Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

Етті қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары

https://doi.org/10.46666/2022-1.2708-9991.15

Толық мәтін:

Аңдатпа

Ет және ет өнімдері Қазақстанда ерекше орын алады, өйткені олар тарихи тұрғыдан басты ұлттық өнімдердің бірі болып табылады және өмір сүру үшін қажетті ақуыз көзі болып табылады.

Мақсаты – АӨК ет өңдеу саласында өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша негізгі жолдарды әзірлеу. Ет өңдеу саласы - агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі салалардың бірі. Оның құрылымы айтарлықтай статикалық, өйткені ол екі өзара байланысты элементтерден тұрады – азық-түлік нарығына тәуелді мал шаруашылығы және ет өңдеу кәсіпорындарынан. Әдістері-салыстырмалы, статистикалық-экономикалық және жүйелік талдау, логикалық жалпылау.

Нәтижелер – мал шаруашылығын дамыту үшін жоғары әлеуетке ие Қазақстан ет өңдеу секторының әлемдік көшбасшыларының қатарында болуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін қайта өңдеу кәсіпорындарының, оның ішінде ет өңдеу кәсіпорындарының экономикалық базасын күшейту және ет өңдеу секторының әлемдік тауар нарығында олардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру қажет.

Қортынды – ет өнімдері саласы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымдық элементі ретінде біртұтас технологиялық тізбектегі тұтас өндірістік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуі негізінде қалыптасқан. Елдің ет өңдеу саласын тиімді дамыту үшін өндірістік және экономикалық қатынастардың ұтымды жүйесін құру қажет. Республикада ет өндіру деңгейі халықтың қажеттілігін әлі де қанағаттандырмайды. Республиканың мал шаруашылығы өндіріс пен өңдеудің қарқынды әдістеріне әлі көшкен жоқ.

Авторлар туралы

Ж. М. Қалпақпаева
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

 экономика ғылымдарының кандидаты; «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушы

050012 Төле би көш., 100, Алматы қ., Қазақстан



М. М. Сауранова
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

экономика ғылымдарының кандидаты; «Экономика және менеджмент» кафедрасының сениор - лекторы

050012 Төле би көш., 100, Алматы қ., Қазақстан



Г. Б. Саханова
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

 Ph.D; «Экономика және менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессор

050012 Төле би көш., 100, Алматы қ., Қазақстан



Әдебиет тізімі

1. Калиев Г.А. Вопросы продовольственной безопасности Казахстана./ Калиев Г.А., Молдашев А.Б // Аграрлық нарықтың мәселелері.- 2021.-№4.-Б.13-22. https://doi.org/10.46666/2021-4.2708-9991.01

2. Баутина О.В. Тенденции, особенности и экономическая эффективность породного размещения крупного рогатого скота в регионах России / Баутина О.В.// Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарының экономикасы. – 2021. -№6.-Б. 13-16

3. Калмагамбетов М.Б., Баймуханов А.Б., Шералиева Ж.Е. Влияние оптимального рациона кормления на выращивание молодняка крупного рогатого скота./ Калмагамбетов М.Б., Баймуханов А.Б., Шералиева Ж.Е.// Аграрлық нарықтың мәселелері.- 2021.-№ 2.- Б.100-107. https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.12

4. Омбаев А.М. Зоотехнический и биохимический контроль за полноценностью кормления./А.М. Омбаев, Н.А .Жазылбеков, М.Б. Калмагамбетов, М.А. Кинеев, Б.М. Кошен, Т.Н. Карымсаков // Мал шаруашылығы мен мал азығы өндірісіндегі тәжірибелік іс негіздері. -Алматы, 2017. -196 б.

5. Юрк Н.А. Управление поставками комбикормов / Н. А. Юрк, И. П. Иванова // Ресей ауыл шаруашылығы экономикасы. – 2021. – № 6.– Б. 38-41. DOI 10.32651/216-38.

6. Мизанбекова С.К. Роль кормовой базы и комбикормовой промышленности в организации промышленного животноводства Казахстана/ Мизанбекова С.К., Нурманбекова Г.К., Мизанбеков И.Т// Аграрлық экономика. Беларусь Ұлттық Ғылым академиясы.-2019.- № 4. Б. 60 – 67

7. Таипов Т.А. Опыт и экономические проблемы производства мяса и продуктов его переработки./Таипов Т.А.// Іргелі зерттеулер. – 2018. – № 8 – Б. 105-109

8. Искендирова C.К. Проблемы субсидирования сельского хозяйства /C.К. Искендирова, Р.К. Конуспаев, Т.Ж. Демесинов// Вестник КарГУ. Экономика Сериясы.- 2019.- №4(96).- Б.61-66.

9. Дедкова Е.Актуальные аспекты обеспечения продовольственной безопасности./Дедкова Е,Коростелкина И, Жидова О. // Қазұу Хабаршысы. Экономикалық Серия. – 2019. - № 3.-Б. 172-183 doi: https://doi.org/10.26577/be-2019-3-e15.

10. Куандыкова М.Б., Омарбакиев Л.А., Камысбаев М.К. Аграрное предпринимательство Акмолинской области Казахстана на фоне пандемии. / Куандыкова М.Б., Омарбакиев Л.А., Камысбаев М.К.// Аграрлық нарықтың мәселелері. -2021. №2 Б.:123-129. https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.15


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қалпақпаева Ж.М., Сауранова М.М., Саханова Г.Б. Етті қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары. Аграрлық нарық проблемалары. 2022;1(1):128-135. https://doi.org/10.46666/2022-1.2708-9991.15

For citation:


Kalpakpaeva Zh.M., Sauranova M.M., Sakhanova G.B. Factors for increasing competitiveness of meat processing enterprises. Problems of AgriMarket. 2022;1(1):128-135. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2022-1.2708-9991.15

Қараулар: 291


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)