Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АӨК-ДЕГІ АУТСОРСИНГТІК ҚАТЫНАСТАР

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының аграрлық секторында оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аутсорсингтік қатынастарды пайдалану мәселелері қарастырылған. Аутсорсингті қолданудың алғышарттары: ұйымдастырушылық даму деңгейі, корпоративтік мәдениет, қазіргі заманғы техникамен жабдықталуы, инвестициялық ресурстардың төмен көрсеткіші зерттелген. Отандық агроөнеркәсіптік өндірісте аутсорсингтік әдістерді енгізуден алынатын артықшылықтар анықталды - инновациялық технологияларды енгізу, өнім сапасын арттыру, шығындарды азайту, кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін арттыру. Аутсорсингке бағытталған перспективалы бағыттар анықталған: ветеринария, зоотехния, агрономия, селекция, бухгалтерлік және заңгерлік қызмет көрсету. Авторлардың айтуынша, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының сыртқы операторларды тарту моделінің эволюциясы басқа да салаларға тән, оның үшвекторлы бағыты бар: бір жолғы міндеттерден тапсырыс берушінің мүддесі үшін белгілі бір үдерістің толық цикліне; қызметтерді қарапайым сатып алудан ұзақ мерзімді интеграцияға; бейінді емес рәсімдерді бейінді рәсімдерге беруге. Агроөнеркәсіптік кешенде аутсорсингтік сервисті қолданудың SWOT талдауы ұсынылған, олардың күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен тәуекелдері зерттелді. Берілетін функцияны іске асыру үшін қажетті өндірістік фактор бойынша аутсорсингтік қатынастардың түрлерін жіктеу жүргізілді. Капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілеттер, Табиғи ресурстар және аралас ақпарат, білім аутсорсингі зерттелді. Экономиканы жаңғыртудың тиімді тетігі ретінде агробизнестің және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі негізделген.

Авторлар туралы

Р. Қ. Конуспаев
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан


Т. Ж. Демесінов
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан


Т. А. Таипов
Алматы экономика және статистика академиясы
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Ловчикова, Е.И. Формирование системы эффективного стратегического управления региональным АПК/ Е.И. Ловчикова // Экономика и предпринимательство. - 2015. - №6-1(59-1). - С. 317-320.

2. Кондракова, Ю.Н. Социально-управленческий аспект использования аутсорсинга в современном российском сельском хозяйстве / Ю.Н.Кондракова, А.В. Виноградов // Теории и проблемы политических исследований.- 2016.- № 5.- С. 304-315.

3. Магомедов, А.М. Использование концепции аутсорсинга в сельском хозяйстве/ А.М.Магомедов, Г.Г.Левкин // Управленческий учет.-2017.- №9.-С. 36-44.

4. Ловчикова, Е.И. Реализация концепции аутсорсинга в региональном агропромышленном комплексе/ Е.И.Ловчикова, Н.А. Сухочева // Российский журнал сельскохозяйственных и социально-экономических наук (RJOAS).-2017.-№5.- С. 72 -79.

5. Базарбаев, А.О. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары / А.О. Базарбаев, Б.К. Купешова // Аграрлық нарық проблемалары.-2019.-№ 3.- Б.42-49.

6. Булхаирова, Ж.С. Человеческий капитал в сельскохозяйственной отрасли Республики Казахстан: современные тенденции / Ж.С.Булхаирова, Г.Т. Кунуркульжаева, А.Ж. Ибрашева // Проблемы агрорынка.- 2019.- № 4.- С. 86-93.

7. Ширшимдт, М.Д. Аутсорсинг в бизнесе и государственном (муниципальном) управлении: учебное пособие/ М.Д. Ширшимдт. - Томск: Изд-во Томского ун-та, 2015.-172 с.

8. Демесінов, Т.Ж. Аутсорсинг менеджменттің жаңа концепциясы: оқу құралы / Т.Ж. Демесінов. - Алматы: «Эверо» баспасы, 2016.- 456 б.

9. Водождокова, З.А. Кластерная политика как базис прогрессивного развития предпосылок аутсорсинговой модели ведения бизнеса / З.А. Водождокова // Вестник АГУ. - № 1. - 2015. - С. 182-186.

10. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 894 қаулысы.- Астана, 2017.- 217 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Конуспаев Р.Қ., Демесінов Т.Ж., Таипов Т.А. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АӨК-ДЕГІ АУТСОРСИНГТІК ҚАТЫНАСТАР. Аграрлық нарық проблемалары. 2020;(2):53-59.

For citation:


Konuspayev R.K., Demessinov T.Zh., Taipov T.A. OUTSOURCING RELATIONS IN AIC OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Problems of AgriMarket. 2020;(2):53-59. (In Russ.)

Қараулар: 278


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)