Аграрлық секторды қаржыландыру тиімділігінің мәселелері
https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.07
Аңдатпа
Көптеген экономикалық дамыған елдерде мемлекеттік қолдау, ауыл шаруашылығы саласына қаржылық инвестициялар, өнімділік пен кірістілікті арттыру, азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету – экономикалық өсудің, ең алдымен, халықты жұмыспен қамтудың негізгі факторлары. Мақсат – Республикадағы агроөнеркәсіп кешенінің қаржыландырудағы негізгі проблемаларын қарастыру және ғылыми көзқарастарды шешу.
Әдістер - салыстыру, синтез, монографиялық зерттеу және логикалық бағалау әдістері мемлекеттік көмектің және инвестициялаудың тиімділігіне әсер ететін механизмдерді анықтау үшін қолданылды.
Нәтижелер - мақалада аграрлық секторды қаржыландырудың бюджет көздері талданды. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мақсатты бағдарламалардың маңыздылығы көрсетілді, бұл баға, салық, лизинг механизмдері, жеңілдетілген несиелер және субсидиялау арқылы жүзеге асырылады. 2018- 2022 жылдар аралығындағы ақпарат, Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту бойынша Ұлттық жобасының деректерімен толықтырылды, агроөнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі мен капитал салымдарының мөлшері қамтылды. Зерттеуде ауыл шаруашылығы өнімдерін сату нарығын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестицияларды тарту және экономикалық, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемін арттыру қажеттілігі атап өтілді.
Қорытындылар - ауылдық жерлердің мамандануы, техникалық картаның әзірленуі және оған байланысты перспективалы ауылдар мен аудан орталықтарында өндірістерді ұйымдастыру, экспорт көлемін арттыру, онлайн қызметтерді тарату – азық-түлік кешенінің, агроқұрылымдардың экономикалық белсенділігінің стратегиялық даму бағыттары. Сыртқы ресурстарды пайдалану қаржылық нәтижелерді жақсартуға, ал фермерлік шаруашылықтарға негізгі қызметінен кірістерін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы жобаларына ірі инвестициялар жоспарлау кезінде инвестициялық процесті қолдау үшін капитал құрылымын таңдау – негізгі критерийлердің бірі болып табылады.
Авторлар туралы
C. Д. ТәжібаевҚазақстан
Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлы – негізгі автор; экономика ғылымдарының докторы, профессор; «Қаржы және есеп» кафедрасының профессоры
080008 Желтоқсан көш., 69Б, Тараз қ.
Г. К. Мусаева
Қазақстан
Мусаева Гульнар Кудайбергеновна; экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; «Экономика және менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
080000 Төлеби көш, 60, Тараз қ.
С. О. Танатова
Қырғызстан
Танатова Салтанат Орынбасарқызы; Ph.D докторы; аға оқытушы; «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
720064 Фрунзе көш., 12, Бишкек қ.,
Әдебиет тізімі
1. Концепция развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2021-2030 годы [Электронный ресурс].-2021.- URL: https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000960 (дата обращения: 23.06.2023).
2. Государственная программа развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» на 2017-2021 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13.11.2018 года № 746 [Электронный ресурс].- 2017.- URL: https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/P1800000746 (дата обращения: 23.06.2024).
3. Национальный план развития Республики Казахстан до 2025 года, утвержденный Указом Президента Республики Казахстан от 15.02.2018 года № 636 [Электронный ресурс].- 2018.- URL: https://www.adilet.zan.kz (дата обращения: 20.06.2024).
4. Tazhibaev, S. Financial sustainability of commercial banks on the basis of strategic management accounting Titolo Rivista/ S. Tazhibaev, S. Tanatova, G. Dolanbekov, Zh. Tazhibaeva // Rivista di studi sulla sostenibilita.- 2022.- Vol. XII.- Issue 1.-P. 127-135.
5. Kuchukova, N. The financial aspects of the third economic modernization in Kazakhstan / N. Kuchukova, G. Kerimbek, B. Saparova, A. Zhussupova // Journal of Social Sciences Research. - 2018. – Vol. 4. – N.12. - P. 483-490.
6. Lukhmanova, G. Innovative development of the agricultural sector of the Republic of Kazakhstan / G. Lukhmanova, K. Baisholova, N. Shiganbayeva // Revista Espacios. -2019. - Vol.40. - N. 32. - P. 6-19.
7. Закон Республики Казахстан «О микрофинансовой деятельности» от 26.11.2012 года № 56-V (с изм. и доп. по состоянию на 03.03.2023г.) [Электронный ресурс].- 2023.- URL:https://www.online.zakon.kz/Document/?doc_id=31300092 (дата обращения: 20.06.2024).
8. Статистические данные Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан [Электронный ресурс].-2022.- URL:https://www.stat.gov.kz/ (дата обращения: 20.06.2024).
9. Tokbergenova, A. Sustainable Development Agriculture in the Republic of Kazakhstan / A. Tokbergenova, L. Kiyassova, S. Kairova // Polish Journal of Environmental Studies. - 2018.- Vol. 27.-N5.-P.1923-1933.
10. Zoria, О., Zoria, S., Salohub, I. Formation of organizational and economic mechanism of state regulation of agricultural lending system: Market Infrastructure [Electronic resource]. - 2020. - URL: https://www.researchgate.net/publication/340867256_formation_of_organizational_and_economic_mechanism_of_state_regulation_of_agricultural_lending_system (date of access: 20.06.2024). https://doi.org/10.32843/infrastruct40-14
11. Staniszewski, J. The impact of the subsidies on efficiency of different sized farms. Case study of the Common Agricultural Policy of the European Union/J. Staniszewski, M.Borychowski //Agricultural Economics.-2020.-N66.-P.373-380.
12. Сигарев, М.И. Государственная финансовая поддержка производства сельскохозяйственной продукции в условиях ЕАЭС / М.И. Сигарев, Т.А. Таипов // Известия НАН РК. Серия аграрных наук.-2018.-N2.- С.42-49.
13. Fishkis, O. Ecological and economic evaluation of conventional and new weed control techniques in row crops / O. Fishkis, J. L. Weller, J. Pöllinger, F. Strassemeyer, J. Koch, J. Heinz // Agriculture, Ecosystems and Environment.- 2024.- N 36.- P. 23-39. https://doi.org/10.1016/j.agee.2023.108786 [in English].
14. Калиев, Г.А. Вопросы продовольственной безопасности Казахстана / Г.А. Калиев, А.Б. Молдашев //Проблемы агрорынка.- 2021.-№4(4).-С.13-22. https://doi.org/10.46666/2021-4.2708-9991.01
15. Akhmetova, K. State regulation of agricultural sector of Kazakhstan / K. Akhmetova, A. Terzhanova, A. Akhmetova //Problems of AgriMarket.- 2020.- No 3. –P. 60–66.
Қосымша файлдар
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тәжібаев C.Д., Мусаева Г.К., Танатова С.О. Аграрлық секторды қаржыландыру тиімділігінің мәселелері. Аграрлық нарық проблемалары. 2024;(3):79-88. https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.07
For citation:
Tazhibaev S.D., Musaeva G., Tanatova S.O. Issues of efficiency of financing the agricultural sector. Problems of AgriMarket. 2024;(3):79-88. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.07