Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың рөлі, оның жағдайы, мәселелері мен перспективалары көрсетілген. Зерттеу көрсеткендей, оның республика үшін маңызы зор, өйткені балық еті елде және шетелде үлкен сұранысқа ие болуда. Кәсіптік балық шаруашылығы 3 млн га пайдаланды, балық өнімдері адам денсаулығы үшін пайдалы және жеткілікті табысқа ие. Балық саласын мемлекеттік қолдау қажеттілігі байқалады. Балықшылар табиғи су көздерінен балық аулаумен ғана шектеледі, бұл оның қорын төмендетеді. Авторлар қоршаған ортаны қорғау және балық өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру жолдарының бірі - акваөсіруді дамыту екенін айтады. Балық шаруашылығы кешенінің мәселелері: кейбір көлдер сарқылуда, акватория азаюда; акваөсіру бойынша мамандардың жетіспеушілігі анықталған. Жыл сайын ихтиологиялық мамандыққа мемлекеттік гранттар бөлінеді, алайда жас мамандар балық өсірумен (көбейтумен) байланысты кәсіпорындарда жұмыс істеуге ұмтылмайды немесе тиісті біліктілігі жоқ. Бұл сектор сыртқы және ішкі ортаның тұрақсыздығының әртүрлі факторларының теріс салдарына аса бейім болатыны көрсетілген. Сондықтан Қазақстанда акваөсіру аясын кеңейту перспективаларын бағалаудың өзектілігі күмән тудырмайды. Отандық акваөсірудің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі қарастырылған.

Авторлар туралы

Г. Т. Ахметова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан


Э. М. Адиетова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан


С. Б. Альдешова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Мусаева, А.А. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп [Текст]: оқу құралы / А.А. Мусаева, С.Б.Альдешова, А.С. Биктеубаева. - Алматы: Нархоз университеті.- 2016.- 301б.

2. Мусаева, А.А. Салалардағы бухгалтерлік есеп жазбалары [Текст]: практикум /А.А.Мусаева, Ж.Б. Хамидуллина, Ш.Б. Сисенгалиева, С.Б. Альдешова.-Атырау: Ақ жайық баспасы, 2015.-112 б.

3. Балық шаруашылығы қарқынды дамуда. - 2016.- (http//www.atyrau.gov.kz/).

4. Уталиева, Р.С. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында тура шетелдік инвестицияның ролін талдау және бағалау [Текст]: монография / Р.С. Уталиева, С.Б. Альдешова. - Атырау: Атырау баспасы, 2018.-108 б.

5. Балық шаруашылығы саласы бойынша.-2019.- (http//www.atyrau.gov.kz/).

6. Троценко, П. Жайықта қырылған балықтың шығыны миллиондап саналады [Текст]/ П.Троценко// Газета «Прикаспийская коммуна».-2018.- N24.

7. Арыстанбек, К. Елімізде балық шаруашылығы субсидияланады [Текст] / К. Арыстанбек., Т. Сұлтанғазиев, А. Мәтенов // Газета «Атырау». -2017.-N6

8. Әлирахым, Б. Атырау облысында теңізден балық аулауға шектеу қойылмақ [Текст] / Б. Әлирахым, Т. Сұлтанғазиев // Газета «Прикаспийская коммуна».- 2018.- N11.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ахметова Г.Т., Адиетова Э.М., Альдешова С.Б. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ. Аграрлық нарық проблемалары. 2019;(4):110-115.

For citation:


Akhmetova G.T., Adiyetova E.M., Aldeshova S.B. STATE SUPPORT FOR FISHERY INDUSTRY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Problems of AgriMarket. 2019;(4):110-115. (In Russ.)

Қараулар: 390


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)