Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР НАРЫҒЫ: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстандағы жер нарығының қалыптасу және даму үрдістері, нарықтық қатынастар жағдайындағы оның құрылымдық өзгерістері зерттелді. Ұлттық экономиканы шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне бейімдеу процесін ескере отырып, сондай-ақ елдегі индустриялық-инновациялық қайта құру кезеңінде аграрлық нарықты жетілдірудің негізгі кезеңдері анықталған. Жер ресурстарын пайдалану және жер нарығының жай-күйі мәселелері бойынша заңнамалық-нормативтік құжаттардағы оң нәтижелер мен кемшіліктер анықталып, талданған. Талдамалық материалды пайдалану негізінде экономиканың аграрлық секторында өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымына және тиісінше ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер нарығының дамуына әсері көрсетілген. Жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану кезінде құрылымдық өзгерістерге санаттар, нысаналы пайдалану, сондай-ақ жер пайдалану сипаты бойынша талдау жасалды. Нақты деректер негізінде жер учаскелерінің көрсеткіштері мен олардың меншік нысандары бойынша жалпы алаңы талданды. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының және «Ауыл - ел бесігі» жобасының Жер ресурстарын ұтымды қолдануға және кластерлерді қалыптастыруға әсері анықталды, олардың шеңберінде ауылдық елді мекендердің жер қатынастарын жетілдіруге және ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалануға әсері жағдайында олардың жай-күйі зерделенді. Ауыл шаруашылығы жерлері нарығын одан әрі реттеу, жерді қайта құру қажетті, жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысандарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Авторлар туралы

А. . Сейдахметов
Нархоз университеті
Қазақстан


М. Б. Тышқанбаева
Туран университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Абуев, К.К. Развитие отношений собственности на землю в республике Казахстан / К.К. Абуев, А.С. Кульмаганбетова //Проблемы агрорынка.-2017.-№4.-С. 157-162.

2. “Жер қатынастарын одан әрi жетiлдiру туралы” Заң. 1994 жылғы 5 сәуiр № 1639. (Күшi жойылды) 611 (1994) [Электрондық ресурс] URL:http://www.adilet.zan.kz/kaz/docs/U9 40001639_/links (қаралған күні: 23.01.2020).

3. Постановление Кабинета Министров РК “Об утверждении порядка уступки права на земельную долю при приватизации государственных сельскохозяйственных предприятий” 10.06.1994г. №611] (2017) [Электронный ресурс] URL: http:// www.online.zakon.kz/ document/?doc_id=1004245 (дата обращения: 23.01.2020).

4. Калиев, Г.А. Формирование землепользований средних и крупных размеров зерновой зоны Казахстана / Г.А. Калиев, А.И. Сабирова //Проблемы агрорынка.-2017.-№2.- С.12-20.

5. “Жер туралы” Заң. 1995 жылғы 22 желтоқсан №2717. 611 (1995) [Электрондық ресурс] URL: http:// www.adilet.zan.kz/kaz/ docs/U950002717 (қаралған күні: 23.01.2020).

6. Постановление правительства РК “Об утверждении норм предоставления земельных участков гражданам и юридическим лицам” 08.04.1996г. (2017) [Электронный ресурс] URL: http:// www.tengrinews.kz/ zakon/ pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_minis tr_rk/ohrana_i_ispolzovanie_zemel/id-P9600004 01 (дата обращения: 23.01.2020).

7. “Жер туралы” Заң. 2001 жылғы 24 қаңтар. №152-II-3K. 611 (2001) [Электрондық ресурс] URL: http://www.adilet.zan.kz/kaz/ docs/ Z01000152/history (қаралған күні: 23.01.2020).

8. Сводный аналитический отчет и состоянии использования земель РК за 2018 г. Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан. Комитет по управлению земельный ресурсами. - Астана, 2018.-275с.

9. Қазақстан Респубикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-II (01.10.2020 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 611(2003) [Электрондық ресурс] URL: http:// www.online.zakon.kz/document/? doc_ id=51040583 (қаралған күні: 23.01.2020)

10. Әліпбай, С. Ауылды дамытуға - айрықша назар / С. Әліпбай // Egemen Qazaqstan.- 2019.- 7 қараша.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сейдахметов А., Тышқанбаева М.Б. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР НАРЫҒЫ: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ. Аграрлық нарық проблемалары. 2020;(1):156-164.

For citation:


Seidakhmetov A., Tyshkanbayeva M.B. KAZAKHSTAN LAND MARKET: STRUCTURAL CHANGES AND AREAS FOR IMPROVEMENT. Problems of AgriMarket. 2020;(1):156-164. (In Russ.)

Қараулар: 1384


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)