Қазақстанның аграрлық секторындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бюджеттік қаржыландыру
https://doi.org/10.46666/2026-3.2708-9991.20
Аңдатпа
Мақсаты – 2021-2025 жж. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) бюджеттік қаржыландыру динамикасы мен құрылымын зерттеу, оның инновациялық белсенділік пен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға әсерін бағалау, соның ішінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін шектейтін институционалдық факторларды айқындау. Әдістері – зерттеу статистикалық ақпаратты қорыту және түсіндіру үшін жүйелік, салыстырмалы және құрылымдық талдауды қолдануға негізделген. ҒЗТКЖ-ға бюджеттік инвестициялардың оңтайлы көлемін диагностикалау экономикалық, технологиялық және әлеуметтік индикаторларды ескере отырып жүргізілді. Эмпирикалық базаны ғылыми жарияланымдар, мерзімді әдебиет материалдары, нормативтік-құқықтық актілер, ғылымды және АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті деректері құрады. Нәтижелері – аграрлық сектордағы ғылыми бейіндегі зерттеу қызметін мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдері, сондай-ақ құрылымдық элементтер, ҒЗТКЖ-ға арналған бюджеттік шығыстардың құрамы мен өзгерістері қарастырылды. Бюджеттік қаржы бөлу нәтижелілігіне мониторинг жүргізуге және таным мен білім беру саласындағы қызмет нәтижелерін коммерциялық енгізуге теориялық тәсілдер негізделді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру негізінде қаржы ресурстарын бөлу ерекшеліктері және олардың агроөнеркәсіптік өндірісті инновациялық дамытуға әсері анықталды. Қаржыландыру мен соңғы әсер арасындағы әлсіз байланыс іске асырылатын жобалардың қайтарымын төмендететіні және оларды кейіннен енгізу мүмкіндіктерін шектейтіні атап өтіледі Қорытынды – ҒЗТКЖ-ны мемлекеттік инвестициялаудың практикалық құндылығы көбіне институционалдық ортаға және ғылыми ұйымдардың өндірістік сектормен өзара әрекеттесу деңгейіне байланысты екені белгіленді. Технологиялар трансферті механизмдерін жетілдіру, академиялық ізденістердің практикалық бағыттылығын арттыру және ғылыми-зерттеу мекемелері мен агробизнес арасындағы әріптестікті нығайту қажеттілігі көрсетілді.
Автор туралы
Сырым Маргуланович БейсембековҚазақстан
Бейсембеков Сырым Маргуланович; Ph.D докторанты
050040 әл-Фараби даңғ., 71, Алматы қ., Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Miao, R. Public Agricultural Research, Political Economy, and Climate Change: A Literature Review / R. Miao, R. Ulucak, D.Zilberman // Applied Economic Perspectives and Policy. – 2024. – Vol. 46.- Issue 3. – P. 954–982. https://doi.org/10.1002/aepp.13455
2. Калиев, Г.А. Вопросы продовольственной безопасности Казахстана / Г.А. Калиев, А.Б. Молдашев //Проблемы агрорынка. – 2021. – N 4. – С.13-22. https://doi.org/10.46666/2021-4.2708-9991.01
3. Alibekova, V. Analysis of Features of Investment Attractivenessof Agriculture in Kazakhstan / V.Alibekova, S.Abildaev, K. Shaldarbekova // Eurasian Journal of Economic and Business Studies. – 2023. – Vol. 67 – Issue 2. –P. 146-157. https://doi.org/10.47703/ejebs.v2i67.296
4. Шарипов, А.К. Финансовая поддержка сельскохозяйственных кооперативовв Республике Казахстан / А.К. Шарипов, М.Б. Сейсекенова, Н.Т. Сартанова // Проблемы агрорынка. – 2024. – N3. – С.160-165.
5. Лемещенко, О.В. Аналитические аспекты государственной финансовой поддержки агропромышленного комплекса Казахстана / О.В. Лемещенко, Г. Н. Накипова, Е.Н. Белкина //Вестник университета «Туран». – 2021. – N3. – С.101-107. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-101-107
6. Van der Heijden, J. Unravelling Programme Success and Complex Causation in Agricultural Research for Development (AR4D): A Systematic and Comprehensive Literature Review / J.van der Heijden // Agricultural Systems. – 2024. – Vol. 215. – Article 103851. https://doi.org/10.1016/j.agsy.2024.103851
7. Zhan, J. Enhancing Rural Income Through Public Agricultural R&D: Spatial Spillover and Infrastructure Thresholds / J. Zhan, Y. Ma, W. Hu, C. Chen, Q. Lu // Review of Development Economics. – 2022. – Vol. 26. – P. 1083–1107. https://doi.org/10.1111/rode.12872
8. Letty, B.A. A Critical Comparative Review of Evidence on Alternative Instruments for Supporting Research and Innovation in Agri-food Systems in the Global South / B.A. Letty, T.G.B. Hart, S. Murugan, T. Naidoo, S. Rai, D. Thiam, J. Zake, S. I. AnnorFrempong // Frontiers in Sustainable Food Systems. – 2022. – Vol. 6. – Article 1013156. https://doi.org/10.3389/fsufs.2022.1013156
9. Lukhmanova, G.K. Food security assessment in the Republic of Kazakhstan / G.K. Lukhmanova, N.B. Syzdykbayeva, L.A, Baibulekova, S. E. Abdykalyk, A.A. Seidakhmetova //Journal of Advanced Research in Law and Economics. – 2023. – Vol. 9. – Issue 4. – P. 1337-1342. https://doi.org/10.14505//jarle.v9.4(34).21
10. Prasad, P.V.V. Patterns of investment in agricultural research and innovation for the Global South, with a focus on sustainable agricultural intensification / P.V.V. Prasad, N. Bhatnagar, G. Jacob, K. Narayan, R. Echeverria, N. Beintema, P. Farah Cox, J. Compton // Frontiers in Sustainable Food Systems. – 2023. – Vol. 7. – Article 1108949. https://doi.org/10.3389/fsufs.2023.1108949
11. Айтказина, М.А. Особенности финансирования агропромышленного комплекса Республики Казахстан / М.А. Айтказина, А.Д. Каршалова // Проблемы агрорынка. – 2022. – N3. – С. 66-72.
12. Капвложения в сфере АПК достигли 981 млрд. тенге [Электронный ресурс]. – 2024.- URL: https://www.kapital.kz/economic/122623/kapvlozheniya-v-sfere-apk-dostigli-981-mlrd-tenge.html (дата обращения: 15.06.26).
13. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы [Электрондық ресурс]. – 2021.-URL: https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000960 (қаралған күні: 15.06.26).
14. До 2025 года планируется реализовать 800 инвестпроектов в АПК [Электрондық ресурс]. –2022.- URL: https://www.kapital.kz/economic/111320/do-2025-goda-planiruyet-syarealizovat-800-investproyektov-v-apk.html (дата обращения: 15.06.26).
15. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны бекіту туралы [Электрондық ресурс]. – 2021.-URL: https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000732 (қаралған күні: 15.06.26).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Бейсембеков С.М. Қазақстанның аграрлық секторындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бюджеттік қаржыландыру. Аграрлық нарық проблемалары. 2026;(3):223-233. https://doi.org/10.46666/2026-3.2708-9991.20
For citation:
Beisembekov S. Budget Financing of Research and Development Work in the Agricultural Sector of Kazakhstan. Problems of AgriMarket. 2026;(3):223-233. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2026-3.2708-9991.20
JATS XML















