Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СҮТ САЛАСЫ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

https://doi.org/10.46666/2020-4-2708-9991.16

Толық мәтін:

Аңдатпа

Елдің сүт өнімдерін өндіру бойынша жетекші өңірі - Шығыс Қазақстан облысының сүт саласындағы жай-күйі мен проблемаларын зерттеу нәтижесінде 2010-2019 жж.бастап Қазақстан Республикасында және ШҚО-да сүтті мал шаруашылығының дамуы жалпы сауылған сүт, сиырлардың орташа жылдық саны, 1 сиырға сауылған сүт, шаруашылық санаттары бойынша облыста сүт өндіру құрылымының көрсеткіштерін пайдалана отырып талданды. Сүт өндірісінің көлемін және сүт өнеркәсібі өнімдерінің негізгі түрлерін талдау негізінде облыста сүт өнімдерін өндіру серпіні қаралған; кәсіпорындардың орташа жылдық өндірістік қуаттылығының деңгейіне, халықтың сүт өнімдеріне қажеттілігі мен оның нақты тұтынылуына баға берілген. Сонымен қатар, өңірдің сүт саласын дамытудың негізгі проблемалары: өндірістік қуаттар жүктемесінің төмен деңгейі, санитариялық нормалар талаптарына сәйкес келмейтін пайдаланылатын шикізаттың тапшылығы мен сапасының төмендігі, ескірген материалдық-техникалық база анықталған, оларды шешу жолдары ұсынылған. Өңірде сүт зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуге ірі және орта мөлшерлі мамандандырылған сүт шаруашылықтарын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту ықпал ететін болады. Шаруашылық жүргізудің осы нысандарының қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, ветеринариялық және асыл тұқымдық жұмысты қажетті деңгейде жүргізу нәтижесінде өңірдің сүт саласы шикізатының өндірісін ұлғайтады, оның сапасын арттырады, сондай-ақ ауыл халқын жұмыспен қамтуды және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кешенді көзқарас қалыптастырады.

Автор туралы

Ж. Х. Кажиева
Шәкәрім атындағы университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. -2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы [Электрондық ресурс].-2017.- URL: http://www.egov. kz/cms/law/list (қаралған күні: 20.10.2020).

2. В каком направлении сегодня развивается Восточно-Казахстанская область [Электронный ресурс].- 2020.- URL: http: // www.dknews.kz/inner-news (дата обращения: 26.10.2020).

3. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің "Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылғы Қазақстан Республикасындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы" жедел деректері [Электрондық ресурс].- 2020.- URL: http:// www.stat.gov.kz (қаралған күні: 16.10.2020)

4. Ахмеджанова, Д.Р. Изучение рынка молочной продукции стран-участников Евразийского экономического союза / Д.Р. Ахмеджанова, А.А. Лапушкин // Инновационная экономика.- 2015.-№ 5. - С.35-38.

5. Бекбенбетова, Б. Роль АПК в обеспечении продовольственной безопасности Республики Казахстан / Б. Бекбенбетова, Ш.У. Ниязбекова, Е.А. Исмагамбет // Проблемы агрорынка. - 2018. - № 3. - С.30-37.

6. Гаджимурадова, Л.А. Повышение конкурентоспособности продукции в АПК / Л.А. Гаджимурадова // Новая наука: проблемы и перспективы. -2017. -№1-2.- С. 266-267.

7. «Молочные» субсидии и стратегические направления развития молочного производства обозначил аким ВКО [Электронный ресурс]. -2018.- URL: http: //www.agroinfo.kz/ molochnye-subsidii-i-strategicheskie-napravleniya-razvitiya-molochnogo-proizvodstva-oboznachil-akim-vko/ (дата обращения: 26.10.2020)

8. Мырзалиев, Б.С. Қазақстан Республикасының агроөнерәсіптік кешеніндегі инновациялық үрдістер: мәселелері және оларды шешу/ Б.С. Мырзалиев, Е.Т. Әбілқасымов, Л.Т. Тайжанов // Проблемы агрорынка.-2019.- №1. - Б. 18-27.

9. Рейтинг конкурентоспособности регионов Казахстана. Восточно-Казахстанская область [Электронный ресурс]. - 2019.- URL: http://www.forbes.kz/ranking/object/54 (дата обращения: 28.10.2020)

10. Потекут ли «молочные реки»? [Электронный ресурс] - 2020.- URL: http://www.кaz vedomosti.kz/ article/potekut-li-molochnye-reki/ (дата обращения: 28.10.2020).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кажиева Ж.Х. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СҮТ САЛАСЫ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ. Аграрлық нарық проблемалары. 2020;(4):133-139. https://doi.org/10.46666/2020-4-2708-9991.16

For citation:


Kazhieva Zh.H. DAIRY INDUSTRY OF THE EAST KAZAKHSTAN REGION: STATE AND PROSPECTS. Problems of AgriMarket. 2020;(4):133-139. (In Russ.) https://doi.org/10.46666/2020-4-2708-9991.16

Қараулар: 627


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)