Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2017)

Аграрлық саясат: іске асыру тетігі

7-14 185
Аңдатпа
Қазақстандағы органикалық өнім нарығына және өндірудің, оны реттеу бойынша қолданыстағы шаралардың қазіргі жағдайына баға берілген. ҚазАӨКЭ және ААДҒЗИ «Орга-никалық өнім өндірудің экономикалық-ұйымдастырушылық жүйесін қалыптастыру және оны дамытудың нормативтік базасын негіздеу» тақырыбы бойынша орындаған зертеулер нәтижелері көрсетілген. Әлемдік және отандық тәжірибе негізінде органикалық егін шару-ашылығын жүргізк қағидалары және әдістері жиынтығы біріктірілген. Ауыл шаруашылығын жүргізу-шілердің шаруашылық жүргізудің органикалық әдісіне көші тәжірибесін ынталанды-ру мәселелеріне талдау жасалып, зерттелген. Оның өндірісін тежейтін себептер анықталған. Органикалық өнім өндірушілерін ынталандыру, органикалық өндіріс саласындағы стан-дарттау, сертификаттау, бақылау жүйесін қалыптастыру, бойынша ұсыныстар жасалып, субсидиялау механизмі негізделген. Авторлардың ұсыныстары шет елдердегі он жылдар бойы кейінге қалдырылған органикалық бизнесті қазақстандық жағдайға бейімдеу арқылы пайдаланудың пайдалылығына негізделген.
15-18 144
Аңдатпа
Қазақстанға тартылған тікелей шетел инвестицияларының ағымдағы жағдайы қарастырылады. Еліміздің экономикасына негізгі инвесторлардың инвестициялық салым-дарының бағыты, инвестицияны тартыдуың мемлекеттік саясаты талданады. Капиталдық ресурстарды тиімді пайдалану көрсетілген экономикалық шешімдер, олардың басты облы-старға бағыты және қоғамдық өндірістегі теңдікті қамтамасыз ету жолдары көрсетілген. Кейбір салаларды дамыту үшін инвестициялық климатты жақсарту бойынша іске асырыла-тын шаралардың көмегімен экономикалық қайта құрылымдау мәселелерінің шешімін табу мүмкіндіктері анықталған. Ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын пайдалану қажеттігі, өнеркәсіптегі дайын өнімнің үлесін арттыру қажеттігі, резиденттердің экономикалық қызметі, Қазақстанға шетелдік инвесторлардан тартылатын тікелей инвестициялар зерттелген. Инвестициялық активтердің көлемін және құрылымын қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару бойынша іс-шаралар кешені, олардың тәуекел жағдайындағы табыстылығының өсімі ғы-лыми негізделген. Инвестициялық қызметтің нысаналы бағытының жүйесін қалыптастыру, оларға қол жеткізудің тиімді әдістері ұсынылған. Инвестициялық саясаттың басты элемент-тері анықталған.
19-29 125
Аңдатпа
Ресей және Повольже аймақтарының 2011-2015 жж. басты көрсеткіштер өсімін анықтауға мүмкіндік беретін инновациялық-инвестициялық саласының қазіргі жағдайына талдау жасалған. Повольженің АӨК-дегі инновациялық-инвестициялық дамуын тежейтін вакторлар анықталып, оның тиімділігін арттыратын негізгі мәселелер: сынақтарды (серти-фикациялау және маркетинг) қаржыландыру, несиелік кепілдемемен қамтамасыз ету, ав-торлық құқықты қорғау т.б. анықталған. Аймақтың агроөнеркәсіптік кешеніндегі құқықтық аспектілерін реттеу және инновацияларды қолдау, сондай-ақ ұйымның инновациялық бел-сенділігін көтерумен қамтамасыз ететін Қорын құруды болжайтын инновациялық-инвестициялық даму механизмі жасалып, негізделген. Селекциялық жұмыстағы ауыл-шаруашылық саймандарды жасаудағы қолданбалы зерттемелерді грантпен қамтамасыз ету (банк несиелері, сондай-ақ кепілдемелер және гранттар беру есебінен кіші инновациялық мекемелер қызметін қамтамасыз етуге негізделген) және іргелі зерттемелерді бюджеттік қаржыландыру механизмдерімен байланыстыратын инновациялық-инвестициялық үрдіс-тердің оңтайландырылған сызбалары жасалған.
30-40 169
Аңдатпа
ЕАЭО келісімдерінің сапаның халықаралық стандарттарын енгізудің жаңа меха-низмдерін қалыптастыруға және кіргізілетін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды күшейтуді қалыптастыруға септігін тигізетін Қазақстанның аграрлық секторының сезімтал салаларына әсері қарастырылған. Қазақстанның АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігі өсіміне және өндіріс тұрақтылығына жасалатын жағдай анықталған. ЕАЭО нормаларын пайдаланудың қайта өңдеу мекемелері қуатының толық жұмыс істемеуіне, отандық азық-түліктің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігіне, техникалық-технологиялық жағынан артта қалуына, аграрлық өндірістегі инновациялық зерттемелердің толық пайдаланбауына бай-ланысты мәселелерді азайтуға мүмкіндік беретіні анықталған. ЕАЭО аясындағы орта және шағын бизнес жұмысын оңтайландыру, АӨК-нің қайта өңдеу секторына шетелдік және ішкі инвестицияны бесенді түрде тарту үшін жағдай жасауға байланысты қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша мемлекеттік шаралар тиімділігі туралы ай-тылады. Бұл құжаттардың келешегінің зор екеніне, техникалық, ветеринарлық-санитарлық карантиндік регламенттер, «жасыл» себет бойынша мемлекеттік қолдау көрсету шараларын арттыру салаларына мемлекетаралық стандарттарды енгізу бағытындағы өндірістік қаты-настарды кеңейту және өзгерту бойынша артықшылықтарын есептеу қажет.
41-49 140
Аңдатпа
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері аграрлық саясатты жүзеге асыру қаралған. Авторлар Қазақстанның АӨК басым салаларын дамыту, аграрлық өндіріс және азық-түліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістері және бағыттары мәселе-леріне баса назар аударады. Азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басты шараларға талдау жасалған. Отандық тағам өнімі өндірісін дамытуда маңызды рөл атқара-тын қайта өңдеу секторын дамыту факторлары көрсетілген. Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін мемлекеттік реттеу саласындағы заңдық және нормативтік базасына талдау жасалған. Азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы қауіптерді жоюға әсер ететін басты шараларды анықтауға мүмкіндік беретін теориялық және статисти-калық деректер талданған.
50-55 140
Аңдатпа
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған. Мемлекеттік реттеу, ішкі сауда шектеу әдістеріне талдау жасалған. Еліміздің ауыл шаруашылық шикізатымен және азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуіне баға берілген. Ұысынлған медициналық нормалармен тұтынудың сәйкестігі, азық-түлік нарығының жағдайы көрсетілген. Авторлар азық-түлік өндірісін өзімізде дамыту және экспорт пен импорттың теңдестірілген құрылымы, сондай-ақ азық-түлікпен қамту тұрақтылығы үшін резервтер қорын құру үшін жағдай жасау қажеттігін алға тартады. Азық-түлік нарығы жағдайының және тұрғындарды тағам өнімдерімен қамта-масыз ету жағдайы көрсеткіштеріне талдау жасау олардың ішінен басқару шешімдерін қабылдау үшін ең тиімді деген біреуін таңдап алу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігімен қамта-масыз ету стратегияларын - ұлттық азық-түлік жүйесі векторын қалыптастыратын мемле-кеттік экономикалық саясатының басты мақсатының бірін жасау барысындағы маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады.
56-60 139
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту аясында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Франция, Париж) стандарттарын қолданудың кейбір мәселелері көрсетілген. Басты акцент еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарын енгізу және ары қарай қолдану қажеттігі туралы ұсыныстарына жасалған. Макроэкономикалық ғылыми-технологиялық тапсырмаға - 2050 ж. ҒЗТКЖ шығындары деңгейін ЖІӨ-ге шаққанда 3%-ға жеткізуге басты назар аударылған. Еліміздегі АӨК инновациялық дамытуға байланысты қазіргі отандық зерттеушілердің әртүрлі көзқарастары берілген. Ғылыми-технологиялық саланың қазіргі жағдайын көрсететін статистикалық ақпаратқа талдау жасалған. Республиканың ауылшару-ашылық саласының инновациялық дамуын сипаттайтын индикаторға, оның ішінде ІЖӨ, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге жұмсалатын ішкі шығындар, оларды жүргізуге ЖІӨ-ге шаққандағы ішкі шығын деңгейі талданған. Авторлар-дың Қазақстан Республикасының АӨК инновациялық әлеуетін көтеруге және ауыл шаруашылығындағы ҒЗТКЖ жұмсалатын ішкі шығын деңгейін ІЖӨ шаққанда 2050 ж. кем дегенде 1,0%-ға жеткізуге мүмкіндік жасайтын ұсыныстары берілген.
61-66 136
Аңдатпа
Ақмола облысындағы шағын және орта агробизестің дамуын зерттеу нәтижелері еліміз және оның аймақтары бойынша орташа мағыналарын салыстырудағы экономиканың осы секторының дамуын сипаттайтын негізгі статистикалық көрсеткіштерге талдау жасау арқылы берілген. Еліміздегі экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейіне баға берілген. Ақмола облысындағы КОК-тің жұмыс істеп тұрған субъектілері қызметінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізілген. Осы облыстағы шаруа (фермерлік) шаруашылықтар қызметінің ерекшеліктеріне және қазіргі жағдайына талдау жасалған. Соңғы жылдары мал шаруашылығына басымдық бере отырып, мамандандырылуын өзгертуді бастаған фермерлер өндірген өнімдер мен өндіріс салалары бойынша өзгерістерді бастан кешірген ауыл шаруашылығы өнімінің құрылымдық талдауы берілген. Агробизнесті қолдау құралдары қарастырылған. Кіші және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеу нәтижелілігінің аграрлық кәсіпкерлікті қолдау саласындағы аймақта жүзеге асырылатын мемлекеттік саясат болып табылатыны көрсетілген.
67-73 137
Аңдатпа
Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы логистиканың, логистикалық жүй-енің, агрономия тұжырымдамасы мен оның дамуының сипаттамасы берілген. Аграрлық сектордың ішкі жалпы өніміне және экспорттың жалпы үлесіне талдау жасалған. Саланың маңызды мәселелері анықталып, сандық және сапалық негіздемесі жасалған. Қазақстан-дағы өндіріс көлеміне және азық-түлікті тұтынуға, тұтынудағы импортқа шығарылатын өнімнің және экспорттың көлеміне талдау жасалынған. Еңбек нарығындағы ауыл шаруашы-лығы саласының маңыздылығы көрсетілген. Еліміздің ауыл шаруа-шылығындағы эконо-микалық белсенді тұрғындардың еңбекпен қамтылуының салыс-тырмалы талдауы беріл-ген. Агробизнестің қазіргі мәселелері шешімінің кешенді механизмі ретінде агрологистика-лық орталықтарды құру қажеттігі көрсетілген. Ұсынылатын орталықтар Қазақстандағы ауыл шаруашылығының ары қарай тұрақты дамуында және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қама-масыз етуде маңызды орын алатын болады. Авторлар оларды құру - әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелердің бірі деп сендіреді. Сандық және сапалық талдауда ауыл шаруашылығынждағы логистиканың проблемалары анықталып, оларды шешудің жүйелі ұсыныстары берілген.
74-79 132
Аңдатпа
Аграрлық сектордағы логистикалық үрдістердің ерекшеліктері қарастырылған. Ав-торлардың пікірінше, ауыл шаруашылығының логистикалық жүйесі өте күрделі. «Логисти-калық қызметтер» түсінігін кеңінен тарқататын басты бағыттары анықталған. Аг-роөнеркәсіптік кешен логистикасын кооперациялау маңыздылығы айтылған. Инфра-құрылымдарды (қоймалар, қамбалар, элеваторлар, транспорт) логистикамен қамтамасыз ету мәселелері анықталған. Оның Солтүстік Қазақстанның АӨК мекемелерінің астықты өндіру, сақтау, қайта өңдеу және өткізудегі құраушыларының жағдайы талданған. Қызмет көрсету кезіндегі логистикалық шығындар мен ұсталымдар көрсетілген. Ауыл шаруа-шылығы және астық қабылдау кәсіпорындарында астық сақтауды дамыту және қойма-ларда орналастыру, олардың тиімді салааралық пропорциясының негізі ұсынылған. Астық нарығындағы технологиялық тізбектің қатысушылары арасында түскен пайданы бөлісудің қатынасын көптеген нормативтік материалдарды және ауылшаруашылық, өңдеу және сауда ұйымдарының қызметтеріне сараптама жасай келе ұсынады. Ауылшаруашылық коопера-ция қағидалары және әдістері негізінде ішкі және сыртқы логистикалық тізбектің құрылуына септесетін ақпараттық-консультациялық желіні қалыптастыру қажеттігі дәлелденген.
80-85 143
Аңдатпа
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның республикалық және аймақтық деңгейдегі ауыл шару-ашылығы өндірушілерін ақпаратты-консультациямен қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-шаралары қарастырылған. Облыстар бойынша 2012 және 2016 жж. «Жеке қызмет көрсету» және «Тікелей үндеу» бойынша көрсетілетін қызметтер динамикасының салыстырмалы талдауы келтірілген. «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ақпаратты-консультациялық қызметінің барлық секторының талдауы маңыздылығы, талап етілуі және жылдамдығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қызығушылығын тудырған басты ақпараттың қайта-рымды түрде ұсынылатынын көрсетті. Ауыл шаруашылығы өндірісін ақпаратты-консультациямен қамтамасыз етудің тиімділігінің жеткіліксіз екені анықталды. Ол өз кезегінде оңтайлы қызметін төмендетіп жібереді. Бұдан да нақтырақ деректерді алуы үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ақпаратты-консультациялық қызметтегі қажеттілік-терін зерттеу керек екені дәлелденген. Қажеттілік талдауы ең алдымен мақсатты топтың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталатын ақпаратты-консультациялық қызметті жоспар-лаудағы ең бірінші кезеңнің біреуін көрсетеді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынта-ландыру бойынша мемлекеттік саясатты агроөнеркәсіптік өндірісті дамытудағы маңызды факторларының бірі ретінде оның ақпаратты-консультациялық қамтамасыз етуін негізге ала отырып, жүзеге асыру қажеттігі көрсетілген.

Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігі

86-91 165
Аңдатпа
Әлемдік экономикалық дамудың жаңа күшті орталығына айналуға тиісті Еурази-ялық экономикалық одағы нарығын құруға әсер ететін факторлар қарастырылған. Авторлар Одақтың басты мақсаты мүше-мемлекеттердің халқының өмір деңгейін жақсарту, тауарлар, қызметтер, капитал мен еңбек ресурстарының ортақ нарығын қалыптастырудағы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жан-жақты жаңғырту, кооперациялауда тұрақты дамуы үшін жағдай жасаудан тұрады. ЕАЭО форматындағы бірігудің жоғары деңгейі тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуына, аг-роөнеркәсіптік кешендегі келісілген саясатты жүзеге асыруға кепілдік береді. Жалпы ұлта-ралық деңгейде бәсеке жағдайын бұзбау үшін және бұл үрдіске кедергі келтірмеу үшін ЕАЭО елдері өзара саудаға әсер ететін бағыттарын, акцизделетін тауарлар акциздері мөлшерле-месі үйлесімділігін қоса алғандағы салық заңдылықтарын сәйкестендіру формаларын анықтап, ҚҚС өндіру жүйесін, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ары қарай жетілдіруде. Мемлекеттердің бірлесу үрдісі ұлттық заңдылықтардың, әсіресе тиімді мемлекетаралық экономикалық ынтымақ-тастықтың ажырамас талабы - үйлесімді-лігі болып табылатын салықтық заңдылықтардың үйлесімділігін қажет етеді.
92-97 141
Аңдатпа
Шағын мекемені басқару жүйесіне диагностикалық талдау жасалған. Оның тиімді жұмыс істеуі үшін кемшіліктері («тар» жерлері), олардың пайда болу себептері, мәселелері анықталып, кем, кетігін жою жолдары көрсетілген. Шағын мекеме үшін оның кейбір фактор-ларының маңыздылығы макроорта көрінісін талдау әдісімен анықталған. Шағын мекеме жұмыс істейтін саладағы бәсеке деңгейі, оның бәсекелік позициясы, салалық ортадағы қазіргі және күтілетін факторларға әсері бағаланған. Шағын мекеменің функционалдық ай-мағы бойынша (қызметкер, маркетинг, өндіріс, ұйымдастырушылық мәдениетті қоса алғандағы қаржы және менеджмент) ішкі ортасы факторларының талдауы - SNW берілген. Басқару жүйесінің «сындарлы ерекшеліктері» туралы ақпарат жинақталып, оның сандық және сапалық сипаттамасының төмендеу қарқыны анықталған. Шағын мекемені басқарудағы мәселелер (экономикалық, кадрлық, ұйымдастырушылық) құрылымдалып, оларды шешу жолдары ұсынылған.
98-104 289
Аңдатпа
Ауылшаруашылық мекемелерді заманауи жағдайда дамыту стратегияларын жасау қажеттігі көрсетілген. «Мекемелерді дамыту» түсінігі жүйелендірілген. Мекемелерді дамыту үрдісінің өзгеше сипаттамалары берілген. «Стратегия» түсінігінің мәнін анықтаудағы тұжырымдамалық сипаттамалар анықталған. Стратегияны қалыптастырудағы анықтық пен ықтималдық анықталған. Стратегияны жасау кезеңдерін талдау нәтижелері, «өсім» және «даму» түсініктеріндегі түбегейлі айырмашылықтары, шаруашылық жүйені дамытудың үш аспектісі көрсетілген: сандық, құрылымдық және сапалық; экономикалық жүйелердің негізгі тұжырымдамалары: мінсіз, нақты, радикалды. Стратегияның авторлық анықтамасы қалы-птастырылған. Мезо- және макро- деңгейлердегі ауылшаруашылық мекемелерге стратеги-ялық жоспарлау элементтерінің өзара байланысы мен өзара келісімі, АӨК-дегі стартегиялық басқарудың ішкі ортадағы тұрақсыздықты жоюдағы мүмкіндігі, экономиканың аграрлық секторын дамытудың сипаттамалық ерекшеліктері және ауылшаруашылық мекемелерді дамыту стратегиясын жасауда оларды ескеру қажеттігі қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешенді стратегиялық басқарудың принциптері қалыптастырылған.
105-111 153
Аңдатпа
Республикамыздың ауылшаруашылық қалыптасу қызметін және саланың әлемдік азық-түлік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін оңтайландыру мәселелері қарастырылған. Қазақстанның аграрлық секторының қазіргі жағдайына талдау жасалған. Республиканың аграрлық секторының әлемдік деңгейге шығу әлеуеті көрсетілген. Авторлардың пікірінше, ұсақ жер пайдаланушыларын орта және ірілерге қосу экономикалық ынталандыру шарала-ры негізінде ғана мүмкін болады; отандық ауылшаруашылық өндірістегі кооперативтік қозғалысты тежейтін факторлардың бірі тиімді заң базасының жоқтығы болып табылады; осы уақытқа дейін тұрғындардың жеке шаруашылығының дәрежесі заңмен бекітілмеген; мемлекет көрсеткен басым бағыттағы инвестициялық жобалар ойдағыдай жүзеге асырылу үшін жеке инвестицияны тарту шараларын қабылдаған жөн; ауылшаруашылық өнімнің бар-лық түрлерін өндіру бойынша көлемді ауылшаруашылық жерлер аумағының, ауылдың еңбек ресурстарының, республиканың әлемдік азық-түлік нарығына қатысуы үшін саланы техникалық және технологиялық жағынан жабдықтауды жеделдету қажет.

Азық-түлік өнімдерінің нарығы

112-117 129
Аңдатпа
Мал шаруашылығын және құс шаруашылығын көтеруде мал, құс және балықтың барлық түрлері және жасқа байланыстары үшін жем шығаратын, еліміздің жем өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Барлық қоректік заттары бойынша теңдестірілген жемді пайдала-нуда малдың өнімділігі арта түседі. Осы саланың мекемелеріне қолдау көрсету мақсатында Қазақстанда жем алуға шығатын шығындарды субсидиялау бағдарламасы жүзеге асыры-луда, жемнің бағасын азайту үшін мал шаруашылығы және құс шаруашылығына бөлінетін бюджет қаржысы көбейтілді. Республикадағы ірі инновациялық-инвестициялық жобаларды - Көкшетау қ. AGRAVIS Raiffeisen AG белгілі неміс концернінің жем зауытының құрылысы және өндірістік кластерді құру жүзеге асыру нәтижелері келтірілген. Заманауи және жоғары технологиялық өндірістік кластердің жұмыс істеуі жем өндіруде бірлескен еуропалық сапа стандарттарын қабылдауға мүмкіндік туғызды. Мемлекеттік бағдарлама аясында жем өндіру бойынша отандық жоғары технологиялық зауыттарды салу жүзеге асырылуда: қазақстандық мал шаруашылығын көтеруге арналған агроиндустриялық кешен, «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін сауда аймағындағы жем зауыты және т.б. жобалар.
118-124 135
Аңдатпа
Авторлар қой етінің, әсіресе, қозы етінің өндірісін жоғарылату, сапасын жақсарту-дың маңызды резерві - қой шаруашылығында өнеркәсіптік шағылыстыру әдістерін енгізу және өнеркәсіптік шағылыстырудың тиімді түрлерін жүргізу нәтижесінде будан қозылардың өсімталдығын жоғарылату болып табылатынын алға тартады. Осыған байланысты өнімділігі төмен, қазақтың қылшық жүнді құйрықты саулықтарын етті, етті-майлы және басқа да қошқар тұқымдарымен шағылыстырудың ең жақсы деген нұсқаларын анықтау қажет. Соның арқасында таза тұқымды және буданды қозылардың өсуі, жайылым бары-сындағы ет жинауы және азықтандыру үрдісіндегі оларды етке даярлаудың тиімді техноло-гиясын жасау қажет. Қылшық жүнді қойларды етті, етті-майлы қошқар тұқымдарымен қара-пайым өнеркәсіптік шағылыстыру арқылы алынған қозыларын етті бағытта дайындаудың тиімді технологиясын жасау және енгізудің етті қойлар өнімділігін арттыруда және қой еті мен қозы етінің жоғары сапалы өндірісін жоғарылату ісінде, халықты жоғары сапалы ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етуде маңызы зор. Еттілігі бойынша және тез жетілетін мал тұқымынан өнеркәсіптік түрде будандастырылған төлдерді өсіру және жайылымда семіртудің тәжірибелік маңыздылығы сол, ол жасақталған технологиясы экологиялық таза қой төлі мен қой өндірісін арттырады.
125-132 153
Аңдатпа
Қазақстан Республикасындағы сүт саласын дамытудың қазіргі жағдайы және сер-піні көрсетілген. Еліміздің облыстары және қалалары бойынша өндірістік көрсеткіштер қарастырылған. Аймақтардағы сүт өндірісінің ерекшеліктері, шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері айтылады. Өндіріс көлемінің оң және теріс жақтары пайыздық көрсеткішпен беріледі. Сүт өнімдерін шығару бойынша көш бастаған аймақтар және соңғы жылдары өндіру көлемі жағынан артта қалып қойған аймақтар анықталған. Көшбасшы аймақтарға тән ерекшеліктер айқындалған. Еліміз бойынша қандай да бір сүт өнімдерінің жоғары, орташа және төменгі бағалары, сондай-ақ қала арасындағы баға деңгейінің айырмашылықтары көрсетіліп, баға жағдайына әсер етуші факторлар берілген. Сүт саласын дамытумен қамта-масыз ететін өндірушілердің түрлі категорияларының рөлі туралы ақпарат берілген. Осы саланың әлсіз тұстары мен оларды жою шаралары, сондай-ақ оның келешек нысаналы көрсеткіштерінің кейбіреуіне, еліміздің сүт саласына бағытталған жеке құжаттар туралы ақпараттар берілген. Сүт өнеркәсібінің тұрақты дамуына кедергі келтіретін кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары қозғалған.
133-138 160
Аңдатпа
Сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру жолдары қарасты-рылған. Қазіргі әлемдік нарықтың қатал талаптары және отандық өнім өндіретін мекеме-өндірушілердің бәсекелік жағдайлары зерттеу тақырыбының маңызды екенін көрсетеді. Ав-торлар халықаралық бәсеке жағдайында жоғары сапалы өнімнің халықаралық нарығына шығу үшін бұл мекемелерді білікті мамандармен толықтырып, сапаның халықаралық стан-дарттарын орындау қажеттігін айтады. Бұл жұмыстың басты мақсаты - сүт өнімдерінің са-пасын және қауіпсіздігін зерттеу, оның бәсекеге қабілеттілігін анықтау. Мақалада сүт өнім-дері бойынша статистикалық деректер (сыртқы сауда айналымындағы көлем, динамикасы, импорттаушы және экспорттаушы мемлекеттер, сатып алушының талабы бойынша өндіруші мемлекеттің сауда құрылымы) келтірілген. Сүт өнімдерінің сапасын арттырып, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін шаралар ұсынылған. Басты назар өңдеуді үнемі жаңартып, жұмысын арттырып отыруға, өндіріске жаңа технологиялық үрдістерді енгізуге, маркетинг пен баға саясаты жүйесін жетілдіру қажеттігіне аударылған.
139-144 186
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының аграрлық секторының стратегиялық маңызды сала-ларының бірі - ІҚМ бордақылаумен және мал өнімдерін өндірумен айналысатын әртүрлі шаруашылық субъектілерінің мал шаруашылығы болып табылады. Қазіргі таңда кластерді құру арқылы аймақаралық экономикалық байланысты кеңейту және бекіту өте маңызды мәселе болып отыр. Авторлар жүргізген зерттеулер аймақтық кластер моделін жасауға және оны мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде қалы-птастыру бойынша ұсыныстарға бағытталған. Бұл жұмыста Ақмола облысындағы ет кла-стерін қалыптастырудың тереңдетілген факторлық талдауы және аймақтағы салалардың бәсекеге тұрақтылығына сандық талдау жасалған. Факторлар деректерінің тәуелділік кор-реляциялық өрісі берілген. Ақмола облысының мал шаруашылығы саласын зерттеу үшін А.В.Ермешинаның әдістемесі кластерді құру мүмкіндігі ретінде қолданылған. Аймақтың бәсекеге тұрақтылығын талдау үшін басты көрсеткіштер ретінде аймақ аумағындағы осы өндірістің, жан басына шаққандағы өндірістің, аймақтың мамандануының шектеу коэффи-циенті қолданылған. Авторлар Қазақстанның мал шаруашылығының әлеуеттік мүмкіндігінің SWOT талдауының нәтижелерін берген. Кластер-дің ары қарай дамуына оң әсерін тигізетін факторлар және әлсіз тұстары анықталған.
145-150 166
Аңдатпа
Еш нәрсеге ұқсамайтын табиғи өсімдік ақуызы ретіндегі адамзат өміріндегі сояның мағынасы қарастырылған. Оның Қазақстан Республикасында және әлемде қолданылу көлемі көрсетілген. Өндіруші елдер ондығына кіретін осы дақылды өндірудің басты көрсеткіштері келтірілген. Алматы облысында (95%) сояны өндіру концентратына және әлемдегі соя бұр-шақтарын ең көп тұтынушылардың бірі болғандықтан, Қытайдың қазақстандық соя өніміне де-ген сұранысының артуына баса назар аударылған. Мақала материалдарында 2011-2015 жж. соя бұршақтарын егу аумақтары және жалпы жиын туралы статистикалық деректер бар. Соңғы бес жылдағы өндірістің экономикалық талдауы жасалған. Авторлар соя өнімдері нарығын арттыру қажеттігін айтады. Соя өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны өндіру көлемін өсіріп, шығындарын азайтып, өнімділігін арттыру қажеттілігі анықталған. Соя өнімдерін өндіру арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасалған.

Табиғат пайдалану экономикасы

157-162 246
Аңдатпа
Жер қатынастарының мемлекет экономикасының дамуындағы маңызы зор. Жерді реформалау барысын бағалау мақаланың басты мақсаты болып табылады. Қазақстан Рес-публикасының 1990 жылдан бастап жер қатынастарының даму тарихы зерттелген. Ауылшаруашылық мекемелерді өзгерту, жерді жекешелендіру және жерді пайдалануды өз-герту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан кездегі жер меншігі қатынастарының дамуының басты 5 кезеңі бөліп қарастырылған. Жер меншігі, аймақтық құрылыс және жер нарығын дамытуға жағдай жасайтын мәселелерді реттеуге арналған құқықтық актілер көрсетілген. Жер бөлудің тәуекелді аймағындағы жер реформаларының ерекшеліктері анықталған. «Жер қатынастары» түсінігінің мағынасы ашылған. Жерді жеке меншікке берудің қалыптасу үрдісінің сипаттамасы берілген, жер реформасының оң және теріс жақтары көрсетілген. Осы аспекті бойынша ғалымдардың пікірлері берілген. Жер заңдылықтарының басты ас-пектілері қарастырылған.
163-167 173
Аңдатпа
Республикадағы дербестігін алған сәттен бастап жер нарығының қалыптасу және даму кезеңдері зерттелген. «Нақты 100 қадам» Ұлттық жоспарында алға қойылған ауыл ша-руашылығына негізделген жерлерді тиімді пайдалану саласындағы мәселелер қарасты-рылған. Ұсынылған өзгертулерге қатысты тұрғындардың наразылығын тудырған Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының № 389-V 2.11.15 Заңындағы» негізгі ережелер қарастырылған. 29.11.17 ж. ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысының бірінші қараламында мақұлданған, ше-тел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетел азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ тұлғалармен некеге тұрған ҚР азаматтарына, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік үлестік қатысуы бар заңды тұлғаларға шекара маңы аймағында орналасқан ауыл шару-ашылығы мақсатындағы жерлерді беруге тыйым салуды қарастыратын жаңа заңның негізгі ережесі берілген. Ауыл шаруашылығына арналған жер нарығының ҚР Жер Кодексіне енгізілген кейбір түзетулерге жарияланған мораторий (31.12.2021 ж. дейінгі) жағдайындағы қазіргі жағдайы көрсетілген. Мораторийді енгізбес бұрын шетелдік үлестік қатысуы бар кәсіпорындарға жалға беріліп қойған жерлер облыстар қимасында талданған. А/ш жерлерін шетелдіктерге жалға беру мәселесін ауыл шаруашылығына және агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту құралы ретінде қарау бойынша ұсыныстар берілген.
168-173 338
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың барлық маңызды мәселелері қаралған, республиканың жер қорының жағдайына талдау жасалған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікке берілудің дамуы көрсетілген. Жер ресурстары және жерге орналастыруды басқару саласындағы, сондай-ақ жерді тиімді пайдалануды мемлекеттік бақылау мәселелері көтерілген. Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғаумен қамтамасыз ету, оның ішінде жердің сапасын арттыру; топырағының сапа-сы жақсы және орташа жыртуға жарамды жерлерді ауыл шаруашылығына тарту; жерді орналастыру жобаларын жасау кезінде ландшафты-экологиялық әдісті іске асыру; шаруашы-лықаралық және ішкі шаруашылық жерді орналастыруды жүргізу; жер ресурстарының жағдайы жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша тапсырмалар қойылған. Алға қойған мақсатты шешу үшін іс-шаралар көзделген.

Кооперацияны дамыту, өндіріс құралдарының нарығы

151-156 144
Аңдатпа
Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы аймақтарында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құру және іске асыру мәселелері қарастырылған. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолдарының бірі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін индустриялық-инновациялық дамыту болып табылаты-ны айтылған. Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттерінде оның ішінде Қазақстан-ның ауыл шаруашылығының даму жағдайына талдау жасалған. Республиканың аграрлық секторында орын алған жағдайға талдау жасай отырып, еліміздің әлеуеметтік-экономикалық дамуындағы кооперацияның мүмкіндіктері анықталған. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін кооперативтерге біріктірудің негізгі артықшылықтары бөліп қарасты-рылған. Авторлар кооперативтер түріндегі ірі аграрий-лердің ғана өзіндік нарықтық бәсе-келік тауашасының болатынын алға тартады. Қазақстанда ауылшаруашылық өндірістік ко-оперативтерді дамыту үшін мемлекеттік қолдау артып, ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін бұл формаға деген қызығушылық артып отыр. Мысалы, арнайы әлеумет-тік салықтық режимді қолданудағы қызмет түрлері кеңейіп, субсидиялаудың тиімді меха-низмдері қолданылады. Авторлар агроөнекәсіптік кешенді дамыту үшін ЕАЭО мемлекет-терінің келісілген аграрлық саясаты, ортақ азық-түлік нарығын қалыптастыру, шығындарды қысқарту, АӨК жаңа нарықтық институттарды құру қажет деп санайды.

Ауылдың әлеуметтік мәселелері

174-179 158
Аңдатпа
Ауылдық еңбек нарығының сипаттамалық ерекшеліктері берілген. «Еңбек ресурста-ры», «жұмыс күші», «еңбек әлеуеті», «кадрлық әлеует» түсініктері қарастырылған. «Еңбек әлеуеті» және «кадрлық әлеует» категорияларының айырмашылығы, кадрлық әлеуетті қалы-птастыру жағдайларын анықтайтын факторлар көрсетілген. Ауылдағы демографиялық жағдайларға, жұмыс орындарындағы қажеттіліктерге талдау жасалған. Жұмыс күшін қалыпта-стырудың, жас көрсеткіштері ерекшеліктеріндегі кадрлық әлеуеттің, білім деңгейі айырмашы-лықтарының басты үрдістері анықталған. Ауылдық жерлердегі жастар арасындағы жұмыспен қамтудың төмен болу себептері анықталған. Ауылдағы жұмыспен қамтылған тұрғындардың дәрежесі бойынша, жұмыссыз халықтың құрылымы көрсетіліп, өзін өзі жұмыспен қамтып жүр-ген тұрғындардың деңгейіне талдау жасалған. Агроөнеркәсіптік өндірістегі кадрлық әлеуеттің жұмыспен қамтылуының теңсіздігі, жасы келгендер бойынша, еліміздің аймақтары бойынша білім деңгейіне қарай жұмыссыздықтың белең алуы анықталған. Кадрлық әлеуеттің индика-торлары анықталып, талдау жасалған: жұмыс күші құрамына кірмейтін және еңбек ресурстары резервін құрайтын тұлғалар. Ауыл еңбегі нарығындағы кадрлық әлеуеттің бәсекеге қабілет-тілігін арттыру бойынша шаралар ұсынылған.
180-184 190
Аңдатпа
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы адам капиталын дамытудың басты үрдістері қарастырылған. Ауыл шаруашылығының ресурстық әлеуетінің басты компонент-терінің бірі - ауылдық жерлердегі адам капиталы екені көрсетілген. Ауыл тұрғандарының басым бөлігі Алматы және Жамбыл облыстарында. Еңбекке жарамды жастағы ауыл тұрғындары үлесінің азаюы нәтижесінде республикамыздың ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылушылар санының азаюына тікелей әсер ететін оның азаю тенденцияла-ры; еңбекке тартылмау, еңбекақының және жұмыстың маусымдық болу салдары; өзін өзі қамтамасыз етіп отырған жұмыскерлер үлесінің көптігі; жұмыссыз тұрғындардың әлеуетін пайдаланбау; әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың (қаламен салыстырғандағы) төмендігі анықталған. Авторлар шаруашылық етудің қазіргі жағдайының еңбек әлеуетін тиімдірек пайдалануды талап ететінін алға тартады. Тұрғындардың еңбек ету салалары тарылған ауыл шаруашылындағы жұмыспен қамту мәселесі басты орында.
185-189 145
Аңдатпа
Еңбек ресурстарын трансформациялау теориясы мен әдістемесі қарастырылады. «Еңбек ресурстары» және «еңбек» түсініктеріндегі негізгі айырмашылықтар көрсетілген. Ауылдық жерлерде жұмыс күшінің жағдайын бағалау қарастырылған. Жұмыс күшінің трансформациялау үдерістері, олардың есептеу әдістеріндегі өзгерістер зерттелген. Әлемнің дамыған елдерінің жұмыс күшіне сұранысты болжаудың әртүрлі тәсілдері келтірілген. Ауылдағы еңбек ресурстарының сандық және сапалық көбеюіне әсер ететін факторлар анықталған. Ауыл еңбек ресурстарын 2020 жылға трансформациялау бойынша болжам жасалған.

Жас ғалымдарға сөз

190-195 143
Аңдатпа
Қазақстанның АӨК аралас салаларының мекемелері арасындағы интеграциялық байланыс негізінде көлденең типті кооперацияны дамыту қажеттігі негізделген. Басты рөл орта және ірі тауар өндірушілерін және кооперативті негіздегі шаруашылық жүргізуді құруға берілген. Тұрғындардың ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктіру арқылы кооперативтер құруда ресурстық әлеуетті тиімді пайдалануды және кірістің ең жоғары деңгейіне жетуді қамтамасыз ететін өндірістің ұтымды құрылымын анықтау маңызды. Мақалада осы мәсе-лені экономикалық-математикалық модельді пайдалану арқылы шешу әдістері көрсетілген. Маңызды мәселе - ұсақ тауар өндірушілерді және ірі қайта өңдеу мекемелерін кооперативтерге қосу. Сондай-ақ, тең құқылы және өзара пайдалы әріптестікті қамтамасыз ететін қарым-қатынас мәселелері, шикізатты жеткізу және есептерді жүргізудегі міндеттерді сақтау мәселелері қарастырылған. Республиканың аграрлық секторындағы кооперацияны дамыту үшін ұйымдастырушылық және экономикалық алғышарттардың басқа да мәселелері ашылған. Мақалада №5467/ГҚ4, тіркелу нөмірі № 0115RK01913 жобасының тақырыбы бойынша «Ғылымды дамыту» 2017 бюджеттік бағдарламасы, «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 102 ішкі бағдарламасы аясындағы 2015-2017 жж. гранттық қаржыландыру бойынша зерттеулердің нәтижелері жарияланған.
196-201 137
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландырудың мәселе-лері еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың факторы ретінде қарастырылған. Ауылшаруашылық тәуекелдерін төмендетудің әдістері және басқару кезеңдері, шаруашы-лықаралық байланысты дамытудың экономикалық-ұйымдастырушылық алғышарттары, АӨК мекемелерінің қаржылық ресурстар қозғалысы және осы процесті тежейтін себептер: жоғары несиелік жүктеме және қажетті заемдық қамтамасыз етудің жоқтығы анықталған. БСҰ жағдайындағы АӨК отандық мекемелерін қалыптастыру, АӨК субъектілерін «ҚазА-гро»ҰБХ» АҚ желесі бойынша несиелеуді ұйымдастыру мәселелеріне баса назар ауда-рылған. Мемлекеттің агарарлық секторды басқарудағы, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отандық өнімді өндіруді арттыруға әсер ететін саланы қаржылық және техникалық реттеуді ұйымдастырудағы рөлі; жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарлама-лар аясындағы мемлекеттік қолдау көрсетілген. Отандық өндірушілердің әлеуеттік мүмкіндіктеріне үнемі мониторинг жүргізу арқылы АӨК дамытудың келешегі зор бағыттары берілген.


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)