Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

Ақмола облысының сүт кешені: мәселелері және жұмыс істеу ерекшеліктері

https://doi.org/10.46666/2025-4.2708-9991.09

Аңдатпа

Зерттеуде елдің және аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі тиімділігіне байланысты АӨКнің маңызды элементі ретінде сүт кіші кешенінің маңыздылығы атап өтілді.

Мақсаты – Ақмола облысының сүт саласының қазіргі жай-күйін талдау, оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау, экономикалық өсудің негізгі үрдістерін айқындау.

Әдістері – сүт секторындағы нақты жағдайды бағалау үшін экономикалық-статистикалық және баланстық, сүт өндірісінің салалық және өңірлік ерекшеліктерін және бар проблемаларды қарау кезінде дерексіз-логикалық және салыстырмалы.

Нәтижелер – өңірдің сүт сегментінің Қаржышаруашылық көрсеткіштері тексеріліп, диагностикасы жүргізілді. Сүт шаруашылықтарының санаттары бойынша сүтті мал шаруашылығының өндірістік параметрлерінің динамикасы көрсетілген. Авторлар сүт бағытындағы шаруашылық объектілерінің мүмкіндіктерін шектейтін өлшемшарттарды және фермерлік сүт шаруашылығының өнімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды белгіледі.

Қорытындылар – сүт фермаларының өнімділігін арттырудың негізгі тежеуші шарты сиырларды сауу деңгейі төмен жеке қосалқы және шаруа қожалықтарының үстемдігі болып қала береді, бұл ретте шикі сүттің сапасы мен сатымдылығы шикізат тапшылығының қалыптасуына да әсер етеді. Сүт өңдеу кәсіпорындарын жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін жеке аулаларды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру ұсынылады. Бұл тәсіл олардың өндірістік әлеуетін оңтайлы пайдалануға, халық өндіретін сүт өнімдерін шығару көлемін ұлғайтуға, оны өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ шаруашылықтың неғұрлым ірі тауарлық нысандарына көшуді ынталандыруға мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіптік кешеннің осы кіші саласының басымдығы дәлелденді, ол облыстың азық-түлік тұрақтылығы стратегиясында көрсетілуі тиіс. Жаңа технологияларды енгізу, мал шаруашылығы қызметінде цифрлық трансформация, жалпы өнімнің шамасын, отандық тауарлармен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыруға, халықаралық нарықтық қатынастардың негізгі нысаны ретінде сыртқы саудаға қатысуды кеңейтуге ықпал ететін техникалық жарақтандыруды күшейту маңызды болып табылады.

Авторлар туралы

И. Д. Ашимова
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Қазақстан

«Бизнес және қызмет көрсету» кафедрасының қауымдастырылған профессоры



Ә. М. Аюлов
Гуманитарлық-техникалық академия
Қазақстан

"Экономика және қаржы" кафедрасының профессоры



А. Т. Байгарина
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Қазақстан

«Бизнес және қызмет көрсету» кафедрасының сеньор дәріскері



Әдебиет тізімі

1. Акимбекова, Г.У. Размещение предприятий по первичной переработке молока в Алматинской области / Г.У. Акимбекова, А.Б. Баймуханов, У.Р.Каскабаев //Проблемы агрорынка. -2021.-№3. С.13-23. https://www.doi.org/10.46666/2021-3.2708-9991.01.

2. Бельгибаева, А.С. Молочное животноводство в Акмолинской области Республики Казахстан: основные направления интенсификации / А.С. Бельгибаева, А.Е. Муханова, С.Б. Смагулова // Проблемы агрорынка. 2023.№4. -С.151-158. https://www.doi.org/10.46666/2023-4.2708-9991.15.

3. Ефименко, А.Г. Молочный подкомплекс Республики Беларусь: оценка и направления развития / А.Г. Ефименко, В.В. Ефимович //Проблемы экономики. 2019.-№2 (29). С.67-76.

4. Banda, L.J. Smallholder dairy farming contributes to household resilience, food, and nutrition security besides income in rural households / L.J. Banda, D. Chiumia, T.N. Gondwe, S.R. Gondwe // Animal Frontiers. -2021. -Vol.11.Issue 2. Р. 41-46. https://www.doi.org/10.1093/af/vfab009.

5. Matkovski, B. Export competitiveness of agri-food sector during the EU integration process: Evidence from the Western Balkans / B. Matkovski, S. Zekić, D. Đokić, Ž. Jurjević, I. Đurić //foods. 2022. Vol.11.Issue 1. –Р.10-25. https://www.doi.org/10.3390/foods11010010.

6. Gołaś, Z. Impact of working capital management on business profitability: Evidence from the polish dairy industry / Z. Gołaś // Agricultural Economics. 2020. Vol. 66.-N6. P.278-285. https://www.doi.org/10.17221/335/2019AGRICECON.

7. Fiorillo, V. Milk quality and economic sustainability in dairy farming: A systematic review of performance indicators / V. Fiorillo, B.M. Amico // Dairy. 2024.Vol. 5.Issue 3. – P. 384-402. https://www.doi.org/10.3390/dairy5030031.

8. Azooz, M.F. Financial and economic analyses of the impact of cattle mastitis on the profitability of Egyptian dairy farms / M.F. Azooz, S.A. El-Wakeel, H.M. Yousef // Veterinary World. -2020. Vol.13.-N9. – P.1750-1759. https://www.doi.org/10.14202/vetworld.2020.1750-1759.

9. Parshukov, D.V. Study of the SocioEconomic Living Conditions of the Rural Population of the Krasnoyarsk Territory / D.V. Parshukov, Z.E. Shaporova, Yu.I. Koloskova // IOP Conference Series: Earth and Environmental Science.2021.-Vol. 839.-Issue 2.P. 220-229. https://www/doi.org/10.1088/1755-1315/839/2/022096.

10. Bórawski, P. Factors shaping cow's milk production in the EU / P. Bórawski, A. Pawlewicz, A. Parzonko, J. К. Harper, L. Holden // Sustainability.2020. Vol.12(1). N.420. – Р.1-15. https://doi.org/10.3390/SU12010420.

11. Luo, P. Food import dependency and national food security: a price transmission analysis for the wheat sector / P. Luo, T. Tanaka//foods.-2021.Vol.10(8). –N.1715. – Р.1-11. https://doi.org/10.3390/foods10081715.

12. Ержанова, Ж.К. Қазақстанның сүт саласы: тиімділікті арттыру үрдістері / Ж.К. Ержанова, Н.А. Ахметжанова, А.А. Жайтлеуова // Аграрлық нарық проблемалары.-2023.№3.Б.141-148. https://doi.org/10.46666/2023-3.2708-9991.14.

13. Baktgereyeva, A.T. Kazakhstan dairy market: guidelines for optimization/A.T.Baktgereyeva, G.K. Joldasbayeva, A.R. Urkumbayeva // Problems of AgriMarket. – 2024.№2. – Р. 159-169. https://www.doi.org/10.46666/20242.2708-9991.13.

14. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері [Электрондық ресурс].-2025. -URL:https://www.stat.gov.kz/ (қаралған күні: 05.09.2025).

15. Акимбекова, Г.У. Кооперация ЛПХ: новые возможности для сбыта, хранения, первичной переработки сельхозпродукции / Г.У. Акимбекова, А.Б. Молдашев, У.Р. Каскабаев //Проблемы агрорынка.-2025.-№2.С.162-173. https://doi.org/10.46666/2025-2.2708-9991.14.

16. Гусаров, И.В. Системы кормовых рационов высокопродуктивных молочных коров /И.В. Гусаров, О.Д. Обряева // Молочно-хозяйственный вестник. – 2023.-№3(51).С.89-104.

17. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары Басқармасының деректері [Электрондық ресурс].-2025.URL:https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmolaush/documents/details/803020? (қаралған күні: 15.09.2025).


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ашимова И.Д., Аюлов Ә.М., Байгарина А.Т. Ақмола облысының сүт кешені: мәселелері және жұмыс істеу ерекшеліктері. Аграрлық нарық проблемалары. 2025;(4):102-112. https://doi.org/10.46666/2025-4.2708-9991.09

For citation:


Ashimova I.D., Ayulov A.M., Baigarina A.T. Dairy subcomplex of Akmola region of Kazakhstan: features of functioning. Problems of AgriMarket. 2025;(4):102-112. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2025-4.2708-9991.09

Қараулар: 34

JATS XML

ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)