№ 1 (2015)
5-11 150
Аңдатпа
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді дамытуды тежеп отырған факторлар, оны ҚР АӨК-нің негізгі салаларында (астық, ет, сүт, жеміс-жидек, көкөніс және т.б.) дамытудағы ерекшеліктері, бәсекелестік артықшылықтары және басымдық бағыттары ашып көрсетілген.
11-15 110
Аңдатпа
Отандық аграрлық азық-түлік рыногының проблемалары, сұраныс пен ұсыныстар қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылған. Аграрлық өнімнің ұлттық рыногын дамытудағы басты мақсат - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі, өз өндірісін қамтамасыз ету, валюталық қаражаттарды түсіру көздері ретінде автор атап көрсетеді
16-20 134
Аңдатпа
Өсімдік және мал шаруашылықтары салаларының қазіргі жағдайларын талдау негізінде Қазақстан аграрлық секторының экспорттық мүмкіндіктері көрсетілген. Негізгі тамақ өнімдерінің экспорты мен импорты, олардың ішкі тұтынудағы үлесі қарастырылған. Елдің АӨК экспорттық әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстар берілген.
21-23 129
Аңдатпа
Қазақстан АӨК-ін инвестициялық несиелендіру, коммерциялық банктердің қаржылық әлеуетін қазіргі тарту механизмі, аграрлық сала кәсіпорындарын сауықтыру ретіндегі проблемалары қарастырылған.
23-25 138
Аңдатпа
Фирма өнімдерінің сапасын марка (бренд) көрсетеді. Бренд дегеніміз тұтынушылардың компанияларға қатысы бойынша қабылдауы. Сондықтан фирмалар мықты брендтер құруға әрекет етеді, акцияларын көбейту үшін стратегиялар дайындайды. Қазіргі маркетингтің бірден-бір маңызды аспекті ғаламдық бәсекеде күшті бренд құру атап көрсетілген.
26-31 114
Аңдатпа
Мақалада аграрлық сектордағы өндірістік-техникалық қызмет көрсетуді, МТС-нің жұмыс жасауын жетілдіру бағыттары, аграрлық сервис орталығының МТС-лардан артықшылықтары көрсетілген.
32-35 120
Аңдатпа
Салық алымдары мен салық жүктелімдерінің оңтайлы мөлшерін белгілеуге әдістемелік көзқарастар, ЕАЭО елдері ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бердей жағдай құру үшін қажетті салық түрлері, арнайы салықтық режим қарастырылған.
36-43 136
Аңдатпа
2015-2017жж. ауыл шаруашылығын қаржыландыру мәселелеріне және онымен байланысты салаларға қатысты республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштері келтірілген. Республикалық бюджеттің табыс бөлігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген, с.і. ҚР Ұлттық қорынан трансферттер бөлу арқылы. Қаржыландыруға және бюджеттік бағдарламаларды несиелен-діруге мақсатты трансфеттер бөлу арқылы және ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында мемлекет көрсететін қаржылық қолдау бағыттарына салыстырмалы талдау жүргізілген.
44-47 156
Аңдатпа
Әлемдік рыноктағы астықтың бәсекелестік қабілетін шектейтін негізгі факторлар көрсетілген; көліктік және нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту; аграрлық ғылымның басқа да әлеуетін пайдаланудың қажеттігі.
48-53 125
Аңдатпа
Қазақстандағы мал шаруашылығы саласының бәсекелестік қабілет түсінігі мен проблемалары қарастырылған. Республикадағы мал басы санына талдау жүргізіліп, шаруашылықтардың барлық категориясындағы ет өндірісінің серпіні есептелген, орташа жылдық жан басына ет тұтыну, мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген.
54-59 163
Аңдатпа
ЕАЭО жағдайында және ДСҰ-на кіру алдында республика мал шаруашылығы басты экспортқа бағдарланған ет өнімдері рыногының жағдайы қарастырылған, жақын болашақта оны дамытудың қажетті көлемдік көрсеткіштері есептелген.
60-64 115
Аңдатпа
Қазақстандағы 1991-2014жж. адам ресурстарын дамыту үдерісі көрсетілген. Автор, республикадағы нарықтық экономиканы нығайту, оларды әлеуметтік-экономикалық саладағы басымдық бағыт ретінде бөліп көрсетуге мүмкіндік береді және қажетті кәсіби- білімдер мен мамандықтарды анықтайды деп көрсетеді.
65-70 175
Аңдатпа
Өңір экономикасының жұмыс жасауы, оның инвестициялық тартымдылығына, өндіріс тиімділігіне және халықтың өмір сапасына әсер етуші өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуымен байланысты проблемалары қарастырылған. Әлеуметтік құрылымды дамыту мемлекеттік басқаруда басымдық бағыттар болуы керек.
71-76 151
Аңдатпа
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ақпараттық технологияларды игеру проблемалары бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнім өндірісі постиндустриалдық экономиканың және оның жұмыс істеу ерекшеліктерінің маңызды факторлары ретінде көрсетілген.
77-79 141
Аңдатпа
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, ең алдымен жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға, әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың және еңбек рыногының икем-ділігін ынталандыруға бағытталған халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іс жүзінде асырумен байланысты өндірісті, ұйымдастыруды аймақ-тық өзгешеліктерді ескере отырып, жетілдіру мәселелері көрсетілген.
ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)
ISSN 2708-9991 (Online)