№ 1 (2016)
Аграрлық саясат: іске асыру тетігі
7-14 191
Аңдатпа
Жайылымдық мал шаруашылығының жағдайына талдау келтіріледі, босалқы жер қорын ауылшаруашылық айналымына тартудың қажеттілігі және дәстүрлі емес қуат көздерін қолдана отырып, оларды кезең-кезеңмен суландыру негізделген. Елдің орталық және оңтүстік өңірлеріндегі шөлді аймақтың шаруашылықтары суландыру бойынша ғылыми-эксперименталдық пилоттық жобалар, қажетті шығындар мен инвестициялық субсидиялар мөлшерлерін негіздеу арқылы дайындалған. Нормативтік әдіс негізінде ел өңірлері бойынша мал басының өсу болжамы орындалған. Олар жайылым жүктелімін, пайда мөлшерлерін және жайылымдарды суландыру бойынша инфрақұрылымдық объектілерді салу шығындарының қайтарымын есепке ала отырып жасалған.
15-22 126
Аңдатпа
Аызқ-түлік қауіпсіздігі проблемаларын, отандық өндіріс есебінен шешудің бағыттары қарастырылады. Атап айтқанда, республика азық-түлік тәуелсіздігіне жету үшін аграрлық өндірістің де, халықтың төлем қабілеті бар қабілетінің де қиылыстыра тепе-тең дамыту үшін кешенді шаралар ұсынылған. Жүйелі сипаты бар, жанама тұтқаларды мүмкіндігінше көп, тікелей әсер ету тұтқаларын аз пайдалануды қамтитын АӨК-ін мемлекеттік реттеу шаралары ұсынылған. Есептеулер көрсеткендей, ұсынылған мемлекеттік реттеу шараларын қолдану нәтижесінде ішкі рыноктың тауарлы ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық азық-түліктің сыбаға салмағының өсуі күтіледі.
23-27 137
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жартысынан көбін өндіретін халық шаруашылықтарын тиімді дамыту проблемалары және елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі олардың ролі көрсетілген. Олардың жұмыс жасау бағытында практикалық ұсыныстар берілген. Осы категорияны кәсіпкерлік құрылымға түрлендіру үшін«Халық шаруашылықтары туралы» заң қабылдаудың қажеттілігі негізделген.
28-36 134
Аңдатпа
Жаһандану жағдайындағы логистикалық жүйелерді дамыту мәселелері қарастырылған. Тауар қозғалысын басқаруды жетілдірудің басымдықтары мен үрдістері анықталған. Сауда-логистикалық жүйелердің жұмыс жасауының шетелдік тәжірибесі зерттелген. Тауар қозғалтушы тізбекті іске асыру механизмін қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілген. Авторлар тауар қозғалысының ұйымдық-өндірістік құрылымын басқарудың тежеуші факторлары - өткізу логистикасының нашар дамуы, тауарлар қозғалысының жекелеген сатылары арасындағы үйлестірудің, өндіріс және тұтыну рыногы туралы ақпараттың жетіспеуі деп есептейді.
37-40 126
Аңдатпа
Жаңа білімдермен, оқытудың прогрессивтік әдістерімен, кәсіби кадрлармен байытылған ғылым мен ауылшаруашылық білімді интеграциялау проблемалары зерттелген. Автор ғылыми және білім беру саласындағы проблемаларды шешу олардың тиімді өзара іс-әрекеттеріне байланысты деп есептейді. Ғылым мен білімді интеграциялаудың инновациялық формаларын енгізу ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға жағдай туғызады, республикадағы оның соңғы мақсаты ұлттық инновациялық жүйені және ел экономикасын кадрлермен қамтамасыз ету болып табылады.
41-46 126
Аңдатпа
Қазақстан аграрлық секторын, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде дамытуға кейбір көзқарастар көрсетілген. МЖС жобаларының ауыл шаруашылығындағы халықаралық тәжірибесіне және ол туралы заңға талдау берілген. МЖС-ті енгізу бойынша, қазақстандық ерекшелігін және ДСҰ-ға кіруді ескере отырып, шаралар ұсынылған. Экономикалық өсу әлеуеті және өткізу рыногы бар өндірістерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуі керек.
47-52 127
Аңдатпа
Өңір АӨК-ін басқару жүйесіне инновацияларды енгізу проблемалары мен бағыттары анықталған. Оперативтік және сенімді ақпараттармен барлық деңгейдегі аграрлық саланы (республикалық, өңірлік, аудандық, ауылшаруашылық кәсіпорындары) басқару органдарын, агроөнеркәсіптік кластерлерде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру негізінде қамтамасыз ету жолдары, қазіргі информациялық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілген.
53-59 104
Аңдатпа
Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды оңтайлы дамытумен байланысты, оның инвестициялық тартымдылығына, агроөнеркәсіптік өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру сапасына әсер етуші өңір экономикасының жұмыс жасау мәселелері қарастырылған.
60-64 128
Аңдатпа
Ауылшаруашылық кәсіпорындарын дамыту мақсаттарын ескере отырып, қызметтің стратегиялық бағыттарын таңдау қажеттігі көрсетілген. Кәсіпкерлік табыстар алуға жағдай туғызатын шаруашылық тәуекелдерді басқару жүйесі қарастырылған. Басқарудың барлық деңгейлерінде шешім қабылдау, тәуекелдік ахуалдарды бағалау әдістерін пайдалану барысында тәуекелдерді бәсеңдету бойынша ұсыныстар негізделген.
Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігі
65-71 187
Аңдатпа
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі қарастырылған. Республика ауыл шаруашылығын субсидиялау бойынша шаралар, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы салаларындағы субсидиялар құрылымы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге олардың көлемдері көрсетілген. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызмет нәтижелері келтірілген: өндірілген өнім және қызмет мөлшерлері (құндық көрсетіліммен), оның өзіндік құны, ауылшаруашылық өндіріс рентабельділігі, кәсіпорындар қарыздарының құрылымы. Зерттеулер негізінде елдің аграрлық секторын мемлекеттік қолдаудың тиімді механизмін дайындаудың қажеттілігі көрсетілген.
Азық-түлік өнімдерінің нарығы
78-83 444
Аңдатпа
Елдің тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың қазіргі жағдайы талданған. Өндіріске, ауылшаруашылық өнімдері экспорты мен импортына әсер етуші факторлар анықталған. Республика тамақ өнеркәсібі негізгі салаларының қызметі келтірілген: сүт, май, жеміс-көкөніс, астық пен ұнды қайта өңдеу. Оны дамыту проблемалары мен болашағы анықталған.
84-88 138
Аңдатпа
Азық-түлік қауіпсіздігі ролі көрсетілген, ол азық-түліктің негізгі түрлерін өндіру есебінен қамтамасыз етіледі, ең алдымен астықтың. Оның негізгі көрсеткіштері (ресурстар, тұтыну, астық рыногының жағдайы) бөліп көрсетілген және сатып алу қабілетінен, тұтыну рыногының толығуымен, отандық өндіріс пен азық-түлік импортынан байланысты деңгейі.
89-94 168
Аңдатпа
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсер ететін ауыл шаруашылығының жағдайына, өсімдік шаруашылығы саласының жұмыс жасауына талдау берілген; оның бәсекелестік қабілетін арттырудың проблемалары және басымдық бағыттары, республика экспорттық әлеуеті көрсетілген. Қазақстан аграрлық секторының бәсекелестік артықшылықтары талданған.
95-101 141
Аңдатпа
Серпінділік үрдістерін талдау негізінде республикадағы сүт өндірісі мен қайта өңдеу жағдайы қарастырылған. Олар саланың тиімді қызметін, өндірісті интенсивтендіруді және оның негізгі нәтижелік көрсеткіштерін сипаттайды.
102-106 203
Аңдатпа
Сүтті ірі қара шаруашылығын дамытудың өзектілігі негізделеді. Статистикалық мәліметтер негізінде сүт бағытындағы малдардың саны мен өнімділігінің өзгеру серпіні қарастырылған. Ірі кәсіпорындардың артықшылықтары және осы салаға инвестициялар тартудың қажеттілігі көрсетілген. Автор республикадағы сүт өндірісі мен қайта өңдеуді әрі қарай дамыту шаруашылықтарды біріктіру негізінде жүргізілетін болады деп есептейді.
Кооперацияны дамыту, өндіріс құралдарының нарығы
107-112 126
Аңдатпа
Агропромышленный комплекс - важная составная часть экономики страны, включающий производство сельскохозяйственный продукции, ее переработку, доведение до потребителя и обеспечивающий средствами производства. Автор детально рассматри- вает кластерный подход к развитию АПК Казахстана.
Ауылдың әлеуметтік мәселелері
113-117 127
Аңдатпа
Польшадағы кадастрлік жұмыстарды жүргізуге, жер қорын жер категориялары мен ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлер бойынша бөлу және үлестіруді талдау жасалған. Ауылдық аумақтардың проблемалары және дамыту жолдары, Қазақстанда бейімдеу мақсатында оларды кеңістікте жоспарлау зерттелген. Польшада ауылдық орналастыру кеңістік және экономикалық өзгертулермен, фермалардың шоғырлануымен, қалалық және ауылдық көші-қонымен сипатталады. Ауылдық елді мекендер аумақтарын функциялық тағайындау бойынша бөлуге ерекше маңыз беріледі.
118-123 134
Аңдатпа
Еңбек қорғау саласындағы ұлттық саясатты жетілдіру қажеттілігі көрсетілген, аграрлық саладағы бағдарламалық шаралар жүйесі, әлеуметтік серіктестік механизмі және оның қызметін үйлестіру келтірілген. Осы жүйенің республикада тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін пәрменді нормативтік-құқықтық негіздер дайындау, тиісті басқару және реттеу, қадағалау мен бақылау органдарын қайта құру ұсынылады.
124-131 166
Аңдатпа
Республикадағы ауыл халқының жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық көрсеткіштері талданған, оның себептері көрсетілген. Жұмыспен қамтылуды арттырудың перспективті бағыттары қарастырылған. Жұмыссыздықты шешу проблемаларының механизмдері ұсынылған. Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықты бәсеңдетуге жәрдемдесу бойынша мемлекеттің тиімді саясатын қалыптастырудың қажеттілігі туралы қорытындылар жасалған.
132-138 179
Аңдатпа
Жоғары және орта кәсіби білімі бар жастарды еңбекке орналастыру үрдістері мен құрылымдық өзгерістері, еңбек рыногының тұрақсыздығы мен теңгерімсіздік себептері анықталған. Ауыл жастардың жұмыссыздық және ауылдық өңірлерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету проблемалары қарастырылған. Гуманитарлық, техникалық және орта кәсіби білім кадрларын дайындау құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілген. Жастар кәсіпкерлігін, мемлекеттік-жеке серіктестікті қалыптастыру бойынша ұсыныстар негізделген.
Жас ғалымдарға сөз
139-149 141
Аңдатпа
Зырянов ауданында өсімдік шаруашылығы саласын дамыту бағыттары қарастырылған. Шығыс Қазақстан аумақтарының тоқыраушылық проблемаларын шешу жолдары берілген. Автор аудан өсімдік шаруашылығының бәсекелестік қабілетін арттыруды 4 негізгі міндеттерді бөліп көрсетеді: егістік аудандар құрылымын әртараптандыру; емдік өсімдіктер негізінде шикізат өсіру, жинау және дайындау бойынша өндіріс құру; жер ресурстарын бөлу және басқару саласындағы құқықтық өзара қатынастарды реттеу және жетілдіру; пайдалануы шектеулі жерлерді ауыл шаруашылығы қажетіне игеру, жер ресурстарын ұтымды пайдалану.
150-156 139
Аңдатпа
Республиканың жоғары экономикалық әлеуеті, халықтың елеулі бөлігінің ауыл шаруашылығына тартылуы аграрлық сектордың тұрақты дамуын анықтайды. Осы тұста экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құрамдастар оның тұрақты дамуының негізі болып саналады, ол инновациялық технологияларды енгізуді ынталандыруға мүмкіндік береді, соның ішінде ылғал сақтаушы, шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру үшін сала субъектерін біріктіруші.
ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)
ISSN 2708-9991 (Online)