Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Толық мәтін:

Аңдатпа

Жер қорын басқарудың инновациялық тәсілдері қарастырылған. Бұл процесті жетілдіру мақсатында ГАЖ-технологияларды қолдану, атап айтқанда ауыл шаруашылығының ғарыштық мониторингін жүргізу қажет екендігі анықталған. Нәтижесінде ғарыштық суреттер негізінде Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының ГАЖ-платформасы құрылды. Цифрлау (векторизация) және оларды жергілікті жердегі объектілерді тану үшін дешифрлеу жүргізілді. Ақмола облысының аудан- дары бөлігінде ArcGIS, v.10,4 бағдарламасында атрибуттық деректері бар ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары бойынша деректер базасы алынды. Егістікте кездесетін арамшөптердің биологиялық топтары анықталды. Егістің ластануы деңгейін 3-классқа бөле отырып, ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) деректері негізінде олардың ластануына спутниктік бағалау жүргізілді: әлсіз ластанған, орташа дәрежеде ластанған, қатты ластанған. Жер үсті бақылаулары негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық өнімділігі есептелген. Осы мақсатта жер үсті деректерін жинау үшін далалық сапарлар жүргізілді, оның барысында таңдамалы бақылау нүктелерінің контекстінде егіс алқалары жиналды, олардың координаттары GPS қабылдағышымен анықталды. Өнімділікті анықтау үшін нормаланған айырымдық вегетациялық индекстің (NDVI) есебі жүргізілді. ЖҚЗ негізінде егіс алқаптарының ластану және ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығының карта-схемалары жасалды.

Авторлар туралы

Г. К. Құрманова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан


А. С. Белгібаева
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Сводный аналитический отчет о состоянии и использовании земель РК за 2017 г. - Астана, 2018. - 275 с.

2. N. Ozeranskaya, R. Abeldina, G. Kurmanova, Zh. Moldumarova, L. Smunyova. Аgricultural land management in the system of sustainable rural development in the republic of Кazakhstan // International Journal of Civil Engineering and Technology (IJCIET).- 2018.- Vol. 9.- Issue 13.- PP. 1500-1513.

3. Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана от 10 января 2018 г. «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» [Электронный ресурс]. - 2018. - URL:http://www.akorda.kz/ru/addresses/address es of president/poslanie- prezidenta- respubliki- kazahstan-n- nazarbaeva - narodu- kazahstana- 10-yanvarya-2018g (қаралған күні: 18.12.2018).

4. Курманова Г.К., Молдахметов А.А. ГАЖ технологиясына негізделген жер мониторингі //Проблемы агрорынка.-2018.-№2.-Б.202-208.

5. Ыдырыс С.С., Тохаева Ж.О. Региональные аспекты управления инновационной деятельностью в аграрной сфере //Проблемы агрорынка». - 2018.-N3. - С. 91-97.

6. Тажибаева Р.М. Основные направления реализации инновационной политики в агропромышленном комплексе Казахстана // Проблемы агрорынка. -2018.- N3. - С. 38-44.

7. Что такое NDVI и его ценность в сельском хозяйстве [Электронный ресурс].-2018.- URL: http:// agrobiz.kz/ru/news/naukatehnologiya 22/chto-takoe-ndvi-i-ego- cennost- v- selskom- ho zyaystve_1216 (қаралған күні: 25.12.2018).

8. Методы учета засоренности посевов // [Электронный ресурс].-2018.- URL: http://mse- online.ru/zemledelie/metody-ucheta-zasorennos ti -posevov.html (қаралған күні: 26.12.2018).

9. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Шестакова Н.А. ж.б. Өсімдік шаруашылығы: оқу құралы. - Алматы, 2011. - 122 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Құрманова Г.К., Белгібаева А.С. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ. Аграрлық нарық проблемалары. 2019;(1):136-141.

For citation:


 ,   INNOVATIVE APPROACHES TO LAND MANAGEMENT. Problems of AgriMarket. 2019;(1):136-141. (In Russ.)

Қараулар: 403


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)