Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

Су шаруашылығы жүйесінде кадрларды даярлаудың дуальды моделі: агробизнес үшін тиімді инновациялық шешімдер

https://doi.org/10.46666/2026-1.2708-9991.18

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің су шаруашылығы саласында мамандар даярлау үшін дуальды оқытуды дамытуға практикалық тәсіл ұсынылды. Зерттеудің өзектілігі су секторындағы кадрлардың тапшылығына, түлектердің кәсіби бағдарлануының жеткіліксіздігіне және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына бейімдеу қажеттілігіне байланысты. Мақсаты – бірыңғай білім беру кеңістігінде білім мен өндірістік тәжірибенің теориялық негіздерін интеграциялауды, сондай-ақ орта техникалық және университеттік білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ететін дуальды оқу платформасының әдістемесін әзірлеу. Әдістер – материалдар аналитикалық алгоритмге негізделген. Жұмыс аясында Германия, Швейцария, Нидерланды, Қытай және АҚШ-та жүзеге асырылатын дуальды жүйенің модельдеріне салыстырмалы бағалау жүргізілді. Республикада дуалды форматты енгізу шарттарын айқындайтын нормативтік-құқықтық базаға, білім беру стандарттары мен салалық тәжірибелерге қосымша құжаттамалық талдау жасалды. Қолданбалы элемент ретінде су ресурстарын басқару аспектісінде цифрлық шешімдер мен тәжірибеге бағдарланған оқу процесінің үйлесімінің мысалы ретінде ұсынылған "Flood-MAR-Kaz" өңірлік кейсі пайдаланылды. Нәтижелер – дуальды форманың тиімділігі "колледж–университет–бизнес–мемлекеттік органдар" кооперациясының деңгейі, құзыреттілікті қалыптастыру үлесі және білім беру қызметін цифрландыру дәрежесі бойынша бағаланды. Дуальды дағдыларды игеру жоғары оқу орындарын бітіргендердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға, инженерлік құзыреттердің сапасын жақсартуға және ауылдық аумақтардың су және климаттық тәуекелдерге тұрақтылығына ықпал етеді. Қорытындылар - ғылыми ізденістің практикалық маңыздылығы су шаруашылығы үшін білім беру жоспарларын, пәндері мен жобаларын жасау және олардың негізгі көрсеткіштер бойынша нәтижелілігін мониторингтеу кезінде ұсынылған технологияны қолдану мүмкіндігі болып табылады. Осылайша, құрылымдық-функционалдық схема таным құралы ретінде дуальды оқыту жағдайында мамандарды даярлауды жобалау механизмін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді

Авторлар туралы

А. Скакова
Қазақ-Британ техникалық университеті
Қазақстан

Скакова Айжан - география ғылымдарының кандидаты; ғылыми қызметкері

050000 Төлеби көш., 59, Алматы қ.



А. Утепов
Қазақ-Британ техникалық университеті
Қазақстан

Утепов Арман - негізгі автор; Ph.D; ғылыми қызметкері

050000 Төле би көш., 59, Алматы қ.



Қ. Шынбергенова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Қазақстан

Шынбергенова Қарлығаш - техника ғылымдарының кандидаты; «Экология» кафедрасыңың доценты

010000 Жеңіс даңғ., 62, Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. Ye, J.H. Sustainability of technical and vocational education and training (TVET) along with vocational psychology / J.H. Ye, Zh. He, B. Bai, Y.F. Wu // Behavioral Sciences. – 2024. – Vol. 14. –Issue 10. – Article bs14100859.

2. Martínez-Izquierdo, L. Dual vocational education and training systems’ governance model and policy transfer: the role of the European union in its diffusion / L. Martínez-Izquierdo, M. Torres Sánchez //Social Sciences. –2022.– Vol. 11. – №. 9.– Article: 2154496. https://doi.org/10.3390/socsci11090403

3. Schmitz, G.H., Cullmann, J., Nacken, H. Capacity building in integrated urban water resources management: From Vision to Practice [Electronic resource]. - 2018. Available at: https://www.researchgate.net/publication/270575939_Capacity_Building_in_Integrated_Urban_Water_Resources_Management_From_Vision_to_Practice (date of access: 12.12. 2025).

4. Koulouri, A., Mouraviev, N. Governance of the water-energy-food nexus: A relational equity approach //Policy and Governance in the Water-Energy-Food Nexus [Electronic re-source].- 2019. Available at: https://www.taylor-francis.com/chapters/edit/10.4324/97804294277т18-2/governance-water-energy-food-nexus-anastasia-koulouri-nikolai-mouraviev (date of access: 12.12.2025).

5. Katusiime, J. Integrated water resources management approaches to improve water resources governance / J. Katusiime, B. Schütt //Water. – 2020. – Vol. 12. – Issue 12. – Article 3424. https://doi.org/10.3390/w12123424

6. Lee, S. Multi-Level prioritization analysis of water governance components to improve agricultural water-Saving policy: A case study from Korea / S. Lee, B. Adelodun, M.J. Ahmad, K.Sook Choi // Sustainability. – 2022. – Vol. 14. – Issue 6. – Article 3248.https://doi.org/10.3390/su14063248

7. Das, A. Smart and sustainable water management: policy, technology, and innovation pathways for resource resilience / A. Das, S. Mishra // Green Technology, Resilience, and Sustainability. - 2025. - Vol. 5. - Issue 1. - P.1-26. https://doi.org/10.1007/s44173-025-00022-8

8. Wu, F. Relevance in a state of flux: Civil society and environmental protection in Kazakhstan / F. Wu //Authoritarianism and Civil Society in Asia. – Routledge, 2022. – Article 57446.

9. Abdullaev, I. Current challenges in Central Asian water governance and their implications for research, higher education, and sciencepolicy interaction / I. Abdullaev, A. Assubayeva, I. Bobojonov, N. Djanibekov, I. Dombrowsky, A. Gafurov, D. Ziganshina //Central Asian Journal of Water Research.- 2025.-Vol.11.-№1.-P.47-58. https://doi.org/10.29258/CAJWR/2025-R1.v111/47-58.eng

10. European Commission. Directive // EC Directive [Electronic resource]– 2000. Available at: https://www.eur-lex.europa.eu/eli/dir/2000/60/oj/eng (date of access: 15.12.2025).

11. Boogaard, F. Europe's state of water 2024: the need for improved water resilience [Electronic resource]. - 2024. Available at: https://www.eea.europa.eu/en/analysis/publications/europes-state-of-water-2024 (date of access: 15.12.2025).

12. Wasreb. Impact 17: Performance of Kenya’s Water Services Sector 2023/24; Water Services Regulatory Board: Nairobi, Kenya [Electronic resource]. 2023-2024. Available at: https://www.wasreb.go.ke/wp-content/uploads/2025/06/IMPACT-REPORT-17.pdf (date of access: 15.12.2025).

13. Wang, S. Specifics of training specialists in the field of water resources logistics / S. Wang, W. Guan, J. Wu, L. Zhang, N. Shakeeva, B. Yang //BIO Web of Conferences. – EDP Sciences.- 2024. – Vol. 107. – Article 05007. https://doi.org/10.1051/bioconf/202410705007

14. Рахимова, Ф.И. Практики зарубежных стран по организации дуального образования // European research [Электронный ресурс]. - 2023.–URL: https://www.cyberleninka.ru/article/n/praktiki-zarubezhnyh-stran-po-organizatsii-dualnogo-obrazovaniya (дата обращения: 12.12.2025).

15. Babayev, V. Vocational Employer-Sponsored Education of Employees of the Water Supply and Sewage / V. Babayev, D. Roslavtsev, K. Sorokina //Balkan Region Conference on Engineering and Business Education. - 2019. – Vol.1.-Issue 1.- P.235-242. https://doi.org/10.2478/cplbu-2020-0027

16. Каюмов, И.А., Низамова, А.Х. Профессиональная переподготовка специалистов строительного производства [Электронный ресурс]. - 2021.– URL: https:www//cyberleninka.ru/article/n/professionalnaya-perepodgotovka--spetsialistov--stroitelnogo--proizvodstva (дата обращения: 12.12.2025).

17. Олійник, Н.І., Крилова І.І. Підготовка фахівців у сфері водопостачання та водовідведення в умовах реформування системи державного управління / Н.І. Олійник, І.І. Крилова //Інвестиції: практика та досвід. – 2018. – №. 19. – С. 73-78. https://doi.org/10.32702/2306-6814.2018.19.73


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Скакова А., Утепов А., Шынбергенова Қ. Су шаруашылығы жүйесінде кадрларды даярлаудың дуальды моделі: агробизнес үшін тиімді инновациялық шешімдер. Аграрлық нарық проблемалары. 2026;(1):198-208. https://doi.org/10.46666/2026-1.2708-9991.18

For citation:


Skakova A., Utepov A., Shynbergenova K. Dual model of personnel training in the water management system: effective innovative solutions for agribusiness. Problems of AgriMarket. 2026;(1):198-208. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2026-1.2708-9991.18

Қараулар: 115

JATS XML

ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)