№ 3 (2017)
7-12 143
Аңдатпа
Мақала авторы Орталық Азия елдері арасындағы органикалық өнімдер саудасының жоқтығына назар аударады және осыны Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аграрлық шикізаттың мемлекетаралық айналымын мысалға келтіре отырып, көрсетеді. Батыс елдерімен салыстырғанда экологиялық таза өнімдерді өндіруге кеш өту себептерін дәлелдермен түсіндіреді. Ішкі және сыртқы нарықтар үшін екі еселік органикалық стандартқа байланысты пікірін білдіреді. Органикалық өндіріс стандарттарын өз еркімен қабылдау белгілі бір тәуекелмен байланысты, сондықтан автор фермерлерді қаржылық және қыржылық емес әдістермен қолдау қажеттігін дәлелдейді. Мақалада жер дәстүрлі өңдеуден органикалық өңдеуге әртараптандыру параметрлері және органикалық фермерлерді ынталандыру параметрлері келтірілген.
13-19 141
Аңдатпа
Қазақстанның БСҰ-на кіруінің артықшылығы агробизнеске және экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсетудің мемлекеттік саясатына байланысты болмақ. АӨК экономикасын дамытуға және Қазақстанның территориялық артықшылықтары мен экономикалық жағдайына әсер ететін факторларға бағалау жүргізілді. Экспорттық мүмкіндіктерді дамытудың әлеуеті зерттеліп, азық-түлік пен тауарлық өнімдер ағыны экспортын әртараптандыру саясаты жасалды. АӨК-нің сезімтал салаларының жұмыс істеу тиімділігі жеке өнімдердің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, экономикалық аспаптарды жүзеге асыру механизмін жетілдіру арқылы көтерілуі мүмкін. Мақалада Қазақстанның БСҰ-на кіру жағдайындағы аграрлық азық-түлік үрдістерін дамыту бағыты жүйелендірілген. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ететін сезімтал ауылшаруашылық өнімдеріне зерттеулер жүргізілген.
20-27 159
Аңдатпа
Кедендік-тарифтік реттеу жағынан біріктіру жағдайындағы ұлттық аграрлық секторының жұмыс істеуінің құқықтық негізі, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру, санитарлық, фитосанитарлық, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық шараларды қолдану, техникалық реттеу, сауда және ішкі нарықты қорғау шаралары қарастырылады. Әсіресе АӨК саласында БСҰ аясында қабылданған құжаттар қазақстандық өндірушілер үшін басты қауіптің нарықты кедендік-тарифтік қорғаудың төмендеуіне, ашық сауданың өсуіне байланысты екенін көрсетсе, әлемдік тәжірибе қазір импорттық ағымды реттеудің салыстыра тексерілген тарифсіз аспаптарының маңызды болып табылатынын көрсетеді. Сонымен қатар, ЕАЭО аясындағы нормативтік-құқықтық база интегратор елдердің аграрлық секторы салаларын дамыту деңгейін түзейді, агробизнесті жүргізу үшін теңдей бәсекеге қабілеттілікті жасайды. Бұдан бөлек, мемлекеттер арасындағы өзара сауда жасау кедергілерін жою тауардың жылжуын едәуір тездетеді, ортақ кәсіпорындарды құру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
28-33 173
Аңдатпа
Еуропалық одақтың бірыңғай аграрлық саясатының (ЕАС) жұмыс істеуінің заманауи қағидалары қарастырылған, оны дамытудың басты ерекшеліктері мен аспаптары талданған, қаржыландыру механизмі ұсынылған. Бірыңғай аграрлық саясат - Еуропалық одақтың жалпы саясатының маңызды бағыты. Ол оған ЕО бюджетінің едәуір бөлігінің арнайы бөлінгенімен дәлелденеді - 60%-дан аса. Бірыңғай аграрлық саясат ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғынан бастап жүзеге асырылып келеді. ЕО мүше мемлекеттердің аграрлық өнеркәсіптік кешендерінің дамуына қарай ол үнемі жетілдіріліп келеді, оны дамытудың жаңа механизмдері де енгізілген. ЕО ЕАС реформалаудың басты кезеңдерін талдай келе өндіріске қатысты тікелей төлемдер енгізілген 1992 ж., субсидиялар мен өндіріс көлемі арасындағы тәуелділікті қысқартқан 2003 ж. маңызды деген реформалардың жүргізілгенін айтуға болады. 2014-2020 жж. реформа фермерлер кірісін арттыруға, ауылдың аймақтарды дамытуға және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған.
34-40 135
Аңдатпа
Еуразиялық экономикалық одаққа бірігудегі Батыс Қазақстан облысының аграрлық азық-түлік жүйесі тиімділігіне баға берілген. Облыстың шекаралық жағдайы оның бірігу үрдісінде белсенді рөл атқарады. Аймақтың азық-түлік және ауылшаруашылық шикізат саудасындағы экономикалық даму көрсеткіштеріне бірігу белсенділігінің оң әсерін тигізетіні айталған. Өзара тиімді саудада сектораралық құраушы бар. Регрессиялық үлгі нәтижелері экспортты көбейту және БҚО аграрлық азық-түлік өнімдерінің сыртқы сауда айналымын арттыру арқылы жалпы аймақтық өнімнің өсу мүмкіндігі бар көрсетеді. Аймақтың жалпы өнім көрсеткіштерінің, қолданыстағы біріктіру бірлестіктері аясындағы сыртқы сауда айналымының және біріктіру әсерінің болжамы ұсынылған. Біріктіруді күшейту аймақтың аграрлық азық-түлік жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне алып келеді.
41-47 124
Аңдатпа
Қазақстанның Корнельским университеті, INSEAD бизнес мектебінде (European Institute for Business Administration) және Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымында жарияланған жыл сайынғы «Жаһандық инновациялық индексі» баяндамасы негізінде Жаһандық инновациялық индексінің жалпы рейтингісіндегі ұстанымының динамикасы зерттелген. Елдің инновациялық жүйесіндегі мықты және әлсіз тұстары анықталған. Соңғы жылдары инновациялық белсенділіктің нәтижелері және ресурстардың көрсеткіштерінің кәдімгідей өзгеріске ұшырығаны анықталды. Республикада жаһандық инновациялық индексі динамикасының оң нәтиже бере бастағаны айтылады. Дегенмен, бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарына қарамастан көшбасшылармен салыстыра келгенде рейтингтің кейбір өлшемдері бойынша артта қалып жатқаны көрсетіледі. «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің шаңын және орта бизнестің дамуына, Қазақстан Республикасының жаһандық инновациялық индексін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктердің туындауына оң әсерін тигізгені туралы болжам жасалған.
48-53 143
Аңдатпа
Отандық аграрлық өнімді әлемдік нарыққа жылжыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта протекционизм шараларын қолдану арқылы отандық азық-түлік тауарларымен ішкі нарықты толықтыруға бағытталған импортты алмастыру әлеуетін құру қажет. Мақалада аграрлық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің стратегиялық позициялары, жедел мониторингісі бойынша жұмсалатын күштерді біріктірудің рөлі көрсетілген. Аграрлық өнімдердің әлемдік нарығының даму үрдісі, нарыққа белсенді қатысушылар санын бір уақытта көбейту барасындағы сала өндірісінің өсімі, импортты алмастыру саясатының басты құраушылары, тарифтік реттеу бойынша кешендік шаралар қарастырылған. Авторлар республикадағы аграрлық секторының өңдеуші саласының дамуы оның өндірістік базасын және өнімнің сапасын жақсартатын, сыртқы тауар айналымындағы тауар ағымын оңтайландыратын импортты алмастыру бойынша шараларды белсендіру, инвестициялық белсенділікті арттыру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
54-60 182
Аңдатпа
Алматы облысының ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштері шаруашылықтың барлық категориясы бойынша зерттелген: аудандар қимасындағы жалпы өнімнің көлемі және соңғы бес жылдағы өсімдік шаруашылығы, өсімдік шаруашылығының құрылымы, 2016 ж. Егін алқабы, 2012-2016 жж. жеміс-жидектер және жүзім өндірісі. Жан басына шаққандағы өнімді пайдалануы, облыстағы өсімдік өнімдерінің басты түрлері көрсетілген. Шаруа шаруашылығының азіргі жағдайына баса назар аударылады. Ауданның ауылшаруашылық өндірісіндегі шаруа шаруашылығының үлесі, егін алқабының көлемі, ауылшаруашылық дәнді-дақылдардың өнімділігі, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өткізу жолдары, 2017 жылдың қаңтарындағы қызмет көрсету және өнімнің жалпы шығарылым көлемі келітірілген.
61-65 140
Аңдатпа
Мақалада соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы АӨК-ін қаржылық реттеу мәселелері қарастырылған. Ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігі және стратегиялық маңыздылығына байланысты саланы басқару мен өңірлік деңгейде қаржыландырудың ерекше әдісін әзірлеуді талап етілетіндігі көрсетілген. Саланың экономикалық өсімін мемлекеттік реттеудің басты міндеті - ауыл шаруашылық өндірісін инвестициялық дамыту болып табылады. Себебі, инвестицияның өсуі- ауыл шаруашылық өндірісін өсірудің; ауыл шаруашылығындағы тозған негізгі қорларды, өңірлік техникалық және технологиялық базаны жаңарту мәселелерін шешудің, сонымен қатар экономикадағы аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуші негізгі факторлардың бірі. Нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды қаржыландыру жағдайына талдау жасалған, ауыл шаруашылық өндірісі субъектілерін дамытуға ықпал ететін бюджеттік және несиелік тетіктерге назар аударылған. Республикадағы АӨК-ін мемлекеттік қаржылық реттеуді әрі қарай жетілдіруге байланысты ұсыныстар берілген.
66-72 163
Аңдатпа
Қаржылық ресурстар түсінігінің теориялық негіздемесі беріліп, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландырудың басты мәселелері көрсетілген. Бұл аспект «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қызметінде талдау жасалған. Шетелдік тәжірибе ұсынылып, республикамыздың аграрлық өндіріс субъектілерін дамыту үшін түрлі қаржылық аспаптарды қолдану мүмкіндігі және Қазақстан Республикасы АӨК-дегі мемлекеттік қолдау жүйесін дамытудың басты бағыттары қарастырылған. Қорытындыда аграрлық сала мекемелерін қаржыландыру тұрақсыздығының заманауи жаһандық процестердің әсер етуімен қиындай түсетіні, оларды қаржыландырудың осы процесті ұйымдастыруға, көздердің құрылымдарына, пайдалану бағыттарына, қаржыландырудың көлемі мен тұрақтылығына әсер ететін ауылшаруашылық өндірістің ерекшеліктеріне тікелей тәуелді екені көрсетілген.
73-77 175
Аңдатпа
Бидай мен одан жасалған өнім нарығындағы бағаның қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты маңызды мәселелер қарастырылған. Тізбектелген кезеңдері бар астық нарығындағы бағаның қалыптасу алгоритмі; мекеменің сыртқы ортасын зерттеу, баға саясаты мақсатын анықтау, бидайды өндіру және жүзеге асыруға шығатын шығындар мен сұраныс бағасы жасалған. Жүйелік талдау әдісін қолдану арқылы бағаның қалыптасу үлгілері зерттелді: шығыс, нарықтық сұраныс, бәсекеге қабілетті. Шығын туралы ақпаратқа негізделген бидай бағасының қалыптасуына әдістемелік тәсілдер жетілдірілген. Ауылшаруашылық тауар өндіруші бағаны қалыптастыру барысында өндіріспен және оны жүзеге асырумен байланысты шығындарды белгілеп алады. Өндірістік шығындар мен күтілетін кіріс бағаның қалыптасу факторы болып табылады. Шығындардың басым бөлігін минералды тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сатып алу құрайды.
78-83 149
Аңдатпа
Өндірістік емес шығындарды қарастыратын бөген шаруашылығын ұйымдастыру барысындағы үстеме шығындардың таратылу амалдары қарастырылған. Үстеме шығындарды тарату тәртібі балық шаруашылығы өнімінің бағасы есебіне әсер етеді. Үстеме шығындарды бақылау мақсатында бөген шаруашылықтарына мониторинг жүргізу орталықтарын құру қажет. Үстеме шығындарды тарату әдістемесі балық шаруашылығы өнімінің есеп саясатында көрінуі тиіс. Бұл мақалада көрсетілген тікелей және үстеме шығындар - балық шаруашылығы саласындағы бухгалтерлік есептілікпен, экономикалық операциялардың талдауы мен басқармасымен тығыз байланысты өндірістік бөлімшелер қызметіне берілетін бағаның негізі. Зерттеулер нәтижелері бөген шаруашылығының қаржылық қызметін жетілдіруге, өндірілген өнімнің өзіндік құнын азайтуға, осы саланың тиімділігін арттыру резервтерін анықтауға септігін тигізеді.
84-89 215
Аңдатпа
Мал шаруашылығын дамытуға жем қорының әсері мол. Мал шаруашылығы өнімін өндіруде малды азықтандыруға кететін үлкен шығындардың залал келтіретіні белгілі. Осыған байланысты қазіргі уақытта өзіндік құнын азайтуға және ет өндіруде шығатын шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларына жем беру мөлшерін оңтайландыру маңызды, Мақалада малдарды өсіруде берілетін бір күндік жем мөлшерін оңтайландыру есебі мен Ақмола облысы мекемелерін мысалға ала отырып, ары қарай дамытудағы бордақылау есебі келтірілген. Ауыл шаруашылығы малдары үшін жем беру мөлшерін оңтайландыру желілік экономикалық-математикалық үлгі, жем беру мөлшерінің ең төменгі бағасы болып табылатын мақсаттық атқарым негізінде орындалады. Жем беру мөлшерінің сапасына қойылатын талаптар болса, жем мөлшеріндегі тағам компоненттері мен өзара байланыстарының құрамына қатаң тыйым салу арқылы жүзеге асырылады.
90-93 142
Аңдатпа
Республикадағы жеміс шаруашылығы салаларын дамытуға лимиттеуші мәселелер ашылады, шаруашылық жүргізудегі түрлі формалардың жеміс өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі рөлі көрсетілген. Жеміс шаруашылығы тиімділігін төмендететін факторлар, жемістер мен жидектерді тиімді өндіру резервтері қарастырылған. Өнеркәсіптік жеміс шаруашылығын жүргізу үшін ірі ауылшаруашылық жеміс өсіретін ұйымдарды дамыту қажеттігі ескеріледі. Шаруашылығын жүргізетін субъектілер жүйесінде кооперация мен интеграциялық үрдіске баса назар аударылған. Автор құрылымдық тиімді өзгерту үшін ғылым мен тәжірибенің замануи талаптарына жауап беретін өнеркәсіптік типтің ірі көшеттерін құруға бағытталған бірнеше экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алу қажеттігін баса айтады.
94-97 148
Аңдатпа
Әлемдік аграрлық экономикаға бірігу үшін арзан, сапасы мен еңбек тиімділігі жоғары болатын бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнім өндірілуі тиіс. Ондай көрсеткіштерге ауылшаруашылық кооперативтерді ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады. Ауылшаруашылық кооперативтердің формалары және түрлері, оларды жіктеудің әдістемелік негіздері қарастырылған. Жұмысты ұйымдастыру әдістері, әрекет ету қағидалары көрсетілген. Экономикалық дамыған елдердің шетелдің тәжірибесі келтіріліп, осы мәселе бойынша әлемдік жетекші ғалымдардың пікірлері айтылған. Осы мәселенің мазмұны жайлы автордың түсіндірмесі берілген. Авторлар ауылшаруашылық кооперативтердің экономикалық мәнін дұрыс анықтау, кооперативтердің формалары мен түрлерін айқын жіктеудің елдердегі, оның ішінде Әзірбайжанда АӨК-де ауылшаруашылық кооперацияның дамуы үшін маңызды екенін айтады.
98-101 135
Аңдатпа
Ауылшаруашылық кооперативтерінің санына, мамандандырылуына, өндіріс көлемі бойынша үстіміздегі жылдың бірінші кварталына жасалған статистикалық есеп негізіндегі жағдайы қарастырылады. Осы саладағы кооперативтерді құруға сүт өңдеу бойынша қуаттылықтың төмен болуы итермелегендіктен, сүт кооперативтері қызметі терең зерттеліп ұсынылған. Еліміз бойынша облыстар қимасындағы сүт өндіру деректері, оның ішінде ауылшаруашылық кооперативтер бойынша деректер, оларды сараптау бойынша мәліметтер, сапалы өніммен қамтамасыз ету талаптарына жауап беретін мемлекеттік қолдау шаралары келтірілген. Субсидиялау бойынша деректер де жоқ емес. Кооперативтердің мүшелерінің құрамы және құрылымы, ауылшаруашылық кооперативтер және облыстар қимасындағы сүт өндірісінің көлемі көрсетілген.
102-110 189
Аңдатпа
Жер қатынастарын реттеу негізіндегі жерді пайдалануды қалыптастыру бойынша шетелдік тәжірибе қарастырылады. Бір жеке және заңды тұлғаға жалға және жеке меншікке берілетін пайдаланылатын жерлердің көлеміне қолданыстағы шектеулер келтіріледі. Әлем-дегі елдердегі бір ғана тұлғаға берілетін жер Пайдаланудың минималды және максималды көлемі талданған. ЕО және ЕАЭО елдеріндегі фермерлерге төленетін тікелей төлемдер зерт-телген. Шет елдердегі жер айналымы бойынша қолданыстағы заңға талдау жасалған. ҚР Жер комиссиясы жұмысының нәтижелері және жер реформасын жүргізу үрдісіндегі анықталған шығындар келтірілген. ҚР Үкіметінің жеке меншікке жерді сатуға 5 жылдық мораторий жариялау арқылы оларды жою бойынша шаралары көрсетіліп, Қазақстандағы жер қатынастарын жетілдірудің басты бағыттары берілген. Ең маңызды мәселелердің қатарына қазақстандықтарға жалға беруге болатын жерлердің шекті (максималды) мөлшерін анықтау әдістемесін жасау жатады.
111-116 172
Аңдатпа
Республикадағы жер қатынастарын реформалары нәтижелеріне және олардың әлемдік тенденцияларға сәйкестігіне талдау жасалған. Көпқұрылымды аграрлық экономиканы қалыптастырудың әлемдік тәжірибеге сәйкес және табиғи өндірістік жағдайлардың ерекшеліктеріне қарай жасалғаны анықталған. Бірақ, ұсақ жер телімдерінің көптеген мөлшерімен ірі жерлерді пайдалануды реформалау үрдісінің ауылшаруашылық өндіріске тиімділігі деңгейінде, жерлерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша шараларды жүргізу деңгейінде кері әсерін тигізгені жазылған. Жерлердің ауылшаруашылыққа және ерекшеліктері бойынша жер телімдерінің мақсаттық пайдалануға бөлінгені көрсетілген. Аграрлық секторда шаруашылық жүргізетін субъектілер құрамының, Қазақстанның аграрлық қалыптасуының орташа көлемдерінің динамикасы берілген. Жерді пайдалануды шектен тыс ұсақтатып жіберуге тигізетін кері әсерді азайтатын кооперациялау жолымен ұсақ тауар өндірушілерді біріктірудың жаңа қарқыны белгіленген.
117-120 170
Аңдатпа
Өндірісті дұрыс ұйымдастырудың басты жағдайларының бірі - оның даму болашағын анықтау. Әрбір ауылшаруашылық кәсіпорнында өндірісті дамытудың келешекті жоспары бар. Оны жүзеге асыру үшін ҚР Жер Кодексіне сәйкес шаруашылықішілікжерге орналастыру жобалары, ал ауылдық елді мекендер пунктері үшін жер-шаруашылық құрылғысы жобалары жасалады. Ауылшаруашылығы өндірісінің өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы үнемі тұрғылықты пунктерді қоршап жатады және технологиялық жағынан тығыз байланысты, жерге орналастыру мен елді мекендердің жобалары бір-бірімен тығыз байланыста және өзара келісілген түрде жасалуы қажет деп жобаланады. Алайда қазіргі уақытта шаруашылықішілік жерге орналастыру жобалары ауылдық елді-мекендер пунктерінің даму перспективаларымен келісілмеген түрде жасалады деген ұғым қалыптасқан. Одан басқа, ауыл шаруашылық кәсіпорындары жерлері екі, үш, тіпті кейде одан да көп ауылдық округтерде орналасады. Өндірісті территориялық ұйымдастыруды, ауылшаруашылық мекемелердің және ауылдық елді-мекендердің жер шаруашылығы құрылысының шекарасындағы жерді пайдалану және қорғауды жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.
121-124 138
Аңдатпа
Елдің бірігу үрдістерін тереңдету, Қазақстанның аграрлық өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасы негізінде аграрлық саясатты жетілдіру, азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Өз кезегінде көптеген халықыралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейтуді талап ететін агроөнеркәсптік кешен салаларын мемлекеттік реттеу және реформалаудың жаңа құралдарын қолдану қажеттігі айтылады. Автор халықыралық ұйымдар арасынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымын (ЭЫДҰ), Халықаралық эпизоотикалық бюросын (ХЭБ), БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымын (ФАО), Ислам ынтымақтастығы ұйымын (ИЫҰ) тілге тиек етеді. Осы сияқты ұйымдармен өзара байланыс жасау көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Ынтымақтастығы аграрлық саясатты жасауда білікті мамандар кеңесін алуға мүмкіндік жасайтын ФАО-ға ерекше назар аударылады.
125-130 135
Аңдатпа
Қазақстан экономикасының аграрлық секторын аймақтық дамыту мәселелері қарастырылған. Аймақтық басқаруды дамытудың қазіргі кезеңінде аймақтар территориясына шоғырланған салаларды дамытудың ең тиімді нәтижелерін алу үшін «жасыл экономиканы» ескере отырып, дағдарысқа қарсы шараларды қолдану қажеттігі туындайды. АӨК салалары арасындағы құрылымдарды жетілдіру және өзара қарым қатынасын жетілдірудің мәселелеріне талдау жасалған. Олардың ең бастысы - ауылшаруашылық өнімнің өндірушіден тұтынушыға жылжу жүйесін оңтайландыру. Өңдеу және қызмет көрсету бойынша ауылшаруашылық кооперативтердің құрылуы және жұмыс істеуіндегі мемлекеттік қолдаудың рөлі көрсетілген. Сүт өнімдірін өндіретін мекемелердің қызметіне талдау жасалған. Автор ет-сүт өндіретін аймақтар үшін дағдарыс қатерлерінің алдын алатын және азайтатын аймақтық бағдарламаны жасауы қажет екенін тілге тиек етеді. Дағдарысқа қарсы шаралардың мақсаты - республиканың аймақтарын дамыту деңгейін жақсарту негізіндегі ауылшаруашылық мекемелерді әлеуметтік дамыту, экономикалық өсім қарқынын тезірек қалпына келтіру.
131-135 186
Аңдатпа
Аграрлық өнеркәсіптік өндірістерді дамытудың шетелдік тәжірибелері және оны АҚШ, Канада, Аргентина, Австралия, ЕО-тағы мемлекеттік қолдау ұсынылған. Мақала авторы мемлекеттік реттеу негізіндегі аграрлық өндірісті басқарудың шетелдік тұжырымдамасын, ауылшаруашылық мекемелердің қызметіне және шаруашылық өзін-өзі басқаруға қолдау көрсетуді баса айтады. ЕО елдеріндегі ауылдық аймақтарды дамыту саясаты және ЕО ауылшаруашылық кооперативтерін дамытудың басты көрсеткіштері қарастырылған. Еуропаның фермерлік кооперацияларының кеңінен таралған түрлері, шет елдердегі АӨК тікелей және жанама субсидиялау шаралары, аграрлық бағалар мен фермерлік кірістер саясаты, АӨК субъектілерінің экономикалық қызметіне мемлекеттің кірісу дәрежесі көрсетілген.
136-140 153
Аңдатпа
Статистикалық әдістер негізіндегі астық өнімділігінің тұрақтылық көрсеткіштері есептелген, дәнді-дақылдарды жалпы жинау және егіс алқаптарының көлемі көрсетілген. Қостанай облысындағы 2001-2015 жж. астық өндірісінің тұрақтылық көрсеткіштерінің динамикасына талдау жасалған. Регрессиялық талдау арқылы Қостанай облысының астық өндірісі тұрақтылығына әсер ететін экономикалық факторларға болжам жасалған. Аграрлық өндірістің тұрақты дамуына дәнді-дақылдардың тұрақтылық деңгейін сипаттайтын ғылыми негізделген көрсеткіштер арқылы қол жетекізуге болады. Дәнді-дақылдар өнімділігін анықтаумен, астықтың жалпы көлемімен бағаланатын ауыл шаруашылығы дамуының тұтас тұрақтылығының ғылыми аспектілері берілген. Түсімділік, жалпы жиын-терін және егіс алқаптарының көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесінде тиісті қорытындылар жасалып, дәнді-дақылдар өндірісін дамытуға байланысты шаралар көрсетілген.
141-145 173
Аңдатпа
Импортты алмастыру протекционистік саясатты жүргізуді талап етеді, төлем баланстары құрылымын жақсартуға, үшкі сұранысты орнықтыруға, жұмыспен қамтумен қамтамасыз етуге, ғылымды қажетсінетін салалар мен ғылыми әлеуетті дамытуға септеседі. Азық-түлік импортын оңтайландыру екі басты мәселені шешуді ұсынады: импорт құрылымында машиналардың, құрылғылардың және жоғары технологиялардың үлесін арттыру, ауыл шаруашылығындағы және тамақ өнеркәсібіндегі өндірісті алмастыруды дамыту нәтижесінде импорттық азық-түлік тауарлары үшін бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру. Мақалада сары май өндірісін арттыруға қатысы бар ауыспалы шамалар арасындағы байланысты анықтау үшін сары майды өндірудің корреляциялық және регрессиялық талдауы берілген. Сары май нарығының, оның отандық өндірушілерінің импорттық өндірушілерден сапасы жағынан артта қалып отырған, қазіргі жағдайы зерттелген.
ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)
ISSN 2708-9991 (Online)