Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙДЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЭКСПОРТТЫҚ-ИМПОРТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстан-Қытай экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастығы бай дәстүрлерге ие және екі тарап үшін перспективалы болып табылады. Қазақстан мен Қытайдың аграрлық азық-түлік нарығындағы экспорттық-импорттық қатынастары қарастырылған. Қазақстан мен Қытай арасындағы аграрлық салада мемлекетаралық сауданың дамуы, ірі инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, табиғи және экологиялық өнімдерді жеткізу саласындағы ынтымақтастық, ҚР Алматы және Шығыс Қазақстан облысының ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аудандарымен (ШҰАР) 2020 жылға дейінгі шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасы атап өтілді. Әртараптандырылған бағыттар, ҚХР-ға қазақстандық өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін кеңейту қаралды. Логистикалық жүйе саласындағы өзара іс-қимыл, АӨК инвестициялық белсенділік көрсетілді. Дайын өнімді пайдалану теңгерімі бойынша Қазақстанның әлеуетті экспорттық ресурстарына баға берілді, ұлттық нарық сыйымдылығындағы импорттық өнімнің үлесі көрсетілді. Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының келешегі, Қазақстан Республикасы үшін әлеуетті пайдалар көрсетілген.

Авторлар туралы

С. Т. Жұмашева
Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан


А. Е. Мұханова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан


Ж. Б. Смағулова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің статистикалық деректері. 2012-2016 жж. сыртқы сауда. [Электрондық ресурс].- 2018.- URL: http:// www.stat.gov.kz. (қаралған күні: 18.07.2018).

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет қоры [Электрондық ресурс]. - 2018.- URL: http:// www.minagri.gov.kz. (қаралған күні: 12.05.2018).

3. Молдашев А.Б. Қазақстанның АӨК: даму мәселелері және оларды шешу жолдары //Аграрлық нарық проблемалары. - Алматы. - 2016. -№3.- Б. 7-13.

4. Гриванов Р.И., Гао Юань, Ли Чжэнь. ҚХР Сыртқы экономикалық саясатының векторлары: даму баламаларының салыстырмалы талдауы// Қолданбалы және іргелі зерттеулердің халықаралық журналы. - 2016.- №12.- Б. 754-757.

5. Сұлтанғалиева А. Қазақстан және оның көршілері: мүмкіндіктер мен шектеулер.- Астана-Алматы: ИМЭП, 2015.- 68 б.

6. ҚР Премьер-Министрінің 25 желтоқсан 2012 жылғы №231-р бұйрығы "Қазақстан - Жаңа Жібек жолы" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары» [Электрондық ресурс].- 2013.- URL:http://www. adilet.zan.kz (қаралған күні: 10.02.2018).

7. Қытай бесжылдық жоспары. [Электронды ресурс].- 2017.- URL: https://pro- metej.info/ blog/ ekonomika/ kitajskij-pyatiletnij- plan-obshij-vid (қаралған күні: 20.06. 2018).

8. Қытайдың мемлекеттік имиджі туралы баяндама/Шет тілдерде әдебиеттерді шығару және тарату істері жөніндегі ҚХР басқармасы //Шелковый путь-ревю. - 2018.- №2.- С. 22-24.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жұмашева С.Т., Мұханова А.Е., Смағулова Ж.Б. ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙДЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЭКСПОРТТЫҚ-ИМПОРТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ. Аграрлық нарық проблемалары. 2018;(4):57-66.

Қараулар: 235


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)