№ 1 (2017)
7-14 153
Аңдатпа
ЕАЭО мемлекеттер-қатысушыларының АӨК дамуының болашағы интеграциялық процесстермен байланысты жаңа жаңайларды ескеріп, өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық жазықтықты, кейбір елдердің ішкі дамуымен және сыртқы саяси жаңайлармен, мамандандыру мәселелері бәсекеге қабілеттілік ажырағысыз мәселелерімен байланысты. Мемлекет аралық деңгейдегі шешімдер қатысу-елдердің өзара интеграциялық іс-қимылын тереңдету мүмкіндіктерін кеңейтуде және ауылшаруашылық әлеуеттің дамуы толық түрде көрсете алмайтындығын авторлар атап көрсеткен. Үйлестіру мәселелерін жүзеге асыру үшін негізгі ауыл шаруашылық тауарларын өндіруді дамыту жоспарларын ғана емес, сонымен бірге оларды басқаруды оңтайландыру және интеграция компоненттерін біріктіруді қалыптастыру бағыттары ұсынылады. ЕАЭО туралы келісім-Шарт және Евразиялық одақ мемлекеттері-қатысушыларының агроөнеркәсіптік саясатының келісілген Концепциясының мақсаттарынан агроөнеркәсіп секторындағы тұрақты даму және тиімділіктің өсу жағдайларын құру үшін Қазақстанның ЕАЭО мемлекеттері-қатысушыларымен өзара қарым-қатынасын дамыту бағыттары қарастырылған.
34-43 164
Аңдатпа
ЕАЭО мүшелік ету жағдайында Қазақстанның АӨК дамуына әсер ететін негізгі факторларға баға берілген. ЕАЭО интеграциялық бірлестіктер артықшылықтарын пайдаланудың ықтималды оң бағыттары экспорттық позицияларды жақсарту болып табылады және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын дамыту үшін өткізу нарығын кеңейту, республиканың ішкі азық-түлік нарығын дамыту, АӨК кластерлік тетігін дамыту мен бірлескен кәсіпорындар құруға байланысты жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы тауарларын көліктік тасымалдау жүйесін қалыптастыру және қазіргі заманғы сауда-логистикалық орталықтарды ұйымдастыру болып табылады. Қазақстанның ЕАЭО мүшелігінің маңызды нәтижелері қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, елдің инвестициялық тартымдылығы, сыртқы сауданы күшейту және республиканың мемлекетаралық ұстанымы болуы мүмкін.
56-62 169
Аңдатпа
Қызылорда облысы ауылдық жердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалған. Елдің өмір сүру деңгейіне отбасылық бизнестің әсері қарастырлыған. Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейі және аймақтағы кіші және орта кәсіпкерлікті дамытудың көрсеткіштері ұсынылған. Жеке өзінің бизнесін ашу үшін және табыс алу үшін кіші несиелеу мүмкіншіліктері көрсетілген. Авторлар отбасылық бизнеске тартылғандардың көбею санына қарамастан бизнестің осы түріне тіркелген кәсіпкерлер саны нөлге жақын екендігін қорытындылайды. Оның қалыптасуының ерекшеліктері мен басымдықтары қарастырылды. Қызылорда облысында отбасылық бизнесті дамытудың деңгейін анықтау мақсатында 400 респондент қатысуымен сауалнама жүргізілді, оның ішінде 42,5% отбасылық бизнеспен айналысуға тілектерін білдірді.
63-70 150
Аңдатпа
Республиканың агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қарастырылған, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асырудың тиімділігі зерттелген. АӨК дамуының негізгі көрсеткіштері: ауыл шаруашылығы өнімдерінің 2011-2015 жылдарға жалпы шығарылымы, негізгі капиталға инвестиция көлемі талданған. Мемлекеттік қолдау шаралар көрсетілген: көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін субсидиялау тетігін оңтайландыру, фитосанитарлық және ветеринарлық қызметін нығайту, ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтандыру саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, квази-мемлекеттік компаниялар мен шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық қорлар құру.
71-78 162
Аңдатпа
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңыздылығы көрсетілген. Қазақстанның тұрақты дамып келе жатқан агроөнеркәсіптік кешенін құру көптеген мәселелерді ұсынады, соның ішінде, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге, өнеркәсіпті шикізатпен, халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге әсер ететін мемлекеттік реттеу рөлін арттыру ерекше мәнге ие болады. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және қабылданатын шараларды жетілдіру негізінде отандық АӨК басым бағыттарына баса назар аудара отырып, авторлар аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесін жинақтайды.
79-85 161
Аңдатпа
Төлем қабілетті сұраныс экономикалық даму деңгейіне, индустрияландыру және урбанизациялау дәрежесіне, табыстар шамасы және бөлу, сатып алу қабілетін нақты айқындайтын әрбір нақты елде азық-түлік тұтынуға байланысты болады. Халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету дәрежесін арттыратын ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту меншікті өндіріс өнімінің ұсыныстар көзі болып табылады. Азық-түлік нарығында сұраныс пен ұсынысты қалыптастырудың ерекшеліктері қарастырылған. Азық-түлікке сұраныстың факторлар және оларды алу көздері: меншікті өндіріс, қор, импорты нақты көрсетілген. Ұлттық аграрлық азық-түлік нарығы үшін басты критерийлердің бірі төлемқабілетті сұранысты ұлғайту республика халықының табысын арттыру болып табылады
86-91 143
Аңдатпа
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері көрсетілген. Қазақстан ДСҰ құрамына кірген кезде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы өскені айтылады. Салалық бағдарламаларды іске асыру негізінде республикада АӨК өнімін өңдеу және сақтауды дамытуда мемлекеттік қолдаудың рөлі ерекше. Сапалы азық-түлік өндірісін және жоғары сапалы шикізат алу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту қажеттігі көрсетіледі, жеміс-көкөніс және майлы дақылдар өнімділігін арттыру үшін елде бар жағдайлар жасалған. Осы дақылдарды өсірудің экономикалық тиімділігі, сондай-ақ кешенді өңдеу кезінде шикізатты ұтымды пайдаланудың орындылығы көрсетілген. Жұмыста Қазақстан Республикасының аграрлық өнімдерін өңдеу мен сақтаудың жүйесін дамыту және жаңғыртуға мүмкіндік беретін ұсыныстар берілген және мәселелер анықталған.
92-96 185
Аңдатпа
Қазақстанда ауыл шаруашылығын кооперациялаудың дамуына жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі, шағын шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірудің ұйымдастырушылық және экономикалық алғышарттары негізделген.Ауыл шаруашылығы кооперациялауға байланысты нормативтік-құқықтық актілерді және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, нормативтік-құқықтық базны жетілдіру, мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдау жүйесін, ақпараттық-консультациялық қызметтерді қалыптастыруды, кооперативтік кадрларды оқыту жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығын кооперациялаудың бірыңғай жүйесін құру және т.б. елімізде ауыл шаруашылығын кооперациялау қызметінің стратегиялық бағыты ашық көрсетеді.
97-105 141
Аңдатпа
Санкциялар мен эмбарго жадайында Ресей азық-түлік нарығы инфрақұрылы-мының РФ Орталықодақтың тұтынуды кооперациялаудағы рөлі мен орны қарастырылған. Тұтынушылық қауымдастығы жүйесі және тұтынушылық қауымдастықтар елді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінде, ұйымдар, кәсіпорындардың орны анықталған. Ресей Федерациясы Орталықодақтың тұтынушылық қауымдастығы кәсіпорындарда дайындалған ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жеке қосалқы шаруашылықтардың және шаруа (фермер) қожалықтарының ауылшаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын сатып алуымен қоса азық-түлік ресурстарын қалыптастыру жүйесінің ауылдағы тұтыну қауымдастығы мен кооперативтік одақтардың қызметінің мазмұны ашылған, кооперативтік қауымдастықтар мен одақтарға тиесілі қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жүйесі арқылы азық-түлік өнімдерінің тұтынушыға қозғалысы көрсетілген. Азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінде тұтыну қауымдастығы мен одақтарының материалдық-техникалық базасының, азық-түлік нарығында өнімді тұтынуды кооперациялаудың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ролі талданды.
КООПЕРАТИВТЕР - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
106-111 150
Аңдатпа
Ауылшаруашылығы кооперативтерінің дамуының тарихи негізі, олардың ауылдық жерлердегі әртүрлілігі келтірілген, ұйымдастырушылық айырмашылығы мен ерекшеліктері көрсетілген. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін және оның негізгі элементтерін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттары келтірілген. Мынадай критерийлері бойынша сипаттама берілген: табысты бөлу, басқару элементтері, мүшелік шарттары. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту қажеттілігі негізделген. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңның ерекшеліктері ашылған.
112-116 187
Аңдатпа
Қазақстанда тозған жерлерді пайдаланудың даму бағыттары, оның тұрақтылығына әсер ететін факторлар анықталған. Ел аумағындағы топырақ түрлерінің құрамына және олардың сапалық сипаттамаларына бағалау жүргізілді. Елді мекендердің айналасында нормадан жоғары мал жаюға байланысты, Қазақстанның солтүстік аймағында егістік дақылдарын тұрақты өсіру салдарынан топырақ құнарлылығының жоғалуына, антропогендік факторлардың теріс әсеріне ерекше көңіл аударылады. Тозған жердің таралу аймақтарында жер пайдаланудың тұрақтылығын арттырудың шаралары негізделді. Жер пайдаланудың бірқатар аумағында электр желілерін төсеу кезінде алынбай қалған пайданы анықтауды есептеу және нақты жер пайдалану шегінде тозған жерлерді тиімді қалпына келтіруді есептеу әдістері келтірілген
117-124 139
Аңдатпа
Ауыл аумақтарында инфрақұрылымның әлеуметтік мәні зерттелген, функционалдық-салалық жіктелімі анықталған,мемеджмент механизмі қарастырылған. Келешектегі бағыттарын бағалау және талдау жүргізілген, ауылдық округтардың ерекшеліктері мен негізгі факторлары анықталған. Әлеуетті жақсарту, оны жаңалау көзқарастарыкөрсетілген. Елді мекендердің өмір сүру сапасының көрсеткіштері әлеуметтік мәселелерді тиімді шешудің өлшем ретінде қарастырылған.
125-129 138
Аңдатпа
Республикадағы қазіргі заманғы көші-қон процестерін талдауды зерттеу, масштабтары, бағыттары мен олардың анықтаушы факторларын, ауыл шаруашылығы жағдайына көші-қонның әр түрлі аспектілерінің ықпал етуін анықтау автордың пайымдауынша өзекті және уақтылы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде этникалық көшіп-қонушылардың жұмыспен қамтылуына әсер ететін тұрақты айнымалы анықтау үшін эконометрикалық модель ұсынылған. Эконометрикалық талдау ауыл шаруашылығындағы этникалық көшіп-қонушылардың жұмыспен қамтылуы негізгі факторларға тәуелді: тұратын жері, білім деңгейі, жасы және ауылдағы өмірге қанағаттануы екенін көрсетті. Ақмола облысының ауыл шаруашылығында этникалық көшіп-қонушылардың көбінесе орта жастағылары, білімнен орта кәсіптіктен төмен, ауылды аймақтарда тұратын, жақын болашақта тұрғылықты жерін ауыстырғысы келмейтіндер еңбекпен қамтылған.
130-136 282
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан бейіндік бағыты, экономикалық даму әлеуеті, қалалық құрылымы бойынша топтастырылған, моноқалаларды дамыту мәселелері қарастырылған. Аймақтардағы туындаған жағдайларға талдау жасалған. Статистикалық мәліметтер негізінде тұрғын-үй коммуналдық, әлеуметтік инфрақұрылымы мен транспорт мәселелері зерттелген. Республиканың ірі қала құраушы кәсіпорындары шоғырланған SWOT талдау әдісімен моноқалалардың жай-күйі көрсетілген. Моноқалаларды құру бойынша шетел: АҚШ, Ұлыбританияның, Германияның тәжірибелері келтірілген. Көп бейінді қалалар саласының мемлекеттік саясаты талданған.
137-142 156
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығында адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесі және оны пайдалану кезеңдері ұсынылған. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған: тәжірибе және білім алмасу, жоғары және орта оқу орындарында қосымша білім алу мүмкіндігі; дуалды білім; көшпелі оқумен өндіріс орында-рында болу. «Ақтық» АҚ, «Родина» ЖШС, «Новокубанское» ЖШС өндірістік көрсеткіштер негізінде жоғары білікті кадрлар қызметінің өнімнің өндіріс көлемінің өсуіне әсері көрсетілген. «Ақтық» АҚ мысалында жұптық регрессияның сызықтық теңдеуі салынған.
143-147 174
Аңдатпа
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің еңбек нарығы мәселелері, оның мемлекеттік реттеу механизмі зерттелген. Аграрлық сектордың еңбек белсенділігінің көрсеткіштері ұсынылған. Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылу мәселелері, мемлекеттік қолдау және еңбекті ынталандыру, еңбек ресурстарын дамытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған. АӨК әртараптандыру және отандық экономиканың индустриялық-инновациялық даму кезеңінде осыларды нәтижелі пайдалану ауыл халқын жұмыспен қамтуды арттырудың негізгі факторы болып табылады. Еңбек нарығында белсенді бағдарламалар пайдалану қажеттілігі көрсетілген.
ДЕМОГРАФИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ НА СЕЛЕ КАК СЛЕДСТВИЕ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКИХ ТЕРРИТОРИЙ
148-153 186
Аңдатпа
Ауылдың демографиялық жағдайы талданған және ауыл аумақтарын дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері зерттелген. Демографиялық үдеріске баға берілген. Ауыл тұрғындарының жынысы мен жасы бойынша құрылымы қарастырылған. Ауыл-дықтарды жұмыспен қамтудың азаю себептері анықталған. Ауылдық аумақтарға бағыт-талған шаралар, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, аграрлық секторда шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнім-дерін қайта өңдеу және дайындау саласында тұрмыстық қызмет көрсетуді дамыту ауыл тұрғындарының ауыл кетуін айтарлықтай қысқартуға бағытталған шаралар негізделген.
154-160 219
Аңдатпа
Дәстүрлі салалардың бірі - ауыл шаруашылығының даму мәселесі және қазіргі жағдайы қарастырылған. Оның жалпы ішкі өнімінің үлестік салмағына, сондай-ақ аграрлық сектор салаларында саны бойынша жұмыспен қамтылған елдің экономикалық белсенді топтарының арасында және олардың орташа айлық жалақысын салыстыруға талдау берілген. Қазақстанның ауылшаруашылығы өндірісін дамыту жолдары анықталған. Әлемдік тәжірибе негізінде аграрлық туризмді дамыту тәсілдері ұсынылған. Мемлекетті бағдарлама негізіне, Қазақстанда туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы мемлекеттік және қоғамдық көзқарастар аграрлық туризмді кеңейтуге негізделген. Оның ерекшеліктері мен айырықша белгілері анықталған. Республиканың экономикасын көтеру мақсатында аграрлық туризмді дамытудың бағыттары ұсынылған.
161-164 129
Аңдатпа
Ғылыми-техникалық зерттеулерді тәжірибелік қолдануға дейін жеткізу мақсатында инновациялық белсенділікті арттыру негізінде инновациялық саясатты жетілдіру жолдары көрсетілген. Автор ауыл шаруашылығында инновациялық қызметті кеңейту қажеттілігін негіздейді. Инновациялық даму үдерісінің бірден бір бағыты - өндіріске ұйымдастыру мен басқарудың ғылыми жетістктерін енгізу. Инновациялар - өсімдіктің жаңа сорттарын өсіру, жануарлардың тұқымдарын алу, жаңа техниканы, айтарлықтай тиімділігі бар ресурс сақтаушы технологияны пайдалану. Агралық инновация деп пайда алу арқылы жаңалық енгізу нәтижелерін айтуға болады.
165-170 170
Аңдатпа
Адамзат қоғамының дамуы азық-түлікпен қамтамасыз етудің өткір мәселелерін тудыратын халық санының өсуімен жүреді. Автор нанотехнологияны қолдану негізінде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін заманауи технологиямен да-мыту үдерісін, өндірістің экономикалық тиімділігі мен жануарлардың өнімділігін артты-рудағы ролін қарастырады. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту механизмі және экологиялық қауіпсіз азық-түлік өнімдерін алуды қарастырған. Шетел тәжірибелерін зерттеу негізінде нанотехнология саласында зерттеулер үшін дамыған елдердің бюджетті бөлуді талдауы ұсынылған. Ғылым және техника саласында инновациялық дамуға бағыт-талған мемлекеттік бағдарламалар басымдықтары анықталған.
171-175 165
Аңдатпа
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттырудың негізгі құралы ретінде бизнес-үдерістерді автоматтандыру жүйесі ұсынылған. Оны ауышларуашылығы кәсіпорын-дарында қолданудың қажеттілігі анықталған. Бизнес-үдерістерді автоматтандырудың үш деңгейі - шұғыл, тактикалық, стратегиялық анықталған. Ірі ауылшаруашылық кәсіп-орындарында технологиялық үдерістерді басқарудың үдерістік-бағытталған көзқарастарын қолдану әдістемесі ұсынылған. Бизнес-үдерістердің келесі шұғыл менеджмент және жетілдіруге дейінгі жүйесін қалыптастыру және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының ди-агностикасына үдерістік механизмді енгізу шегінде басқарудың толық циклі ұсынылған.
176-180 136
Аңдатпа
Басқару мәдениетінің қоршаған ортада жедел өзгеріске негізделген, тұтынушылар-дың жаңа сұранысының пайда болуының маңыздылық мәселелері қарастырылған. Автор корпоративтік мәдениет ұйымды басқасынан айырады және болашақтағы қызметінің та-бысын анықтайтынын, басқаруды жетілдіру жолында оның табыстылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өндірістік менеджмент тиімділігін және қызметтің сапасын жақсар-туды жоғарылатуға мүмкіндік беретін тәрбиеге қатынасын анықтаған. Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, интеграциялық бірлестіктер субъектілерінің экономикалық қызығушы-лығының теңгерімімен байланысты тетіктерді, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін корпоративтік құрылымдарды басқарудың критерийлерін анықтаған
ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)
ISSN 2708-9991 (Online)