Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің экономикалық тетігінің теориялық негіздері және Қазақстандағы аграрлық өнім өндірісінің табиғи және экономикалық жағдайларын ескере отырып, оны мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі жинақталған. Шетелдік және отандық тәжірибе қарастырылған. Мақалада Ақтөбе облысында мал басының өсу серпіні, бюджеттік субсидияның артуы талданған. Осы зерттеу негізінде "Құлан", "Алтын асық", "Сыбаға", "Ырыс" салалық бағдарламалары бойынша республикадағы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар үлесі, асыл тұқымды малдарды сатып алудың мәселелерінің шешіміне, асылдандыру жұмыстарының нәтижелерін жақсартуға елеулі дәрежеде ықпал ететіні анықталған. Авторлардың мәліметтері бойынша, мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің ұлғаюына қарамастан, халықтың ет және ет өнімдерін тұтынуының өсуіне байланысты оның көлемі жеткіліксіз. Мал басының едәуір саны мал дәрігерлік және зоотехникалық қызмет көрсету деңгейі төмен, малдардың өнімділігі төмен генетикалық қасиеттері бар жеке қосалқы шаруашылықтарда орналасқан. Жыл сайын ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және оны қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындарды пайдалануды енгізуге мүмкіндік беретін облыстың агроөнеркәсіптік өндірісіне инвестициялау көлемі көрсетілген. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында шағын бизнесті дамыту кезеңдері және оның негізгі қозғаушы факторлары ұсынылған. Шағын кәсіпорындар тауарлардың, әсіресе мал шаруашылығы өнімдерінің импортын алмастыруда елеулі рөл атқаруы тиіс, бәсекелестікті кеңейтуге ықпал етеді. Тұтыну сұранысының өзгеруіне неғұрлым икемді әрекет ете отырып, олар жергілікті шикізат көздерін пайдалана алады, өңірлік қажеттіліктерді толық есепке алады, халықтың барлық топтарын жұмысқа орналастыру үшін қолайлы алғышарттар жасайды.

Авторлар туралы

Ш. У. Ниязбекова
С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университеті
Қазақстан


Г. С. Калденова
С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университеті
Қазақстан


М. Г. Кайыргалиева
Бәишев университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы. - 2017.- (http//www.industria.aktobe.gov.kz).

2. Нурумов, А.А. Государственная финансовая поддержка развития АПК РК [Текст] /А.А. Нурумов // Актуальные проблемы экономики.- 2014. - № 2 (152). - С. 87-93.

3. Ғаламтор сайттары.- 2018.- (http://www. aktobegazeti.kz).

4. Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы.-2016.- (http//www.industria.aktobe.gov.kz).

5. Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы.- 2018. - (http//www.industria.aktobe.gov.kz ).

6. Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам.-2015.- (http// www.akorda.kz).

7. Смагулова, Ш.А. Развитие агропромышленного комплекса Республики Казахстан/ Ш.А. Смагулова, Г.Ж. Доскеева, Н.М. Радько // Проблемы агрорынка.- 2015.- N3.- С. 14-20.

8. Щербик, Е.Е. Источники финансирования АПК в условиях инновационного развития экономики региона / Е.Е. Щербик, Ю.П. Мищенко //Вестник Казахстанско-Американского Свободного университета. - 2014. - №2. - С. 78-83.

9. Приоритеты и перспективы развития сельскохозяйственного производства в Республике Казахстан.-2018.-(http//www. articlekz. com/article/6256).

10. Бейсенгалиев, Б.Т. Проблемы и перспективы инновационного развития агропромышленного комплекса Казахстана / Б.Т. Бейсенгалиев// Вестник КарГУ им. Е.А. Букетова.-2018.- N2.- С. 20-23.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ниязбекова Ш.У., Калденова Г.С., Кайыргалиева М.Г. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ. Аграрлық нарық проблемалары. 2019;(4):128-133.

For citation:


Niyazbekova Sh., Kaldenova G.S., Kaiyrgaliyeva M.G. STATE REGULATION OF AGRICULTURAL SECTOR OF AKTOBE REGION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Problems of AgriMarket. 2019;(4):128-133. (In Russ.)

Қараулар: 255


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)