Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2016)

Аграрлық саясат: іске асыру тетігі

7-15 146
Аңдатпа
Қазақстандағы мал шаруашылығы - аграрлық секторының маңызды салалары-ның бірі. Мұнда кейбір жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жартысынан көбі алынады. Елдегі табиғи мал азығы жерлерінің көп болуы бәсекеге қабілетті, экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Мақалада ағымдағы ахуалға талдау берілген, ет бағытындағы мал шаруашылығының экспорттық ресурстарын қалып-тастыру-дың негізгі проблемалары анықталған, еттің жекелеген түрлерінің дамуындағы қалыптасқан үйлесімсіздік, сұраныс пен ұсыныс, рыноктағы баға ахуалы қарастырылған. Республикада-ғы ет бағытындағы мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамытуды жеделдетуге мүмкіндік беретін шаралар келтірілген.
16-21 145
Аңдатпа
Республика ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына экономикалық талдау жүргізілген. Индустриалды-инновациялық технологиялардың, ауылшаруашылық коопера-тивтерінің жеке қосалқы, шаруашылықтар мен ШҚ-ын біріктіру негізінде тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берілген. Машина-технологиялық стансалар, отандық ауылдық машина құрылысы, АЕМ-ді мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі көрсетілген. Авторлар, республикада жапон ғалымдары дайындаған, топырақ бетінде 70%-ға дейін ылғал сақтайтын, препаратты қолдануды ұсынады.
28-35 165
Аңдатпа
Елдегі агроөнеркәсіп кешеніндегі интеграциялық процестердің проблемалары мен даму болашағы қарастырылған. Аграрлық сектордың қазіргі жағдайына баға берілген. Бірігу мен интеграциялану принциптері негізінде отырған агроқұрылымдардың пайда болуымен сипатталатын агроөнеркәсіптік интеграцияның жағдайы, ерекшеліктері және даму үрдістері талданады. Ауыл шаруашылығындағы жеке бизнестің, ауылдың әлеуметтік-еңбек саласына әсер ету еспектілері көрсетілген. Республикадағы АӨК-індегі интеграцияның дамымай отырған себептері зерделенген.
48-55 132
Аңдатпа
Қазақстан астық рыногының ерекшеліктері келтірілген. Қазақстанда, АҚШ, Канадада өсірілген бидай көрсеткіштеріне сыртқы рыноктағы бағасы бойынша бәсекелестік қабілет деңгейіне салыстырмалы сипаттама берілген. Отандық астық пен ұн экспортының серпіні қарастырылған. Авторлар республика астық саласының елеулі экспорттық әлеуеті бар екенін атап көрсетеді. Дамытудың интенсивтік типіне өту арқылы астық өндірісінің тиімділігін арттырудың қажет екеніне тоқталған.
56-60 152
Аңдатпа
Қазақстан аграрлық секторының қазіргі жағдайы мен проблемалары қарасты-рылады. Авторлардың пікірінше, даму институттарының қызметін жетілдіру, АӨК экспорттық әлеуеті мүмкіндіктерін іске асыру саласындағы олардың атқарымдарын кеңейту керек, аграрлық секторға инвестициялар тартуды, бірінші кезекте, ауылшаруашылық өтімін қайта өңдеуге арттыру қажет. Кооперациялау мен басқарудың нарықтық әдістерін пайдалану өзекті, олар отандық өнімдердің бәсекелестік ортада бір деңгейде қатынасуға мүмкіндік береді.
61-64 125
Аңдатпа
Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау мәселелері, оның мәнділігі мен өсу әлеуеті қарастырылады. Моноқалалар даму әлеуеті бойынша топтастырылған: жоғары, орта, төмен. Олардың экономикасын көтеру бойынша негізгі бағыттары анықталған. Аграрлық рыноктың жүйелі талдау тұрғысынан бірқатар жұмыс жасау аспектілері, мемлекеттік, 2012-2020 жж. кезеңіне моноқалалар Бағдарламасы шеңберіндегі гранттар көрсетілген.
65-70 129
Аңдатпа
Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды оңтайлы дамытумен байланысты, оның инвестициялық тартымдылығына, өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін өңір экономикасының жұмыс жасау проблемалары қарастырылған. Агроқұрылымдардың инновациялық қызметіне және оның нәтижелігіне көңіл аударылған, әлемдік трендтарға қатысты Қазақстан ауыл шаруашылығын дамытуға салыстырмалы баға берілген.

АГРАРНАЯ ПОЛИТИКА:МЕХАНИЗМ РЕАЛИЗАЦИИ

22-27 137
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың проблемалары, оның ішінде инновацияларды енгізудің төмен деңгейі, қарастырылған. Инновацияларды басқару, тиімді технологияларды таңдау мүмкіндігі саласындағы негізгі факторлар анықталған. Жаңалыққа, тиімді жобаларды енгізуге, фирма аралық қатынастарды кеңейтуге әсер ететін ұйымдық ортаны қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері талданған, агроөнеркәсіп кешенінің даму мақсаттары мен міндеттері анықталған. АӨК-ін ғылыми қамтамасыз ету үшін аграрлық саясаттың негізгі бағыттары көрсетілген.
36-43 139
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығындағы еңбектің аумақтық-салалық бөліну мәселелері қарасты-рылған. Батыс Қазақстан мысалында - бұл екі процестің екі жағы: еңбектің аймақтық-салалық бөлінуі көрсетілген. Өнімділігі жоғары техниканы, тыңайтқыштарды, улы заттарды қолдануға негізделген оның артықшылықтарын пайдалану, Қазақстан Республикасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұртшылық шаруашылығы аграрлық экономиканың ең маңызды секторы - органикалық ауыл шаруашылығын құруға жағдай туғызатыны көрсетілген. Бұл шаралар тек мемлекеттің белсенді араласуы арқасында жүреді.
44-48 133
Аңдатпа
Ел экономикасындағы аграрлық сектордың, оның экспорттық әлеуетін дамытудағы ролі көрсетілген. Авторлар Қазақстан мал шаруашылығының елелі резерві бар екенін көрсетеді. Жайылымдық жерлердің көп аудандары мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетті және экологиялық таза өнім өндіру мүмкіндігін көрсетіп отыр.

Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігі

71-76 133
Аңдатпа
Қазақстан қаржы секторын дамытудағы банктердің ролі көрсетілген. Қазақстанның жаңа экономикалық саясатындағы тұтқалы моменттер, инфрақұрылымдық даму Жоспарының ауқымдылығы әлемдік дамуда тұрақтылыққа тиісінше түсіне білу үшін өзектілігі келтірілген. Несиелік тәуекелдерді басқару қызметіне және жаңа салық режимінің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады. Банк жүйсіндегі дағдарысқа қарсы басқару шаралары қарастырылған.
76-82 117
Аңдатпа
Қазақстан ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштеріне экономикалық талдау берілген, аграрлық рыноктың даму үрдісі келтірілген, оның қазіргі кезеңдегі жұмыс жасауының негізгі проблемалары анықталған. Жылдар бойынша ЖІӨ көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыбаға салмағының өзгеру үрдісі талданған. 2001-2014 жж. ауыл шаруашылығының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің серпіні көрсетілген. Шаруашылық жүргізудің әртүрлі формалары қызметінің мөлшерлері және жалпы өнім өндіру құрылымы бойынша келтірілген. 2013-2014 жж. тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағалар индексінің өзгеруі қарастырылған. АӨК тиімді дамыту үшін жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар негізделген.
82-89 143
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы соңғы және алдағы тұрған салық заңдарына өзгерістерге байланысты арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Табыстар мен шығындарға міндетті салық есебін енгізуге және сатудан алынған салыққа ҚҚС өзгертуге салық салу субъектісінің қаржылық есебін қоса отырып артықшылықтары көрсетілген. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер қызметін ынталандыру шаралары анықталған. Өзекті проблемаларды шешу өндірісті өсіруге және ел экономикасын әртараптандыруға жағдай туғызады.
89-96 134
Аңдатпа
2017 ж. бастап табыстар мен шығындардың салық есебін міндетті енгізу мен байланысты қолданыстағы жоспарланған салық режимдерін оңтайландыру зерттелген. Алматы облысы мысалында ШҚ-нан түсетін салықтардың құрылымы талданған, жіктелген тәртіппен олардың мүліктік салық салу варианттары, олардың қосымша резервтерін анықтауға мүмкіндік беретін ұсынылған. Авторлар мүліктік салықтың мөлшерлемелер схемасын ұсынған.
96-101 133
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесінің жұмыс жасауының өзекті мәселелері қарастырылған, оны жетілдіруді тежеп отырған негізгі проблемалар талданған. Субсидияланған бағдарламалар аясында ауылшаруашылық тәуекелдерге мемлекеттік-жеке серіктестіктер үлгісін қолданудың қажет екені негізделген. Сақтандыруды ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту құралы ретінде әрі қарай дамытуға бағытталған ұсыныстар берілген.
108-113 133
Аңдатпа
Қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, интеграцияның және ішкі шаруашылық мамандандырудың бау шаруашылығы саласын дамытуға әсерінің өзектілігі қарастырылған. Біріктірілген құрылымдардың артықшылықтары, өнімді ішкі шаруашылық қайта өңдеу арқылы мамандандырудың тиімділігі көрсетілген. Саратов облысының бір кәсіпорны мысалында шырын өндірудің технологиялық тізбегінің мақсатқа сәйкес екені негізделген.
114-119 125
Аңдатпа
Қазақстан халық шаруашылықтарының даму үрдісі, проблемалары мен шешу жолдары, олардың елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі қарастырылған. Осы құрылымдардың ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі үлесі көрсетілген. Авторлар олардың жеңілдетілген несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейту керек деп санайды, химикаттар мен тыңайтқыштар және тұқымды мал алуға.

Азық-түлік өнімдерінің нарығы

120-124 370
Аңдатпа
Қазақстан экономикасы үшін экологиялық таза өнім өндірудің маңыздылығы қарастырылған. Елдің әлеуеті және органикалық егіншілік болашағы көрсетілген. Экологиялық таза өнім мен экологиялық бизнестің анықтамалары берілген. Экологиялық өнімдерді анықтаудың, стандартқа сәйкес емес өнімдерді тұтынудың әлеуметтік-экономикалық салдарлары келтірілген. Экологиялық таза азық-түлік өндіруге кедергі келтіріп отырған себептер көрсетілген.
129-133 165
Аңдатпа
Агроөнеркәсіптік кешені мен оның салаларының даму проблемалары туралы. Жалпы өнім өндірісі және оны қайта өңдеу серпіні қарастырылған. Мал азығының жекелеген түрлеріне құс және шошқа шаруашылықтары салаларындағы қажеттілік көрсетілген. Жайылымдық мал шаруашылығының Қазақстан экономикасын дамыту үшін ролі баяндалған. Авторлар, ветеринарлық қауіпсіздік үшін әкімшілік кедергілерді төмендету керек деп санайды.
133-139 211
Аңдатпа
Батыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы қарастырылған: мал басының серпіні, ет өндірісі, орташа жылдық сүт өндіру көрсеткіші, жүн қырқу. 2010-2014 жж. мал шаруашылығы саласындағы азық-түлік тауарларына бағалары көрсетілген. Мал шаруашылығын жетекші саласы - ірі қара шаруашылығы. Облыс өте үлкен табиғи-ресурстық әлеуеті бар, дәстүрлі етті ірі қара өсіруге маманданған.

Кооперацияны дамыту, өндіріс құралдарының нарығы

140-146 137
Аңдатпа
Мал шаруашылығы саласының проблемалары анықталған және оларды шешу жолдары көрсетілген. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруші субъектерді өңірлік ет кластеріне Қазақстанның бір өңірінде - Ақмола облысында біріктіру механизмі қарастырылған. Шетелдік және отандық әдебиеттер және авторлардың өз зерттеулері келтірілген. Кластерлеудің әлемдік тәжірибесін зерделеу «өңірлік кластер» түсінігін анықтауға, отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған кластерлер үлгілерін сипаттауға мүмкіндік берді.

Ауылдың әлеуметтік мәселелері

147-156 144
Аңдатпа
Жұмыс орындары мен ауыл шаруашылығындағы өндірістік-технологиялық процестердегі қызметкерлердің еңбек қорғау қауіпсіздік мәселелері зерттелген. Еңбек жағдайына биологиялық, техногендік және т.б. факторлар үлкен әсер етеді. Еңбек қатынастарын құқықтық және экономикалық реттеу негізінде өндірістік тәуекелдерді кешенді бағалау және басқару, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша ережелер құру және қолдану, әлеуетті қауіптерді анықтау талап етіледі. Жұмыс орындарында денсаулық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру бойынша шетелдік тәжірибе жинақталған. Қазақстанда кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйесі мен басқаруды қолдану қажеттілігі негізделген, осы проблеманы шешуге әдістемелік тәсіл ұсынылған.

Жас ғалымдарға сөз

157-163 126
Аңдатпа
Экономикалық механизмнің орталық элементі ретінде баға өндіріспен тұтыну арасындағы байланыстырушы звено, мемлекет тарапынан тұрақты түрде бақылауды және реттеуді, жалпы экономиканың оның жекелеген салаларының толыққанды жұмыс жасауына бағытталған, талап етеді. Автор Қазақстандағы ауылшаруашылық өнімдеріне бағалар саясатының ерекшеліктерін қарастырады, баға белгілеу жүйесіндегі негізгі проблемалар анықталған. Тиімді баға саясатын жүргізу мемлекетке ауылшаруашылық өнімдерінің тізімін анықтауды қамтамасыз етеді, оларға тіркелетін және реттелетін бағалармен тарифтер бекітіледі.
164-168 146
Аңдатпа
Республика аграрлық секторын инновациялық дамытуға кедергі келтіріп отырған проблемалар қарастырылған. Отандық аграрлық ғылымды реформалаудың негізгі бағыттары, аграрлық саясатының басымдықтары, ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің АӨК саласындағы болашақ шаралары көрсетілген.

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ МЕХАНИЗМ ХОЗЯЙСТВОВАНИЯ

102-108 127
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың сандық бағалау әдістері қарастырылған, оның мақсаттарының негізгі өзгешеліктері мен ЕА экономикалық одақ пен ДСҰ-ындағы формалары, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін, әлемдік саудаға (сары қоржын) әсер етуші және елеулі әсер ете алмайтын шаралар (жасыл қоржын), мысалы, ауылдық жерлерде инфрақұрылымдарды дамыту, зілзала болғанда көмек беру мемлекеттік қолдау шаралары. Ең төменгі кепілді баға енгізу механизмі көрсетілген.

РЫНОК ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ ПРОДУКЦИИ

125-129 147
Аңдатпа
Азық-түлік рыногын реттеудің, оның Канада, Германия, Испания, Франция елдеріндегі даму ерекшеліктері (нарықтық инфрақұрылымдар, экспорт проблемалары, бағалар деңгейі, тауарларды сату ережелері, қызмет көрсету, субсидиялау жүйесі, индикативті жоспарлау). Авторлар Қазақстан АӨК-ін әрі қарай дамыту аграрлық өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырумен байланысты екеніне назар аударады.


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)