экономикадағы түрленудің бағасы берілген. Автор тұрғындардың әл- ауқатының жақсаруы және ауылшаруашылық өндірістің болашағы олардың тиімді жұмыс атқаруына байланысты екенін жеткізеді. Халық шаруашылығын ары қарай дамытудың жолдары ұсынылған.
81-86 130
Аңдатпа
Халықты сапалы тағам өнімдерімен қанағаттандыру қажетінде елімізді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудегі маңызды орын бидайға беріледі. Оның түсімділігін көтерудің альтернативті жолдарын іздеу үшін сандық өзара байланысты жасау арқылы өсімдік шаруашылығын дамытудың негізгі нәтижелі көрсеткіштерінің бірі ретінде өнімділікті арттыруға түрлі факторлардың әсер етуін зерттеу қажет. Мақалада эконометрикалық үлгіге ең маңызды деген факторларды бағалау және таңдау мақсатында өндірістік, оның ішінде гидротермикалық көрсеткіштер мен астық түсімділігі байланысын бағалау бойынша есептер берілген. Бұл ретте өндірістің пайдаланылған технологияларының экономикалық және климаттық жағдайлардың өзгеруіне байланысты 90-шы жылдарға дейін және кейінгі кезеңдердегі астық өнімділігі мен гидротермикалық көрсеткіштер арасындағы корреляциялық тәуелділіктің елеулі айырмашылықтары байқалды.
87-90 208
Аңдатпа
Инновациялық технологияларды пайдалануға байланысты бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылған. Ауылшаруашылық саланың технологиялық ерекшеліктеріне қарай өсімдік шаруашылығы өнімінің өзіндік құны анықталған. Тікелей өндірістік шығындар бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалып, оларды үлестіру объектілеріне байланысты үстеме шығындар анықталды. Зерттеулер нәтижелері өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру қорларын анықтау, өнімнің өзіндік құнын азайту үшін қаржылық қызметте тәжірибеде қолданылады. Өсімдік шаруашылығындағы шығындар бабы бойынша шығыс есебі, сондай-ақ оларды шаруашылық процестер арасында бөлу қарастырылады. Өндірістік процестегі өнімнің өзіндік құн есебін анықтау және шығындарды бақылау үшін қаржыны жұмсау бағыттары мен есептің технологиялық процестерінің маңыздылығы көрсетілген. Өсімдік шаруашылығы саласындағы үздіксіз өндірістік процесті жүзеге асыру мақсатында басқарушылық есепті және құрылымды оңтайландыруды жетілдіру үшін ұсыныстар берілді.
91-95 137
Аңдатпа
Республиканың интеграциялық бірлестіктерге қатысу барысындағы позицияларын әлсіретеді деген қатерлер және ұлттық экономиканы тұрақты дамыту үшін оларды азайту қажеттігі анықталған. Еліміздің Бүкіләдемдік сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық Одаққа қатысуындағы болашағы зор артықшылықтары мен жағымсыз жақтары берілген. Ресурсты ысырап жасайтын құрылымдық өнеркәсіпке қатысты мәселелерді шешуге басымдық берілген. Қазақстанның БСҰ-на бірігу жағдайларындағы қызмет көрсету нарықтарын дамыту стратегияларын жасау қажеттігі көрсетілген. Авторлар әлемдік нарықтағы отандық агроөнеркәсіптік өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне септесетін жаңа технологиялардың сыртқы нарығын дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру үшін отандық тауар өндірушілердің ынталандырыла түсетінін тілге тиек етеді.
96-100 150
Аңдатпа
Еліміздің аграрлық жаңғыруын жүзеге асыру негізінде аграрлық секторға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қарастырылған. Ауылшаруашылық кооперативтерді тиімді дамыту, олардың ауылшаруашылық өндіріс саласындағы рөлін арттыру үшін жаңа несиелік өнімдер бөлінген. Микронесиелерге қол жеткізумен қамтамасыз ету, несие беру мерзімдері бойынша бір жолғы несие көлемін арттыру міндеттері анықталған. Ауылдық кәсіпкерлікті жаппай дамытуға, ауыл шаруашылығын жұмыспен қамту және жеке қосалқы шаруашылықтардың, отбасылық мал бордақылайтын алаңдардың әлеуетін пайдалана отырып, қайта өңдеу мекемелерін жүктеуге көмектесетін бағыттар көрсетілген. Автор ауылшаруашылық салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында АӨК жобаларын қаржыландыру, кредиторлар мен инвесторлар тәуекелдерін азайту үшін несиелерді арзандатуға бағытталған қаржылық құралдардың бірнешеуін пайдалану қажеттігін айтады.
101-105 147
Аңдатпа
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде астық өндіру және экспорттау-дың стратегиялық рөлі зор. Мақалада республикадағы 2001-2016 жж. астық өндірісіне тал-дау жасалып, оның тиімділігін арттырудың ішкі қорлары анықталған. Ақмола облысын мы-салға ала отырып, шаруашылық жүргізудің ірі, орта және кіші түрлері үшін дәнді-дақылдар егіс алқаптарының тиімді көлемдері анықталған. Тиімсіз астық компанияларды қайта құру - холдингтерді үлестік меншігімен акционерлік қоғамдарға ауыстыру қажеттігі туралы ұсыны-стар берілген. Дәнді-дақылдарды егудің ресурстық-ылғалдық және энергияны үнемдеу тех-нологиялары тиімділігінің төмен болу себептері, «Родина» агрофирмасы» ЖШС-нің тәжіри-бесі негізінде оларды жою мүмкіндіктері көрсетілген. Астық кешенін тиімді дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары көрсетілген.
106-111 203
Аңдатпа
Ұн тарту мекемелерінің өндірістік бағдарламаларын таңдау үшін шығындар тиімділігін талдау нәтижелерін тәжірибеде пайдалану тәсілдері көрсетілген. Оны қабылдау бірге шығаратын өнімдер мен астық қалдықтары құрылымдарына байланысты екені бел-гіленген. Яғни астықты қайта өңдеу кешенді өндіріске жатады. Ұн өнімдерін шығарудың диірмен жабдықтарын орнату режиміне байланысты екені айтылады. Астық өндіру бойын-ша кіші мекемелерді мысалға ала отырып, өнімнің сұрыпталымдық шығарылымының үш сценариінің шығындар тиімділігі талданады. Ортақ өнім шығару құрылымының шығындар тиімділігіне әсер ететіні анықталған. Ұн тарту өнімдері сұрыпталымының үш сценариі бой-ынша өндірістік шығынның сол бір көлемі түрлі экономикалық табыс әкеледі екен. Шығын-дар, кіріс және маржиналды табыс көлемінің корреляциялық байланысын анықтау негізінде өндіріс процесінде қолданылатын ресурстар бағасының тұрақтылығы немесе тұрақсыз-дығы жағдайында қажетті шаралар ұсынылған.
112-116 163
Аңдатпа
Субтропиктік дақылдардың жерсінген түрлерінің өнеркәсіптік негізінде Оңтүстік Қа-зақстан облысында анар, інжір және құрма алу технологиясы ұсынылады. Мекенжайлық отырғызу дамудың жалпы деңгейіне әсер етпейді. Табиғи ресурстарды көп пайдалануда жемістерді өндірудің бейімделгіш энергия үнемдеуші технологияларының элементтері енгізіледі. Ұсынылған іс-шаралардың тиімділігі келтірілген: субтропиктік дақылдарды егу алаңдарын үлкейту; жемістерді терең өңдейтін цехтарды құру, дайын өнімдерді сұрыптау, қаптау, сақтау жіне өткізу бойынша инфрақұрылымдар; субтропиктік өнімдерді сырттан алуды төмендету. Облыс аумағының агроклиматтық ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін пайдалануды кеңейту, субтропиктік бақтардың жерге жақын жатқан биологиялық әртүр- лілігін сақтау, өндіріс қалдықтарының болмауы, субтропиктік бақтардың фитоклиматтық ерекшеліктері мен энергетикалық баланстарын сақтау нәтижесі күтіледі.
117-123 183
Аңдатпа
Қазақстанның сүт өнеркәсібінің даму динамикасы, еліміздегі сүт өнімдерін өндіру ерекшеліктері көрсетілген. Статистикалық деректер талдауы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі осы саланың маңыздылығын дәлелдейді. Сүт өнімдерінің ішкі сауда көлемі келтірілген. Мақалада келтірілген аналитикалық ақпараттар сүт саласы өнімдерінің әр түрлері бойынша импортқа тәуелділіктің бар екенін көрсетеді. Берілген ақпарат Қазақстан Республикасының серіктес елдерінің өндірушілерінің ішкі нарықтағы сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандырудағы интеграциялық бірігу бойынша рөлін ашады. Республиканың сүт саласының әлсіз тұстары анықталып, мемлекеттің оны жою бойынша қолданған шаралары көрсетілген. Сүтті өңдеу өндірісі тиімділігін арттыру мәселесіне баса назар аударылып, саланың экспорттық әлеуетін бекіту жолдары берілген.
124-128 148
Аңдатпа
Аграрлық саясатты жүзеге асыру үшін Ресейдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ауылшаруашылық кооперацияның рөлі қарастырылады. Ауылшаруашылық кооперативтерді басқарудың жиынтық әсері құрамындағылардың ынталандыруынан бірнеше рет күшейе түсетін, сонымен бірге кооперацияның маңыздылығы мен уақыттылығы әсіресе дағдарыс жағдайында білінетін тиімді жүйесі берілген. Автор бірнеше кәсіпкердің біріккен күшінің жүзеге асырылған кәсіпкерлік жобалардың тиімділігін арттырып, экономикалық жүйеге пайдалы әсерін тигізетінін тілге тиек етеді. Ауылшаруашылық кооперативтерінің қызметін мемлекеттік реттеу арқылы ауылшаруашылық мекемелердің жоғары дәрежеде қызмет етуінің тиімділігі қамтамасыз етіледі: бағалық және кредиттік саясат, бюджеттік қолдау, салық жеңілдіктерін беру.
135-140 125
Аңдатпа
Республикада орын алған жағдайлар талдауы әлі де болса кооператив міндеттерінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарының толық іке асырылмайтынын, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы олардың рөлі мен маңызының бағаланбайтынын көрсетеді. Мақалада еліміздің ауыл шаруашылығында кооперацияны дамытудың қажеттілігі негізделген. Ауылшаруашылық кооперативтерінің даму жағдайын талдау негізінде кооперация мәселесіне қатысты нормативтік актілердің кейбір кемшіліктері анықталған. Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңының негізгі ережелері, оның ауылшаруашылық кооперациясына қатысты осыған дейінгі әрекет еткен заңдардан ерекше нормалары, маңыздылығы мен қабылдаудың қажеттілігі қарастырылған. Өндірістік және ауылшаруашылық кооперативтерінің салыстырмалы сипаттамасы берілген. Ауылшаруашылық кооперативтерінің қызмет тиімділігін жоғарылату бойынша бірқатар ұсыныстар берілген.
141-146 155
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы - Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тірегі. Сондықтан маңызды тапсырмалардың бірі - агроөнеркәсіптік өндірістің мекемелерінде техниканы басқару тиімділігін анықтау. Қазіргі таңда ауылшаруашылық механикаландырылған жұмыстардың көлемін «ескі және тозған» техника атқарады. Ондағы қажеттіліктің жетіспеушілігі жұмыстар технологиясының бұзылуына, орындалу мерзіміне, тозып кетуі - АӨК нәтижелілігіне кері әсерін тигізетін мұнай өнімдерін дұрыс пайдаланбауға қатысты қосымша шығындарды көбейту себептерінің бірі жерді өңдеу сапасының төмендеуіне, түсімді жинауға әсер етеді.
147-150 148
Аңдатпа
Жерді бағалау саласындағы зерттеушілер көзқарастарының талдауы берілген. Жердің тауар ретіндегі ерекшелігі мен оның құны ақша эквивалентінде қарастырылған. Жер-дің «бағасы» ұғысының мазмұны ашылып, нарық жағдайындағы олардың ақалай бағасы-ның қажеттігі көрсетілген. І және ІІ дифференциалдық рентаға баса назар аударылып, оның анықтамасы бойынша ғалымдардың пікірлері берілген. Жердің құндық бағасы бойынша ренттік амалды пайдалану қажеттігі айтылады. Жер ресурстарының спецификалық ерек-шеліктері анықталып, жерді тиімді пайдалануды экономикалық жағынан ынталандыратын құрал ретіндегі оларды бағалау әдістері суреттелген. Мақала бүгінгі таңдағы жердің на-рықтық экономикалық жағдайындағы құндық бағасы мәселелеріне арналған. Бұл мәселе аз зерттелген және ары қарай зерттеуді талап етеді.
151-156 170
Аңдатпа
Қазақстандағы жайылымдық мал шаруашылығы - агроөнеркәсіптік кешен эконо-микасының дәстүрлі де басты саласы. Еліміздің экономикалық-географиялық жағ-дайы АӨК мал шаруашылығы негізінде жаңғырту стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Жайылымдық малды ұстаудағы ресурстық әлеуетті тиімді пайдаланудың басты факторла-ры қаңсырап қалған жайылымдық жерлерді қайта қалпына келтіріп, қой шаруашылығын да-мыту болып табылады. Мақалада аймақтық қимадағы жайылымдардың аумақтары табиғи зоналар мен өсімдіктер типтері бойынша берілген. Қой шаруашылығының экономика-лық-ұйымдастыру көрсеткіштеріне, жайылымдық мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қолдау бағыттарына, қой шаруашылығы өнімдерін (қой еті, қаракүл) өткізудің әлемдік нарықтағы болжамына баса назар ауда-рылған. Жайы-лымдарда мал ұстау жағдайларын жақсарту бойынша ұсынымдар берілген.
157-162 159
Аңдатпа
Қазақстандағы табиғатты қорғау қызметінің мәні мен қажеттілігі көрсетілген. Рес-публика аймақтарының экономикасын экологияландыруға жету мақсатында экономиканы дамыту қарқыны мен қоршаған ортаның сапалы сипаттамасын қалпына келтіру арасын-дағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігі анықталған. Бұл процесс мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық құрылысын экологияландыру дегенді білдіреді және өндірістің табиғат сый-ымдылығы деңгейін төмендетуге бағытталған. Табиғатты тұрақты пайдаланудың басты мін-деттері анықталған: жерді пайдаланудың экологиялық жүйелі әдістері кіретін табиғатты ке-шенді пайдалану шараларын қолдану, су, орман жіне басқа ресурстарды пайдалану, табиғат ресурстарын пайдаланатын компаниялардың үлесін қысқарту, табиғатты үнемдейтін жоға-ры технологиялық өндірістерді дамыту, биоресурстардың әр түрлілігін қолдау және олар-дың қайта өндіру мен өзін өзі реттеу мүмкіндіктерін сақтау.
163-169 147
Аңдатпа
Еңбек нарығымен, жастардың жұмыспен қамтылуын және жұмысқа тұруымен айналысатын қазіргі зерттеушілердің көзқарастары қарастырылған. Қазақстан Республика-сы тұрғындарының жас ерекшеліктеріне қарай сандық динамикасының статистикалық тал-дауы берілген. 15-29 жастағы тұрғындарға, яғни бүгінде еліміздің тұрғындар санының 23%-дан астамын құрайтын экономикалық белсенді жастарға ерекше назар аударылған. Мақала-да Қазақстан Республикасының 2011-2016 жж. жастардың еңбек нарығының басты индика-торлары болжанған. Вакантты жұмыс орындары және экономикалық қызмет түрлері мен меншік үлгілері бойынша күтілген жұмыскерлерге деген қажеттілік туралы ақпараттар беріл-ген. Ақмола облысындағы аграрлық еңбек нарығындағы түлектердің талап етілуіне баға бе-рудің көпфакторлы корреляциялық үлгісі жасалған. Облыстың ауыл жастарының өмір сапа-сын арттыруға байланысты, осы тұрғындар тобын жұмыспен қамту деңгейін арттыру негізіндегі авторлық тәжірибелік ұсынымдар берілген.
170-175 148
Аңдатпа
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу процесіне мемлекеттің кірісу қа-жеттігі, оның агроөнеркәсіптік мекемелердің жұмысын тежейтін мәселелерді шешуге мүмкін-дік жасайтын кредиттік, банктік, сақтандыру жүйесі негізіндегі тұрақты дамуы негізделген. Аграрлық секторын кредиттеудің ерекшеліктері мен республикадағы аграрлық саясат ая-сында халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында кредиттік қабілетін арт-тыру мүмкіндіктері көрсетілген. Ауылшаруашылық өндірістің ерекшелігін ескере отырып, кредиттің ұғымдық аппараты анықталады, мемлекеттің қатысуымен субъектілердің кредит-тік өзара қатынасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ олардың Қазақстандағы тарихи ас-пектілері қарастырылады. АӨК қаржылық қамтамасыз ету, әсіресе нарықтық экономика жағдайындағы ауылшаруашылық кредиттеу саласында дамыған елдер тәжірибесі көрсетіл-ген.
176-180 156
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының ұн тарту өнеркәсібінде орын алған жағдай талданған. Факторлар арасындағы байланысты бекітіп, объектіні басқаруға мүмкіндік беретін эконо-метрикалық әдістер қолданылған. Ұн тарту өндірісіне әсер ететін маңызды көрсеткіштерді анықтауға көмектескен ұн тарту өндірісінің басты көрсеткіштерінің корреляцииялық- регрес-сивті және экономикалық талдауы жүргізілген және регрессия теңдеуі негізінде оның 2017 ж. дейінгі көлемі болжанған. Қазақстанда өндіріс көлемінің өсуі ұн тарту өнеркәсібі саласын-дағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты тұрақты ішкі сұраныспен қамтамасыз етіледі. Республикадағы ұн тарту өндірісі өсіп, оның тұрақты дамуына септе-сетін импорттық өнімдерді ішкі тұтыну азайды. Автор экспортқа әсер ететін басты кедер-гілердің бірі - логистикалық инфрақұрылымдардың дамымағаны екенін айтады.
181-185 167
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының сүт және сүт өнімдері нарығының қазіргі жағдайына талдау жасалған және оның ары қарай даму мәселелері қарастырылған, өндіріс көлемінің өсу факторлары мен құлау себептері талданған. Алматы облысының шаруашылықтары категориясы қимасындағы ақпараттар берілген. Сүт және сүт өнімдерінің 5 жылдағы тұтыну көлемі көрсетілген. Алматы қ. және Алматы облысындағы сүт және сүт өнімдері нарығындағы тұтынушылардың негізгі тобын және сатып алудағы әлеуетін, сүт өнімдері түрлеріне сұраныстарын, сүт және сүт өнімдерін өндіретін сауда маркаларының тізімін, сатып алу орындары мен деректерін анықтауға мүмкіндік берген маркетингтік зерттеулері берілген. Зерттеу нәтижелері осы аймақтағы сүт және сүт өнімдеріне деген ассортименттік сұранысты анықтауға мүмкіндік берді.


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)