Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың, оның тиімді басқаруына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тәуелді болатын жалпы жүйелік мәселелері қарастырылған. Олардың ішінде: агротехнологиялардың артта қалуы, өндірістің негізгі құралдарының физикалық және моральдық тозуы; суармалы судың едәуір ысырабы, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану; шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұсақ тауарлығы; өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін сапалы шикізаттың жетіспеушілігі және азық-түлік тауарларының ішкі нарығында отандық терең қайта өңдеу өнімдерінің төмен үлесі; аграрлық секторға инвестициялар тартудың елеусіз дәрежесі; ауылдық кооперацияның жеткіліксіз дамуы. Ауыл шаруашылығы саласының өзіндік ерекшеліктері халық үшін азық-түлік өнімдері мен экономиканың басқа салалары үшін шикізат өндірісіне, жұмыс күшін өндіруге негізделген. Агроөнеркәсіптік өндірістің жоғары деңгейі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні көрсетілген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері: өндірілген өнім көлемі, сатудан түскен кірістер, оның өзіндік құны, сондай-ақ көрсетілген қызметтер, өндірістің рентабельділігі (шығындылығы) талданған. Республиканың түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы агроқұрылымдарына іріктеп зерттеу жүргізілген. Өндірістік қызмет пен кәсіпкерлік белсенділікті шектейтін факторлар зерттелген. Аграрлық сектордағы мәселелерді неғұрлым терең ұғыну үшін оларды жіберген жағдайда елдің азық-түлік тәуелсіздігіне кері әсер ететін себептерді анықтау талап етілетіні анықталған.

Авторлар туралы

А. О. Базарбаев
Нархоз университеті
Қазақстан


Б. К. Купешова
Нархоз университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №423 қаулысы, 197 б.

2. Смагулова Ш.А. Социально-экономический механизм устойчивого развития сферы хранения и переработки АПК РК. - Алматы: TST-Company, 2017. - 350 c.

3. Доскеева Г.Ж., Керимова У.К. Тұрақты жағдайындағы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу: оқу құралы / ред. Ш.А. Смагулова.- Алматы: TST-Company, 2016. - 330 б.

4. Тлесова А.Б., Примбетова С.Ч., Кантарбаева Ш.М. Қазақстанның аграрлық саласы: инновациялық даму // Проблемы агрорынка». - 2018. - №2. - Б. 34-43.

5. Анализ рынка сельского хозяйства в Казахстане: валовый продукт, занятость населения, производственные системы, госпрограмма развития АПК, сельскохозяйственные организации [Электронный ресурс].- 2019.- URL: http://www.marketingcenter.kz. (дата обращения: 21.08.2019).

6. Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің ресми сайты [Электрондық ресурс].-2018.-URL: http://stat.gov.kz (қаралған кұні: 19.04.2019).

7. Зубарева Ю.В., Пилипенко Л.М. Проблемы ведения агробизнеса и направления их решения // Фундаментальные исследования. - 2016. - № 12(4). - С. 858-862.

8. Молдашев А.Б. АПК Казахстана: проблемы развития и поиск их решения // Проблемы агрорынка. -2016. -№3. -С. 7-13.

9. Нукешева А.Ж., Айнаканова Б.А., Казкенова А.С. Аграрлық өндірісті әртараптандырудың өзекті мәселелері // Проблемы агрорынка». - 2018. - №4. - Б. 43-50.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Базарбаев А.О., Купешова Б.К. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. Аграрлық нарық проблемалары. 2019;(3):42-48.

Қараулар: 291


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)