Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына банктік кредит беру: қазіргі жай-күйі мен проблемалары
https://doi.org/10.46666/2022-1.2708-9991.08
Аңдатпа
Мақсаты – ауыл шаруашылығын банктік несиелендірдің рөлін айқындау, экономиканың нақты секторына кредиттік салымдардың салалық құрылымын, аграрлық секторға несиелер көлемін талдау, банктердің АӨК-ке несие бергісі келмеу себептерін нақтылау және кредиттік қатынастардың дамуына кедергі келтіретін факторларды зерделеу. Осыған байланысты, екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы субъектілеріне несие берудің жай-күйін қарау және проблемаларын анықтау міндеті қойылған. Агроөнеркәсіптік кәсіпорындар үшін банк несиелерінің қолжетімділігінің негізгі проблемалары айқындалған.
Нәтижелер – коммерциялық банктердің ауыл шаруашылығы өндірісін кредиттеуінің ағымдағы жай-күйіне талдау жасалған, банктік несиенің қолжетімділігінің негізгі проблемалары қаралған, сондай-ақ қазіргі экономикалық жағдайларда Қазақстан экономикасының аграрлық секторының кәсіпорындарын тиімді қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірленген. Ауылшаруашылық кәсіпорындарын несиелік ресурстармен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығына тән бірқатар ерекшеліктермен анықталатындығы көрсетілген. Осылайша, айырықша ерекшеліктерге және өтімді кепілзаттық қамтамасыз етудің болмауына байланысты ауыл шаруашылығы қызметінің тәуекелдік сипаты атап өтілген. Жұмыста банктер үшін кепілдік қамтамасыз етуді ұсына алатын және, тиісінше, несие қаражатының ірі сомасын талап ете алатын ірі бизнес тартымды екендігі атап өтілген. Бұл факторлар қаржылық жағдаймен қатар несие беруші банктер үшін шешуші болып табылады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын банктік кредиттеуді талдау негізінде АӨК кәсіпорындарын кредиттеудің қазіргі жүйесі жеткілікті тиімді емес деген қортынды жасалған. Авторлар ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қаражаттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен коммерциялық банктердің несие беру рәсімі кезіндегі өзара іс-қимылының оңтайлы тетігі қажет деп тұжырымдайды.
Авторлар туралы
Т. Г. АбдуловаҚазақстан
аға оқытушы
090009 Жәңгір хан көш., 51, Орал қ., Қазақстан
З. Х. Султанова
Қазақстан
экономика ғылымдарының кандидаты; доцент м.а.
090009 Жәңгір хан көш., 51, Орал қ., Қазақстан
М. К. Бегеева
Қазақстан
экономика ғылымдарының кандидаты; Стратегиялық даму және
талдау басқармасы басшысының орынбасары
090009 Жәңгір хан даңғ., 51, Орал қ., Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Смирнова, Т.С. Обеспечение доступности кредитных средств для сельскохозяйственных товаропроизводителей в России: автореф. дис. к.э.н. [Электронный ресурс]. 2007. URL: https://www.econ.msu.ru/cmt2/lib/a/932/file/Smirnova.pdf (дата обращения: 20.11.2021)
2. Евниев, А.К., Ардабаева, А.Е. Вопросы кредитоспособности субъектов АПК в Республике Казахстан/А.К. Евниев, А.Е. Ардабаева// Проблемы агрорынка, январь-март/2020.-С.87-94 (дата обращения: 20.11.2021)
3. Долгачева, Т.С. Развитие кредитования как фактора обеспечения воспроизводства в сельском хозяйстве. [Электронный ресурс].2015.-URL: http://ds.vsau.ru/wp-content/uploads/2015/11/ (дата обращения: 10.11.2021).
4. Евдокимова, В.Э. Современные проблемы банковского кредитования предприятий аграрной сферы/В.Э. Евдокимова// Вестник СГСЭУ.- 2018.-№3(72).-С.116-120 (дата обращения: 25.11.2021)
5. Майтабаева, Г.Ж. Особенности банковского кредитования сельского хозяйства в Республике Казахстана/Г.Ж. Майтабаева// Проблемы агрорынка, июль-сентябрь/2018.-С-216-224 (дата обращения: 20.11.2021)
6. Национальный банк Республики Казахстан. Статистический бюлле-тень №12, 2020 [Электронный ресурс] URL: https://www.nationalbank.kz/ru/news/statisticheskiy-byulleten/rubrics/1556 (дата обращения: 28.10.2021).
7. Берстембаева, Р.К Проблемы финансового обеспечения агропромышленного комплекса Казахстана [Электронный ресурс].2015.- URL: https://kazatu.edu.kz/assets/i/science/sf11_ekonom_103.pdf (дата обращения: 27.11.2021).
8. Кишибекова, Г.К., Омарханова, Ж.М. Финансовое обеспечение развития сельского хозяйства Республики Казахстан [Электронный ресурс].2017.- URL: http://nblib.library.kz/elib/library.kz/jurnal/Doklady%2004-2017/Khishibekova0417.pdf (дата обращения: 28.11.2021).
9. Трусова, В., Радченко, Н. Г., Рубцова, Н. М. Models of bank lending to agricultural enterprises [Электронный ресурс].2021.-http://www.economy.nayka.com.ua/?n=4&y=2021(дата обращения: 28.11.2021).
10. Султанова, З.Х., Абдулова, Т.Г., Дюсембекова, Г.С. Направления совершенствования системы кредитования АПК Республики Казахстан/ З.Х. Султанова, Т.Г. Абдулова, Г.С. Дюсембекова// Вестник казахского университета экономики, финансов и международной торговли, №3 (40) 2020.-С.105-113 (дата обращения: 28.11.2021).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Абдулова Т.Г., Султанова З.Х., Бегеева М.К. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына банктік кредит беру: қазіргі жай-күйі мен проблемалары. Аграрлық нарық проблемалары. 2022;1(1):75-82. https://doi.org/10.46666/2022-1.2708-9991.08
For citation:
Abdulova T.G., Sultanova Z.Kh., Begeyeva M.K. Bank lending to agricultural enterprises in Kazakhstan: current state and problems. Problems of AgriMarket. 2022;1(1):75-82. (In Russ.) https://doi.org/10.46666/2022-1.2708-9991.08