Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Республика экономикасындағы аграрлық сектордың рөлі және арнайы салық режимі негізінде патенттері бар кәсіпкерлерге салық салу жүйесі, бірінші кезекте, жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбай, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік нысанында қарастырылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту есебінен салық салу ерекшеліктері көрсетілген. Салық салудың үш оңайлатылған механизміне: шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және өндірістік кооперативтер үшін талдау жүргізілген. Салық пен алымдарды есептеудің және төлеудің ерекше жүйесінде фермерлік шаруашылықтар үшін бірыңғай жер салығын пайдалану тәртібі белгіленген. Аграрлық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін ауыл шаруашылығы өндірісіндегі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудегі, өткізудегі, ал ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты - шаруашылық өнімдерін қай- та өңдеуде және одан әрі пайдалануда салықтық рәсімдер талданған. Бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы тұрақты байланысы бар кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауды, өндіріске инновацияларды енгізуді көздейтін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің лизингін қаржыландыру кезінде салықтық жүктемені айқындау үшін қолданбалы жобаларды қолдану ерекшеліктері көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде салықтық реттеу әдістері, Қазақстан Республикасының АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігі жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша сараланған салық жеңілдіктері ұсынылған.

Авторлар туралы

К. К. Мамутова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан


А. Б. Айдарова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан


Г. Е. Мауленкулова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. ҚР Салық кодексі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» [Электрондық ресурс].-2018.-URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1700000120 (қаралған күні: 15.05.2019).

2. Баранова Н.А. Государственная поддержка аграрного сектора экономики // Проблемы агрорынка. -2015.-№ 4. - С. 44-51.

3. Бигельдиева З.А. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын рационалды пайдаланудың экономикалық аспектілері // Проблемы агрорынка.-2018.- № 3.- Б.179-181.

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Бюджеті. Қолданыстағы Заңнама шеңберінде.- Астана, 2014.-Б. 41-45.

5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1581 қаулысы [Электрондық ресурс].- 2014.- URL: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31498840 (қаралған күні: 21.11. 2018).

6. Дуйсенбай Б. Становление и развитие агробизнеса в Казахстане.- Алматы, 2014.- 218 с.

7. Жатканбаев Е. Аграрный сектор экономики Казахстан в условиях глобализации // Саясат.-2015. -N 12. - С. 24-28.

8. Гринкевич Л.С., Иванова Ю.Н. Развитие методов налогового регулирование деятельности предприятий АПК. - Томск, 2014.- 152 с.

9. Сигарев М.И. Государственная поддержка аграрного сектора Казахстана // Проблемы агрорынка. - 2016.- № 1. - С. 65-72.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мамутова К.К., Айдарова А.Б., Мауленкулова Г.Е. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕ САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ. Аграрлық нарық проблемалары. 2019;(3):83-91.

Қараулар: 262


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)