Preview
№ 3 (2016)

Аграрлық саясат: іске асыру тетігі

7-13 257
Аңдатпа
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамыту үрдістері, шеттен ауылшаруашылық шикізаттары мен азық-түлік жеткізудің географиясы қарастырылған. Сыртқы сауда ай- налымына баға берілген. Елді азық-түлікпенқамтамасыз ету, ауыл шаруашығының матери- алдық-техникалық базасын нығайту, мал шаруашылық фермалар, ұқсату кәсіпорындары және басқа инфрақұрылымдар құрылысы проблемаларын ойдағыдай шешу үшін, тиісінше, елдің агроөнеркәсіптік өндірісінің бәсекелестік қабілеті мен тиімділігін арттырудың эконо- микалық негізі болып саналатын инвестициялардың қажеттігі көрсетілген. 1995-2015жж. кезеңіндегі Қазақстандағы агроқұрылымдардың саны мен сапасының өзгеру серпіні келтірілген. Автор, Қазақстан аграрлық саясатындағы басым бағыттардың бірі ауылшару- ашылық кооперациясы екенін көрсеткен, сондай-ақ жерді тиімді пайдалану және республи- кадағы жер қатынастарын дамыту мақсатында шаралар ұсынылған.
14-21 180
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы негізгі салаларының даму серпіні көрсетілген: өсімдік және мал шаруашылықтары 2010-2015жж. өңірлер мен ауылшаруашылықтарының тауар өндіру- шілері шеңберінде, саланың экономикалық жағдайын анықтайтын көрсеткіштер талданған: ауылшаруашылық дақылдары жалпы өнімі, тамақ өнімдері өндірісінің көлемі. Дәнді дақыл- дар, картоп, көкөніс және бақша шаруашылықтары сияқты өсімдік шаруашылығының маңы- зды бағыттарының ролі және олардың АӨК жалпы өнімі көлемдерін қалыптастырудағы мәні анықталған. Агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту проблемалары мен жалпы өңірлік өнім- дегі АӨК үлесінің төмендеуіне әсер етуші қолайсыз факторлар анықталған.
22-29 258
Аңдатпа
Аграрлық сектордың қазіргі жағдайы және оның экспорттық мүмкіндіктері қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың ролі көрсетілген. Ол жоғары капитал сыйымдылықпен, қайтарым мерзімінің ұзақтығымен, төмен пайдалығымен, табиғи-климаттық жағдайлардан тәуелдігімен сипатталады, сондықтан АӨК-інің экономика- сының басқа салаларына қарағанда бәсекелестік қабілеті төмен. Республика ауыл шару- ашылығы өнімдерінің құрылымы, халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік тұтынуы, негізгі ауылшаруашылық дақылдарының жалпы өнімнің серпіні келтірілген
30-34 159
Аңдатпа
Ауылшаруашылық саласын дамытудағы инновациялардың ролі, ауылшаруа- шылық өндірісінің жұмыс жасауындағы инновациялық-инвестициялық үлгілердің бағытта- ры, оларды шешу жолдары, тиімді инновациялық қызмет үшін қажетті іске қосу факторлары көрсетілген. Авторлар, ұйымдық-басқару инновацияларына берілуі тиіс деп есептейді. Се- бебі олар рынок инфрақұрылымдарын, оның баға тұрақтылығын өзгерту механизмін, нақты айтқанда, астық нарығын дамытумен байланысты.

АГРАРНАЯ ПОЛИТИКА:МЕХАНИЗМ РЕАЛИЗАЦИИ

35-39 162
Аңдатпа
АӨК-інің инвестициялық тартымдылығына, өндіріс тиімділігіне және халықтың өмір сүру сапасына әсер етуші проблемаларды оңтайлы дамытумен байланысты мәселе- лер қарастырылған. Агроқұрылымдардың инновациялық қызметінің негізгі базистік бағыт- тарына және оның нәтижелеріне ерекше көңіл бөлінген. Әлемдік трендтерге қатысы бойын- ша Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуына салыстырмалы баға берілген.
39-43 146
Аңдатпа
Ауылдық аумақтар мен аграрлық секторды дамыту үшін институциональды орта- ның жоғары мәнділігіне байланысты агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалары анықталған. Экономиканың тиімділігін арттыру мақсатында оның институциональды құры- лымын есепке алуға мүмкіндік беретін теориялық дайындамалардың ерекше мәні бар. Ин- ституциональды факторларды есепке алу әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі мен жеделдету мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды.

Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігі

44-49 155
Аңдатпа
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің ауыл шаруашылығын дамытуға әсері қарасты- рылған. Дүниежүзілік сауда ұйымы, кедендік тарифтердің қолданыстағы институциональды нормалары мен ережелері шеңберінде АӨК қолдаудың артықшылықтары және проблема- лары, дамытудың стратегиялық бағыттары, ішкі шараларды қолдану мәселелері талданған. Агроөнеркәсіптік өндірістің болашақта тиімді жасауы үшін қажетті шаралар анықталған.
50-55 169
Аңдатпа
Республика агроөнеркәсіптік кешенін қолдау инструменттері, ауылшаруашылық өндірісін тиімді жүргізу шаралары, ресурстық әлеуеті оңтайлы пайдалану көрсетілген. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін сатылас және көлденең кооперациялауды дамыту- дың тиімді мемлекеттік ынталандыру механизмінің және ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түліктің негізгі түрлерінің қажетті көлемін өндіру үшін жағдайлардың болмауы се- бептері қарастырылған.
56-62 166
Аңдатпа
Республика агроөнеркәсіптік өндірісіндегі тәуекелдерді басқарудың әртүрлі вари- анттары келтірілген. Фермерлерді қолдау бойынша олардың табыстарын тұрақтандыру үшін шетелдік мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған. Сақтандыру рыногын дамыту- дың перспективті бағыттарымен үрдістері және өнімді сақтандыруды сенімді арттыратын тәуекелдерді басқару инструменттері сипатталған, ақшалай төлемдер мөлшерлері көрсетіл- ген. Агросақтандыру механизмінің бірқатар жүйелі проблемалары анықталған. Аграрлық сектордағы сақтандыру институтын дамытуды, мал шаруашылығындағы сақтандыру тәуе- келдерін субсидиялауды ынталандыру үшін жағдай жасау ұсынылған.
63-66 139
Аңдатпа
Ауылдағы шаруашылық жүргізудің шағын формаларының жұмыс жасау ғылыми- практикалық негіздері зерделенген. «Жеке қосалқы және үй шаруашылықтары» түсінік- терінің мәндері, шағын ауылшаруашылық құрылымдары қызметінің механизмін жетілдіру қажеттілігі көрсетілген. Оларды шаруа қожалықтарына, статусын өзгерту, жер ресурстарын пайдалануды тәртіпке келтіру, статистикалық есепті жақсарту және олардың негізгі көрсет- кіштері бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру мақсатында біріктіру ұсынылады.
67-73 147
Аңдатпа
Авторлар, агроөнеркәсіптік кешендегі жеке қосалқы шаруашылықтардың, ауылша- руашылық өнімдері өндірісіндегі икемді, тұрақты ұйымдық-құқықтық формаларының бірі екендігін атап көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында, бір жағынан ЖҚШ саны- ның өсуі мен ауылшаруашылық өнімдері жалпы өндірісі, екінші жағынан ауыл халқының көбеюі арасындағы байланыс көрсетілген. Жұртшылық шаруашылықтары статистикалық көрсеткіштерінің ауыл шаруашылығының әлеуметтік саласына әсері сипатталған.
74-80 143
Аңдатпа
Production potential of households has been analyzed. For this purpose the research was conducted in Olentin, Boztal and Koytass rural districts, which distinguish in economic and social indicators. Considerable potential of Yereimentau region of Akmola region in livestock production development has been demonstrated. The potential of surveyed rural households was revealed based on grouping of households by sheep population number. Possibilities of households for transferring them into business structures - or peasant or private farms and agricultural cooperatives have been identified.

Азық-түлік өнімдерінің нарығы

81-87 151
Аңдатпа
Қазақстан АӨК етті қайта өңдеу секторының бәсекелестік қабілетін арттыру про- блемалары қарастырылған. Ет өнімдерін өндіру бағытындағы кәсіпорындар үшін оның үлгісін құруда интегральды-индексті әдісін қолдана отырып бағалаудың әдістемелігі көрсетілген. Бәсекеге қабілеттік деңгейін анықтау кәсіпорындар қызметі операциялық тиімділігінің индекстерін (коэффициенттерін), оның инновациялығы мен бейімделулігіне есептеуге негізделген. Ұсынылған ет қайта өңдеу кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеті деңгейін бағалау әдісі теориялық зерттеулерде және экономикалық талдау тәжірибесінде кеңінен қолдануға мүмкін болатын инструмент (құрал) болып саналады.
88-94 168
Аңдатпа
Қой шаруашылығын дамыту тиімділігіне әсер етуші ұйымдық-экономикалық фак- торлар жүйесі көрсетілген. Келтірілген есептеулер ауылшаруашылық құрылым-дарындағы мал басының жайылымдармен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Қой еті мен жүнге тұтыну сұранысының болжамы, баға белгілеу жүйесін бағалау келтірілген. Ав- торлар, қой шаруашылығы өнімдеріне қанағаттандырылмаған сұранысты және баға бел- гілеу механизмін жетілдірілмегенін атап көрсетеді. Қазақстандағы қой шаруашылығын тиімді дамытудың интенсивтік факторларын іске қосу үшін экономикалық жағдайлар құру- дың қажеттілігі анықталған.
96-102 152
Аңдатпа
Қазақстан мен Ресейдің кооперативтік және интеграциялық саясатын іске асыру ерекшеліктері, олардың іс тәжірибесі қарастырылған. Ауылшаруашылық өндірістік коопе- ративтер, соның ішінде қайта өңдеу және агроөнеркәсіптік интеграция формалары талдана- ды, астық-өнім кіші кешені ерекше бөліп көрсетілген. Біріктірілген құрылымдар типтері бойынша (сатылас-біріктірілген холдинг) құрылған кәсіпорындар арасындағы кооперативтік қатынастардың артықшылықтары қарастырылған (олар бірыңғай соңғы өнім өндіруді, сату, тұтынуда бірлесе қатынасумен байланысқан - шикізат жеткізіп берушілер, соңғы өнімді са- тушылар).

Кооперацияны дамыту, өндіріс құралдарының нарығы

103-107 155
Аңдатпа
Аумақтық-салалық кластерлер құрудың негізгі мақсаты - отандық ауылшаруашы- лық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру. Мақалада кластерлік дамытудың үлгісі келтірілген: тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау және сату. Кластерлер қалыптастыруға кедергі болатын факторлар қарастырылған. Автор АӨК кәсіпорындары арасындағы өзара қатынастарды жетілдірудің қажет екенін атап көрсетеді.

Табиғат пайдалану экономикасы

108-115 282
Аңдатпа
Республикадағы ауылшаруашылық жерлерді бағалау мақсаты мен міндеттері, жер телімін бағалау объектісі ретіндегі ерекшеліктері көрсетілген. Ауылшаруашылық алқаптарының құнына әсер ететін факторлар анықталды. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, егістік жерлер мен жер телімдерін бағалаудың әртүрлі әдістері ұсынылған. Жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар берілген.

Ауылдың әлеуметтік мәселелері

116-125 185
Аңдатпа
АӨК-нің негізгі проблемаларының бірі талантты жастар мен жоғары білікті мамандарды ауыл шаруашылығына тарту болып саналады. Мақалада аграрлық ЖҚҚ бітіруші курс студенттері арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері келтірілген. Алынған мәліметтер студенттердің кәсіби таңдаудағы уәждемелерінде кәсібиленуге қарағанда әлеуметтену (әлеуметтік) мәселелердің басымдығын көрсетіп отыр, демек әлеуметтік жағдай, олардың әлеуетті кәсіби жұмыспен қамтылуын іске асырудың формасы мен бағыттарына әсер етеді. Экономиканың аграрлық секторында жұмысқа деген өздерінің кәсіби және өмірлік бағдарлануын сұрақпен қамтылғандардың көпшілігі мемлекеттің ауыл шаруашылығын экономикалық және әлеуметтік дамыту проблемаларын шешудегі белсенді саясатымен байланыстырады.

Жас ғалымдарға сөз

126-130 158
Аңдатпа
Ауылшаруашылық кәсіпорындары қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру процесі ретінде әртараптандырумен байланысты мәселелер қарастырылған. Оның агроөнеркәсіптік кешендегі ерекшеліктері анықталып, стратегияның балама түрлері құрастырылған. Сатылас, көлденең және конгломераттық топтар анықталған. Егістік аудандардың оңтайлы құрылымы көрсетілген.
131-136 172
Аңдатпа
Ет, ет өнімдерін және қосалқы өнімдер өндірісіндегі есепке алудың технологиялық сатылары келтірілген. Бастапқы есепке алу құжаттары негізінде өндірістік процеске шаруашылық субъектерін басқаруда қажетті шығындар анықталған. Ет өнімдерін өндіруде және қайта өңдеудегі сапа көрсеткіштерін есепке алу және бақылауға мүмкіндік беретін есепке алу объектілерінің жіктелуі берілген. Өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттырудың негізгі бағыттары көрсетілген.
136-142 177
Аңдатпа
Республика сүт және сүт өнімдері рыногының 2010-2014жж. Негізгі элементтері талданған (сұраныс, ұсыныс, баға, бәсекелестік қабілет проблемалары). Сүт және оны қайта өңделген өнімдерін 5 жылдық тұтыну серпіні көрсетілген. Сүт саласының өнімдері өндірісінің негізгі көрсеткіштері, сату бағаларының индекстері мен орташа бағалары, импорт көлемдері анықталған. Олар авторға осы саланың өнімдері рыногының дамыту көрсеткіштерін әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға мүмкіндік берді.


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)