№ 4 (2015)
Аграрлық саясат: іске асыру тетігі
5-10 119
Аңдатпа
Халықаралық стандарттарына сәйкес инновациялар жаңа немесе жетілдірілген, іске асы- рылған, рынокта енгізілген өнім, іс жүзінде пайдаланылатын технологиялық процесс, неме- се әлеуметтік қызметтерге жаңа көзқарас түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі ретінде анықталады. Инновациялық белсенділікті анықтауға тәсілдемелер көрсетілген. Ин- новацияларды енгізу үшін қажетті жағдайлар қарастырылған. Кәсіпорындардың бәсеке- лестік қабілетін арттыру үшін инновациялардың қажеттілігі негізделген
11-18 136
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы ел экономикасының аса маңы- зды саласы ретінде инвестицияларды тарту қажеттілігі қарастырылған. Республика ай- мақтары, ауыл шаруашылығының құрылымы, салалары және көлемі бойынша салынған инвестицияларды талдау салалар ішінде инвестициялау үшін ең тартымды өсімдік шару- ашылығы екені анықталған, АӨК-дегі инвестициялардың экономикалық тиімділігін жоғарла- ту мәселелері келтірілген. Аталған саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жол- дары ұсынылған
18-25 130
Аңдатпа
Инвестициялар республика экономикасын экономикалық дамыту катализаторы. Қазақстан- да АӨК-нің бәсекелестік қабілетін және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қажетті шаралар қабылданған. Саланың инновациялық белсенділігін тежеп, отырған негізгі факторлар, елдің АӨК-ін тұрақты дамытуға жету үшін қажетті міндеттер көрсетілген.
26-31 155
Аңдатпа
Экономикалық дамыған елдердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары қарастырылған. Әлемдік тәжірибе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүдделерді қорғау стратегиясы қажет екенін көрсетіп отыр: әлеуметтік тұрақтылық, тамаққа қажеттіліктерді қанағаттандыру, импортқа тәуелсіздік, азық-түлік тауарларын өзі өндіруді дамыту, азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету үшін резервтік қорлар құру.
31-36 136
Аңдатпа
Халықаралық стандарттар негізінде, атап айтқанда, ISO 21500, жобаларды басқару тәжіри- бесін талдау, Қазақстан ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде жобалау менеджмент методологиясынкең ауқымда тарату мүмкін екенін көрсетеді. Осы мақсаттарда жобаларды іске асыруды жақсарту, тендерлер мен конкурстарды тиімді жүргізу үшін белсенді және мақсатты бағытталған түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын нормативтік құжаттармен таңдап алу, жоспарлау және жобаларды өткізу, қаржы және ресурстарды басқару әдістері, техноло- гиялық біліммен және т.б. бойынша қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
37-43 160
Аңдатпа
Ауылшаруашылық саласын қазіргі қолдаудың негізгі бағыттары қарастырылған. Әртүрлі меншік формаларындағы шаруашылық жүргізу субъектілерінің тиімсіз жұмыс жасап отырғанымен байланысты проблемалар анықталған. Республика АӨК жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдайлар құру мақсатында мемлекеттік реттеудің қажеттілігі көрсетілген.
44-50 136
Аңдатпа
Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік қолдаудың маңызы мен қажеттілігі туралы әртүрлі пікірлер келтірілген. Қолда бар классификациялық белгілері негізінде мемлекеттік қолдаудың бағыттары анықталған, түрлері топтастырылған.
Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігі
51-58 118
Аңдатпа
Залалсыздық үлгісі негізінде шаруа (фермер) шаруашықтарының пайдаларын қалыптастыру механизмі көрсетілген. Қаржылық нәтижелерді анықтау барысындағы маржиналдық табыс тұжырымдамасының артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған. Авторлар, нарықтық жүйе шаруашылық жүргізу және меншік формаларын түпкілікті қайта өзгертуді, тиімді менеджментті пайдалану қажеттігін алдын-ала анықтады деп атап көрсетеді.
59-64 126
Аңдатпа
Жаңа экономикалық жағдайлардағы ауылшаруашылық құрылымдардың тиімді жұмыс жасауының ғылыми аспектілері баяндалған. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері экономикалық қызметінің нарықтық механизм ерекшеліктері қарастырылған. Қазақстан Республикасы аграрлық секторының қазіргі жағдайы талданған. Шаруашылық субъектерінің жұмыс жасауын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген.
64-68 114
Аңдатпа
Республика аграрлық секторындағы өзекті проблема - кәсіпкерлік құрылымдарды техникалық қамтамасыз ету қарастырылған. Техникалық құралдарды көбейту, елеулі қаржы-қаражаттар шығынымен байланысты болғандықтан, жаңа техника алу, егер ол тез арада өзін ақтайтын болса, мақсатқа сай келеді. Мақалада, техникалық ресурстардың, олардың құрылымын оңтайландырумен байланыстырылған тиімді құрылымын жетілдіру жолдары көрсетілген.
68-75 139
Аңдатпа
Ауылшаруашылық машина жасау салаларын дамытудың, ауыл шаруашылығын техникалық құралдармен, ауылшаруашылық өндірісінің төмен техникалық жарақтану себептерін анықтай отырып, қамтамасыз етудің өзекті проблемалары көрсетілген. Техникалық әлеуетке және оның құрылымына сипаттама берілген, отандық кәсіпорындар жеткізетін және шеттен сатып алынатын техникалар негізінде оны өсіру мүмкіндігі анықталған. Инновациялық негізде ауылшаруашылық машина жасау салаларын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар берілген.
76-79 129
Аңдатпа
Агроөнеркәсіптік өндірісті жеделдете дамытудың талабы нарықтық-бағдарланған шаруашылық жүргізу субъектерін - агротехнопарктерін яғни тиімді инновациялық инфрақұрылымдарын қалыптастыру болып саналады. Олардың құрылымы аграрлық ғылымның зияткерлік әлеуетін біріктіруге және АӨК-не қазіргі ғылыми идеяларды, басқару әдістерін жылжыту үшін жағдай құруға бағдарланған көп профильді инновациялық объекттер ретінде қарастырылған. Агротехнопарктер жүйесін құру озық технологиялардың сапасын және олардың экономикалық тиімділігін тез анықтауға жағдай туғызады.
80-85 134
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы логистикалық әдістерді пайдаланудың артықшылығы ашып көрсетілген, атап айтқанда, сұранысты болжау және қорларды жоспарлаудың. Қажетті өндірістік және көліктік қуаттар анықталған, материалдық ағындарды оңтайлы басқару көрсетілген.
Азық-түлік өнімдерінің нарығы
86-92 128
Аңдатпа
Қазақстан астық өндірісінің жағдайы көрсетілген. Жалпы астық жинауды, ең алдымен, бидайдың қатты сорттарын талдау республиканың ТМД елдері ішінде және әлемдегі жетекші орындардың бірін алатынын көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта республиканың астық өндірісі ішкі рыноктың қажеттілігін толық қамтамасыз ететіні зерттеулермен анықталды, соның арқасында елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Қазақстанның әлемдік астық рыногында берік орнығу және жақын болашақта әлемдік жетекші- экспортаушылардың бесеуіне кіру мүмкіндігі елеулі артып отыр. Автор, жүйелі өзгертулерді, инвестициялар тартуды және жаңа агротехнологияларды қолдануды қарастыратын астық өндірісін дамыту стратегиясын дайындау қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
92-96 145
Аңдатпа
Ұн өндірісі елдің нан өнімдері кешенін құраушылардың бірі болып саналады, ол ауылшаруашылық өндірісін қайта өңдеу өнеркәсібін, дайындау және сауда ұйымдарын қамтиды. Отандық ұн өндірісінің экспорттық әлеуетін дамыту басымдылығы қолайлы сыртқы нарықтық конъюнктурамен анықталады, ол қазақстандық ұнның қажетті бәсеке- лестік қабілет деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Инвестицияларды пайдалану ұн және жоғары сапалы макарон бұйымдарын өндіру мен сатуды қамтамасыз етеді.
97-101 129
Аңдатпа
Дагестан Республикасындағы бау және жүзім шаруашылықтарының қазіргі жағдайы ашып көрсетілген. Олардың өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы ролі анықталған. Шаруашылықтардың әртүрлі категорияларындағы үрдістері белгіленген. Мамандандыру мен агроөнеркәсіптік интеграцияның, сондай-ақ салаларды дамытудағы ірі ауылшаруашылық кәсіпорындардың маңызы көрсетілген.
Табиғат пайдалану экономикасы
106-110 106
Аңдатпа
Өндірістік әлеуеті төмен өңірлерді анықтауға методологиялық тәсілдемелер қарастырылған. Шөлді жайылымдарда шалғайдағы мал шаруашылығын қазіргі дамуына баға берілген, салалардың төмен табыстылық себептері анықталған, шағын өндіріс көлемдерін, азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарын қоса мемлекеттік қолдау негізінде өндіріс тиімділігін арттыру жолдары ұсынылған.
Кооперацияны дамыту, өндіріс құралдарының нарығы
102-105 110
Аңдатпа
Мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы талданады және шағын тауарлы шаруа (фермер) шаруашылықтарын ауылшаруашылық кооперациялау негізінде индустриалды- инновациялық дамытудың болашағы қарастырылады. Агроқұрылымдардың оңтайлы мөлшерлерінің көрсеткіштері келтірілген. Автор ауыспалы егістерді енгізудің маңызын атап көрсетеді, олар мақта өнімділігін арттырады және мал шаруашылығын дамыту үшін кепілді мал азығы базасын құрады.
Ауылдың әлеуметтік мәселелері
111-119 118
Аңдатпа
Қазақстандағы еңбек нарығының экономикалық өсудің маңызды және ең тиімді бағыттары болып саналатын негізгі индикаторлары көрсетілген: экономикалық белсенді халық, жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық. Авторлар халық санының серпінін, оның экономикалық белсенді бөлігін, еңбекке жарамды жастағы халықты, жасы әртүрлі топтардағы жүріп жатқан құрылымдық өзгерістерді талдайды.
ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)
ISSN 2708-9991 (Online)