Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2015)

Аграрлық саясат: іске асыру тетігі

5-13 158
Аңдатпа
Органикалық өндірісті жүргізудің өңірлер, өнім түрлері және шаруашылық субъектілерінің типтері бойынша олардың мамандануына сәйкес перспективті стратегиясының бағдарла- ры, органикалық ауыл шаруашылықтарына негізгі этаптары мен жол картасының қозғалы- сы анықталған.
14-20 121
Аңдатпа
Ауыл шаруашылығы жалпы өнім деңгейінің серпіні көрсетілген, оның бәсекеге қабілеттілігі- нің төмен болу себептері анықталған. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру негізінде аграрлық секторды қаржыландыру бағыттары көрсетілген. АӨК саласына инвестициялар тарту мен ауылшаруашылық өнімдерінің өсуі арасындағы өзара байланысты экономикалық бағалау олардың оң байланыстылығын айқындап берді. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі және ЕАЭО шеңберінде халықаралық интеграция жағдайындағы АӨК-ін дамытуды жетілдіру бойынша проблемалар анықталып, ұсыныстар берілді.
33-36 118
Аңдатпа
Қазақстан Республикасы АӨК дамуына интеграциялық байланыстарды қалыптастыру және мемлекеттік реттеуді жетілдіру негізінде талдау берілген. Республика АӨК кәсіпорындарын әртараптандырудың негізгі бағыттары көрсетілген.
37-40 147
Аңдатпа
Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кластерлерді дамыту мүмкіндіктері қарастырылған. Рес- публика үшін өңірлік кластер қалыптастырудың алгоритмі және үлгісі ұсынылған, оның қызмет жасауы үшін жағдайлар көрсетілген.
41-49 112
Аңдатпа
Украинадағы аграрлық сақтандыру проблемалары анықталған. 2005-2013жж. агросақтанды- ру жағдайы, сақтандыру компаниялар қызметіндегі техникалық көрсеткіштер талданған. Экономиканың аграрлық секторындағы шешілмеген проблемалардың салдарлары және оларды жою бағыттары қарастырылған. Украина аграрлық секторындағы мәселелерді ше- шу жүйелі түрде жүргізінуі керек екені белгіленген.

АГРАРНАЯ ПОЛИТИКА:МЕХАНИЗМ РЕАЛИЗАЦИИ

21-26 112
Аңдатпа
Ауылшаруашылық кооперативтері капиталының оңтайлы құрылымын бағалау көрсеткіш- тері, оны тарту тәсілдері мен формалары, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін оң- тайландыру міндеттері, Алматы облысы ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржылық жағдайына теріс әсер етуші негізгі факторлар анықталған. Қалыптасқан қаржылық нәтиже- лері бойынша шаруашылықтарды топтастыру жүргізілген. Капитал пайдалануды талдау не- гізінде ағымдағы активтерді және пассивтерді кешенді басқаруды үйлестіру матрицасы ди- видендтік және инвестициялық саясатпен келтірілген.
27-32 117
Аңдатпа
Ресейдің Волга жағалауы АӨК ауылшаруашылық қайта өңдеу, жабдықтау және қызмет көр- сету кәсіпорындары іс жүзінде интеграциялау тәжірибесі қарастырылған. Өңірлік және фе- дералды деңгейлерде агроөнеркәсіптік интеграцияның негізгі бағыттарының негізгі ажыра- тушы ерекшеліктері анықталған. Өңірлердің АӨК-дегі интеграциялық процестердің жіктелген жүйесі, біріктірілген құрылымдарды құрудың кезеңдік тәртібін және корпоративтік интегра- цияның ұйымдық-экономикалық механизмін қоса дайындалған.

Шаруашылық жүргізудің экономикалық тетігі

50-56 149
Аңдатпа
Республикада тиімді инвестициялық құрал ретінде дамытудың қажеттілігі көрсетілген, қаржылық лизинг үлгісі, лизингтік қызмет стратегиясы, лизингтік операциялар жолдарын ынталандыру жолдары, АӨК кешенінде лизингтің артықшылықтары көрсетілген.
61-67 119
Аңдатпа
Елдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі шаруашылық жүргізу негізгі формаларына тән ерекшеліктері, факторлары мен жұмыс жасау механизмдері қарастырылған, олардың қызметіне салыстырмалы баға, ЕАЭО және ДСҰ-ға кіру жағдайында бәсекелестік қабілетін арттыру бойынша ұсыныстар берілген.
68-77 119
Аңдатпа
Жеке қосалқы шаруашылықтар Қазақстан ауыл халқының елеулі бөлігінің табыс көзі болып саналады. Осыған байланысты ауылдық жерлердегі микронесиелік ұйымдар әлі де болса нашар жұмыс істейді. ЖҚШ үшін АНС-тер қолжетімсіз, коммерциялық банктер филиалдарының тізбегі нашар дамыған, ресми емес қаржылық институттардың осы категориядағы шаруашылықтарға әсері аз зерделенген. Мақала бірқатар әлеуметтік- экономикалық факторлар мен сипатының ресми емес қаржылық институттарда ауыл халқының қарыз алу проблемасын шешуге әсерін зерттеуге бағытталған.
78-81 173
Аңдатпа
Өңірлік аспекте жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметі, олардың жұмыс жасауына әсер етуші негізгі жағдайлар мен факторлар келтірілген. Әлеуметтік зерттеу негізінде халықтың үй шаруашылықтарының әртүрлі формалары бөліп көрсетілген және кәсіпкерлік типтегі оңтайлы үлгілер ұсынылған.
82-84 110
Аңдатпа
Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу механизмдерінің оның тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін арттырудағы ролі көрсетілген. Экономикалық дамыған және ЕАЭО елдерінің саланы дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша тәжірибелері қорытындыланған. Қырғызстанда оның механизмін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылған

Азық-түлік өнімдерінің нарығы

85-89 125
Аңдатпа
Регрессивтік талдау негізінде экономикалық факторлардың Қазақстан Республикасы Ақмо- ла облысы астық өндірісінің тұрақтылығына әсері анықталған. Ауыл шаруашылық кәсіпо- рындарының қаржылық жағдайларының нашарлауына байланысты өнім көлемінің төмен- деу себептері көрсетілген. Астық өндірісін өсіруге және интенсифтендіруге бағытталған ша- ралар кешені ұсынылған.
90-97 142
Аңдатпа
Қабілетті астық өнімдерін өндіруді орналастыру үшін табиғи-климаттық әлеуетке талдау жүргізілген. Ақмола облысы аудандарының мысалында агроэкологиялық факторларды есепке алу негізінде аумақты жайғастыру көрсетілген. Ауылшаруашылық өндірісін оңтайлы мамандандыру бойынша ұсыныстар берілген. Аумақтарды ішкі шаруашылық ұйымдастыру агроландшафтық микрожайғастыру әдістемелігі ұсынылған.
98-103 130
Аңдатпа
Алматы облысының агроқұрылымдарын зерттеу көрсеткендей, органикалық егіншіліктің дамуы бастапқы кезеңде және өндірілетін өнімдер халықаралық стандарттар бойынша сер- тификаттандырылған. Облыстық аудандарындағы органикалық ауыл шаруашылығының тәжірибесі қорытындыланды, органикалық ауыл шаруашылығының дамуын тежейтін негізгі мәселелер анықталды. Заңнамалық және нормативті-құқықтық құжаттардың және мемле- кеттік қолдау көрсетілмеуі де маңызды факторлар болып отыр.

ЭКОНОМИЧЕСКИ МЕХАНИЗМ ХОЗЯЙСТВОВАНИЯ

56-60 137
Аңдатпа
Ауылшаруашылық ұйымдарын тұрақты дамыту үлгісін дайындаумен байланысты зертте- улер нәтижелері келтірілген. Ол өндіріс көлемін үзіліссіз көбейту мен өнім сапасын арттыру мақсатында инвестициялар салудың бәсеңдемейтін қарқынымен қамтамасыз етіледі. Тұрақты экономикалық өсу мен тәуекелдік ахуалдардың кезеңдері қарастырылған. Үлгі, оларға сандық және сапалық баға беруге мүмкіндік береді, экономиканың жағдайын сипаттауға, стагнацияның рецессияның, банкроттықтың басталу мүмкіндігін болжауға мүмкіндік береді.


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)