Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДА ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН-АЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы тәуекелдерді басқарудың тактикасы мен стратегиясы, оларды нарықтық ортада зерттеудің мәні мен қажеттілігі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларының қызметіне қауіпті жағдайлардың әсері қарастырылған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тәуекелдерін басқару үдерісі, олардың ұйымның басқа кіші жүйелерімен өзара байланысы ұсынылған, экологиялық, табиғи, саяси, қаржылық, өндірістік, нарық және т.б. сияқты қауіптер түрлері анықталған. Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылық басқармасының тәуекелдерді басқару жөніндегі ақпараттық қамтамасыз ету бөлімін құру шығындарының болжамы ұсынылған. Ауыл шаруашылығының индустриалды-инновациялық дамуына және экономиканың аграрлық секторындағы жаңа инновациялық жобаларға қолдануға арналған заманауи шетелдік технологияларды зерделеу қажеттілігі талданған, өйткені тәуекелдерді басқару - бар мүмкіндіктердің көмегімен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу болады. Ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді зерттеу экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Аграрлық өндіріс тәуекел тудыратын факторлар әсеріне айтарлықтай тәуелді. Осы мәселені ескере отырып, төлем қабілеттілігі төмен ауыл шаруашылық кәсіпорындарын ескере отырып, өңірде тәуекелдерді басқаруда ақпараттық және кеңес беру қызметтерін ұйымдастыру ұсынылған.

Автор туралы

Б. С. Изатуллаева
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Ж.Е. Абилгазиева, М.Е.Сабырова, Ж.К.Туребаева. ҚР ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік реттеу тетіктері // Аграрлық нарық проблемалары. - 2015.- №4. - 39б.

2. Bernstein, Peter L. Against The Gods: The Remarkable Story of Risk. - New York: John Wiley & Sons, 2002.-117p.

3. Хохлов Н.В. Управление риском: учебное пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. -139с.

4. Догиль Л.Ф.Управление хозяйственным риском: учебное пособие.- Минск, 2005.-58с.

5. Пикфорд Джеймс. Управление рисками. - М., 2004.- С.92-96.

6. Keynes M.J. Treatise on Probability [Электронды дерек көз]. - 1921: New York.- URL: http://www.gutenberg.org/files/32625/326 25-pdf.pdf] (анықтама мерзімі 12.03.2013).

7. Г.А. Калиев, Г.У.Акимбекова. Приоритетные направления развития переработки сельскохозяйственной продукции в РК // Про- блемы агрорынка. -2015.- №1. -С. 8-9.

8. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы [Электронды дерек көз].- 2017.- URL: http:www.akorda.kz (анықтама мерзімі 17.01.2014).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Изатуллаева Б.С. АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДА ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН-АЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Аграрлық нарық проблемалары. 2018;(1):29-36.

Қараулар: 253


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)