Бюджеттендіру Қазақстан Республикасының АӨК-тегі бизнес-процестерді ұйымдастырудың орнықты механизмі ретінде
https://doi.org/10.46666/2026-3.2708-9991.19
Аңдатпа
Мақсаты – республиканың агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының тиімділігін арттыру құралы ретінде бизнес-процестерді бюджеттендірудің орындылығын дәлелдеу және бюджетті есептік-талдамалық қалыптастыру мен жоспарлаудың процестік-бағдарланған моделін ұсыну. Әдістері – экономикадағы аграрлық сектордың рөлін бағалау кезінде бизнес-механизмдердің, бюджет қаражатының және олардың динамикасын басқарудың өзара байланысын ашуға жүйелік тәсіл, қаржылық реттеу объектілерін белгілеу, жоспарланған көрсеткіштерді нақты нәтижелермен салыстыру және бақылау процедураларын анықтау кезіндегі алшақтықтарды айқындау үшін құрылымдық талдау, агробизнестегі процестерді реттеу жүйесін құру үшін модельдеу қолданылды. Нәтижелері – жалпы қаржылық үйлестіруден жекелеген бизнес-циклдарды: жабдықтау, өндіру, сақтау, қайта өңдеу, өткізу, қаржыландыру, әкімшілік қамтамасыз ету және инвестициялық дамуды әкімшілендіруге өту қажеттілігі көрсетілді. «Бизнес-процесс – бюджет – нақты деректер – ауытқу – мониторинг – басқарушылық шешім» логикалық тізбегі қалыптастырылды. Мақсатты метрикаларды нақты деректермен және орындаушылардың жауапкершілігімен байланыстыра отырып, әрбір кезеңді болжаудың, есептің, бақылаудың және нәтижеліліктің дербес объектісі ретінде қарастыру ұсынылады. Бұндай қағидаттың практикалық маңыздылығы жағымсыз ауытқулардың көздерін оқшаулау, лимиттер мен ресурстардың бөлінуін уақтылы түзету, бағаның құбылмалылығы және аграрлық өндірістің табиғи-климаттық факторларға тәуелділігі жағдайында әкімшілік шешімдердің негізділігін арттыру мүмкіндігінде жатыр. Қорытынды – құрылымдық ұйымдастырылған қаржылық ағындар шығындардың ашықтығын, ресурстардың пайдаланылуын бақылауды күшейтеді, жоспарлы және нақты параметрлердің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және сәйкессіздіктер мен алшақтықтарға жедел әрекет ету үшін ақпараттық негіз қалайды. Оларды меңгеру бюджеттендіруді, басқарушылық есепті, ішкі бақылауды Қазақстан агроқұрылымдарының орнықтылығын арттыруға, ішкі есептіліктің сапасын жақсартуға, міндеттерді бөлуге және нақты бизнес-операциялар бойынша шаралар қабылдауға бағытталған бірыңғай механизмге біріктіруге мүмкіндік береді.
Автор туралы
А. З. АрыстамбаеваҚазақстан
Арыстамбаева Альмира Заурембековна; Ph.D докторанты
050040/A15E3B4 әл-Фараби даңғ., 71, Алматы қ., Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы [Электрондық ресурс].–2022.–URL: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/274531?lang=ru (қаралған күні: 18.06.2026).
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. 2025 жылғы қаңтар–желтоқсандағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім [Электрондық ресурс]. – 2026. – URL: https://www.stat.gov.kz/ru/industries/economy/national-accounts/publications/306161/ (қаралған күні: 18.06.2026).
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы [Электрондық ресурс]. – 2026. – URL: https://www.stat.gov.kz/ru/industries/businessstatistics/stat-forrest-village-huntfish/ (қаралған күні: 18.06.2026).
4. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. 2025 жылға Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері [Электрондық ресурс].–2026.– URL: https://www.stat.gov.kz/ru/industries/businessstatistics/stat-forrest-village-hunt-fish/publications/480970/ (қаралған күні: 18.06.2026).
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. 2026 жылғы егіс науқанын қаржыландыруға 1,3 мыңнан астам өтінім түсті [Электрондық ресурс].–2026.– URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1131706?lang=ru (қаралған күні: 18.06.2026).
6. Bergmann, M. Digitization of the budgeting process: determinants of the use of business analytics and its effect on satisfaction with the budgeting process / M. Bergmann, C. Brück, A. Schwering, T. Knauer // Journal of Management Control. – 2020. – Vol. 31. – No. 1–2. – P. 25–54. https://doi.org/10.1007/s00187-019-00291-y
7. Armitage, H.M. Budget Development and Use in Small- and Medium-Sized Enterprises: A Field Investigation / H.M. Armitage, D. Lane, A. Webb // Accounting Perspectives. – 2020. – Vol. 19. – No. 3. – P. 205–240. https://doi.org/10.1111/1911-3838.12231
8. Gottlieb, U. Institutionalised management accounting and control in farm businesses / U. Gottlieb, H. Hansson, G. Johed // Scandinavian Journal of Management. – 2021. – Vol. 37. – No. 2. – Article 101153. https://doi.org/10.1016/j.scaman.2021.101153
9. Iakovidis, D. Farmer and Adviser Perspectives on Business Planning and Control in Mediterranean Agriculture: Evidence from Argolida, Greece / D. Iakovidis, Y. Gadanakis, J. Park // Agriculture. – 2023. – Vol. 13. – No. 2. – Article 450. https://doi.org/10.3390/agriculture13020450
10. Bila, J. Problematic issues of management accounting in the agrarian enterprises / J. Bila, A. Bilyi // Herald of Economics. – 2024. – No. 4. – P. 155–166. https://doi.org/10.35774/visnyk2024.04.155
11. Potryvaieva, N. Digitalisation of accounting of agricultural enterprises: National and international experience / N. Potryvaieva, M. Dubinina, Yu. Cheban, S. Syrtseva, O. Luhova // Ukrainian Black Sea Region Agrarian Science. – 2024. – Vol. 28. – No. 4. – P. 41–53. https://doi.org/10.56407/bs.agrarian/4.2024.41
12. Vlasov, V. Peculiarities of management accounting of costs for marketing and sales in agricultural enterprises / V. Vlasov // Ukrainian Journal of Applied Economics and Technology. – 2024. – No. 3. – P. 16–21. https://doi.org/10.36887/2415-8453-2024-3-2
13. Analytical aspects of budgeting in the agroindustrial complex of Kazakhstan // Economic AnnalsXXI. – 2025. – No. 214. – Issue 3-4.-P. 49-57. https://doi.org/10.21003/ea.V214-07
14. Бюджетирование как инструмент управленческого учета и его связь с внутренним контролем в аграрных формированиях // Среднерусский вестник общественных наук. – 2023. – Т. 18. – № 1. – С. 125–140. https://doi.org/10.22394/2071-2367-2023-18-1-125-140
15. Enjolras, G. The influence of accounting practices on financial performance: Evidence from French farms / G. Enjolras, P. Madiès, H. Yue // Journal of Applied Accounting Research. – 2025. – Vol. 26. – Issue 5. –P. 930–958. https://doi.org/10.1108/JAAR-05-2024-0178
16. Пягай, А.А. Продовольственная безопасность Республики Казахстан: критерии и индикаторы / А.А. Пягай, Р.С. Беспаева, Б.Н. Наукенова // Проблемы агрорынка. – 2023. – № 4. – С. 13–26. https://doi.org/10.46666/2023-4.2708-9991.01
17. Есімхан, Г. Нарықтық трансформация жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін қаржыландырудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігі / Г. Есімхан, Д.Б. Алыбаев // Аграрлық нарық проблемалары. – 2024. – № 2. – Б. 78–88. https://doi.org/10.46666/2024-2.2708-9991.06
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Арыстамбаева А.З. Бюджеттендіру Қазақстан Республикасының АӨК-тегі бизнес-процестерді ұйымдастырудың орнықты механизмі ретінде. Аграрлық нарық проблемалары. 2026;(3):212-222. https://doi.org/10.46666/2026-3.2708-9991.19
For citation:
Arystambayeva A.Z. Budgeting as a Sustainable Mechanism for Organizing Business Processes in the AIC of the Republic of Kazakhstan. Problems of AgriMarket. 2026;(3):212-222. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2026-3.2708-9991.19
JATS XML















