Қазақстанның Алматы облысында сүт өндіру: теориялық стохастикалық шекаралық тәсіл
https://doi.org/10.46666/2025-1.2708-9991.09
Аңдатпа
Сүтті мал шаруашылығы саласы республиканың азық - түлік балансына үлкен үлес қосады, өнеркәсіпті шикізатпен, ал халықты биологиялық құнды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сүт өндірісінің тиімділігін арттыру ірі және кіші сүт агроқұрылымдары үшін маңызды міндетке айналуда. Бұл мәселені ойдағыдай шешу өндірістік көрсеткіштерді арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және оның қазақстандық сүт нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты - стохастикалық шекаралық тәсіл (SFA) моделі негізінде Алматы облысының шаруа (фермер) қожалықтарындағы сүт өндірісінің рентабельділігін айқындайтын негізгі критерийлерді талдау.
Әдістері - салыстырмалы талдау, жалпылау, статистикалық, SFA шағын шаруашылық жүргізуші субъектілердің дамуының жалпы тенденциялары мен заңдылықтарын қарастыру үшін қолданылады. Нәтижелері - SFA моделі арқылы алынған шикізат шығындары мен көлемі арасындағы байланыс зерттелді. Авторлар мал басының өнімділігіне, нәтижелігіне және тауарлы-сүт фермаларының сапасына, табынды ұстауға, еңбекақыға және құралжабдықтардың құнын төмендетуге айтарлықтай әсер ететін негізгі факторларды анықтады. Өндіріс процестерін жаңғыртуға инвестицияның төмен деңгейін және жем-шөп бағасының жоғарылығын атап өткен жөн.
Қорытынды - сүт секторының мүмкіндіктерін кеңейту және әлеуетін нығайту үшін азықтандыру мен ветеринариялық қызмет көрсетудің заманауи технологияларын игеру арқылы мал өсіру мен жайылымға жұмсалатын еңбек шығындарын оңтайландыру, жоғары білікті персоналды даярлауды ұйымдастыру, заманауи ауыл шаруашылығы жабдықтарына инвестиция салу, мал генетикасын, асыл тұқымдық жұмысты жақсарту, зоотехникалық инновацияларды енгізу, шаруа қожалығын басқарудың заманауи жүйелерін қолдану қажет. Бұл проблемаларды кешенді шешу Алматы өңірінде сүтті мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Авторлар туралы
Ә. Р. УркумбаеваҚазақстан
Уркумбаева Әсия Рақымжанқызы - негізгі автор; экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; «Экономика және менеджмент» кафедрасының ассоциированный профессор,
050012 Төле би көш., 100, Алматы қ.
Г. К. Джолдасбаева
Қазақстан
Джолдасбаева Гүлнар Кәрімқызы - экономика ғылымдарының докторы, профессор; «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессоры,
050012 Төле би көш., 100, Алматы қ.
А. Т. Бақтгереева
Қазақстан
Бақтгереева Алма Тағанқызы - экономика ғылымдарының кандидаты; «Экономика және менеджмент» кафедрасының сениор-лекторы,
050012 Төле би көш., 100, Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Joldasbayeva, G.K. Milk and dairy products market: creation of dairy clusters / G.K. Joldasbayeva, А.Т. Baktgereyeva, Sh. Gaisina//Problems of AgriMarket.- 2024.-No 3. – Р.65-175.
2. Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК. Статистика сельского, лесного и охотничьего хозяйства. Основные показатели развития животноводства в РК [Электронный ресурс].-2024. -URL: https://www.stat.gov.kz/ru/ (дата обращения: 11.12.2024).
3. Gorlov, I.F., Nikolaev, D.V., Surkova, S.A. Economic efficiency of innovative developments aimed at to increase milk production [Electronic resource].- 2023. Available at: https://www.researchgate.net/publication/380120619Economic_efficiency_of_innovative_developments_aimed_at_to_increase_milk_production (date of access:06.01.2025).
4. Hanan, M. Productive and economic efficiency of milk production in the Arab Republic of Egypt: Case study in Sharkia governorate / M. Hanan, Y.S.M. Mahrous //International Journal of Health Sciences. -2022.-No 6(1). -Р.1590-1614.
5. Atzori, A.S. Assessment of feed and economic efficiency of dairy farms based on multivariate aggregation of partial indicators measured on field / A.S. Atzori, C.E. Valsecchi, M.F. Manca, A. Cannas, A.Gallo // Journal of Dairy Science. -2021. –Vol. 104.- Issue 12.-P. 12679-12692.
6. Yilmaz, H., Gelaw, F., Speelman, S. Analysis of technical efficiency in milk production: a cross-sectional study on Turkish dairy farming //Animal Production Systems and Agribusiness [Electronic resource]. -2020. Available at: https://www.scielo.br/j/rbz/a/TbM9Dfg7t33YG9ryvk4jN4L/?lang=en (date of access: 08.01.2025).
7. Chavas, J.-P. An economic analysis of production efficiency: Evidence from Irish farms / J.-P. Chavas, D. Läpple, B. Barham, E. Dillon // Canadian journal of agricultural economics. – 2020.-No 2(70).-Р.153-173.
8. Bayiyana, I. Hepelwa, A., Rao, E.J.O. Economic Efficiency of Dairy Farmers Participating in Dairy Market Hubs in Tanga and Morogoro Regions, Tanzania // Tanzania Journal of Agricul tural Sciences [Electronic resource].- 2019. Available at: https://www.ajol.info/index.php/tjags/article/view/192516 (date of access: 07.01.2025).
9. Zhao, Y. The measurement of productive performance with consideration for allocative efficiency / Y. Zhao, H. Morita, Y. Maruyama. – Omega.-2019. - Vol. 89. - P.21-39.
10. Deng, X. Improving eco-efficiency for the sustainable agricultural production: A case study in Shandong, China / X. Deng, J. Gibson //Technological Forecasting and Social Change. - 2019. – No144. –Р. 394-400.
11. Banker, R. Two-stage estimation of the impact of contextual variables in stochastic frontier production models using Data Envelopment Analysis: Second Stage OLS versus bootstrap technologies/ R. Banker, R. Natarajan, D. Zhang // European Journal of Operational Research. - 2019. -No 12 (278). – Р.368-384.
12. Vasyl’Yeva, O. Assessment of factors of sustainable development of the agricultural secor using the Cobb-Douglas production function / O. Vasyl’Yeva // Baltic Journal of Economic Studies. -2021. –No 2 (7). – Р.37-49.
13. Smirnov, R.G., Wang, K., Wang, Z. The Cobb-Douglas Production Function for an Exponential Model // Advances in Econometrics, Operational Research [Electronic resource]. -2022. Available at: https://www.ideas.repec.org (date of access: 28.12.2024). https://doi.org/10.1007/978-3-030-85254-2_1
14. Mahaboob, A. On Cobb-Douglas production function mode / A. Mahaboob, K.A. Ajmath, B. Venkateswarlu, C. Narayana, P.C. Praveen // Recent Trends in Pure and Applied Mathematics. - 2019. -No 1. - Р. 321-334.
15. Sartori, P.J. Stochastic Production Frontier Analysis of Factors That Affect Productivity and Efficiency of Logging Businesses in Virginia / P. J. Sartori, S.Z. Schons, S. Barrett // Journal of Forestry. -2024. -No 4 (122). -P.327–334. https://doi.org/10.1093/jofore/fvae006
Қосымша файлдар
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Уркумбаева Ә.Р., Джолдасбаева Г.К., Бақтгереева А.Т. Қазақстанның Алматы облысында сүт өндіру: теориялық стохастикалық шекаралық тәсіл. Аграрлық нарық проблемалары. 2025;(1):103-112. https://doi.org/10.46666/2025-1.2708-9991.09
For citation:
Urkumbayeva A.R., Joldasbayeva G.K., Baktgereyeva A.T. Milk production in the Almaty region of Kazakhstan: theoretical stochastic frontier approach. Problems of AgriMarket. 2025;(1):103-112. https://doi.org/10.46666/2025-1.2708-9991.09