Preview

Аграрлық нарық проблемалары

Кеңейтілген іздеу

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығы олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы ретінде

https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.03

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақсат – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығының теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу, агроөнеркәсіп кешеніне тартылған инвестициялардың көлемін талдау негізінде. Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру шеңберінде AP19680320 «Еуразия аймағында елдің инвестициялық тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде кәсіпкерлік ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу»» тақырыбында дайындалған.

Әдістер – зерттеу, сипаттамалық және аналитикалық стратегиялар, формализация, абстракция, статистикалық өңдеу және деректерді визуализациялау әдістері қолданылды.

Нәтижелер – авторлардың пікірінше, ауыл шаруашылығы секторы республиканың ауылды жерлері үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы зор болса да, ол инвесторлар үшін тартымсыз болып қалуда. Аграрлық салаға инвестициялау мен АӨК-дағы инвестициялық жобалардың өсуін қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, материалдық-техникалық және технологиялық базаның дамымағандығы, халықтың төлем қабілеті төмен сұранысы тежейді. Инвестициялар өндірістік әлеуетті қалыптастырып, өңірлердің бәсекелік позицияларын анықтайды. Мақалада инвестициялық белсенділікті арттыруды тежейтін мәселелер қарастырылған. Мемлекет тарапынан инвестициялық процестерді басқарудағы рөлі ашылған. Инвестициялық салымдардың келуін қиындататын факторлар мен ауыл шаруашылығына қаржылық құю көлемін арттыру шаралары көрсетілген.

Қорытындылар – агроөнеркәсіп өндірісінде қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру және шаруашылық субъектілерінің инвестициялық белсенділігін арттыру агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ең өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Аграрлық сектордағы экономикалық жағдайды ескере отырып, оның ішкі резервтерін мобилизациялау, тиімді нарық инфрақұрылымын қалыптастыру, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің төлем қабілетін арттыру және мемлекеттік қолдауды күшейту қажет. Тек осылайша инвестициялық тартымдылық қалыптасып, елдің азық-түлік нарығы отандық өндіріс өнімдерімен толықтырылады, саланың негізгі қорларын жаңарту мүмкіндігі пайда болады.

Авторлар туралы

Д. А. Калдияров
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Калдияров Данияр Алтаевич; экономика ғылымдарының докторы, профессор; экономика және құқық жоғары мектебінің профессоры

040000 Жансүгіров көш., 187а, Талдықорған қ.



Р. Уринбоев
Лунд университеті
Швеция

Уринбоев Рустамжон; Ph.D, қауымдастырылған профессоры; «Құқықтағы әлеуметтан» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

22002 Алхельгона Киркогата көш., 18C, Лунд қ.



А. Е. Беделбаева
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Беделбаева Асель Ериковна - негізгі автор; экономика және бизнес магистрі

040000 Жансүгіров көш., 187а, Талдықорған қ.



Әдебиет тізімі

1. Lemechshenko, O., Nakipova, G., Akhmet, G. (2022). Improving the Program-Targeted Management Methodology and Its Practical Application for the Sustained and Environment Development of Agro-Industrial Complex. Journal of Environmental Management and Tourism, 13(3), 769-781 [in English].

2. Kaldiyarov, D.A., Nurmukhankyzy, D., Bedelbayeva, A.E. (2021). The Mechanism for Sustainable Development of Rural Areas in the Republic of Kazakhstan. Lecture Notes in Networks and Systems, 205, 797–804 [in English].

3. Kurmanova, D., Ismailova, A., Ukibayeva, G., Abdildinova, N., Bakyei, A. (2023). Investments as a factor of sustainable development of rural areas. Journal of Environmental Management and Tourism, 14(3), 729-738 [in English].

4. Kaldiyarov, D., Kasenova, A., Dyrka, S., Biskupski, R., Bedelbayeva, A. (2021). Sustainable development of rural areas. Assessment of the investment appeal of the region. Journal of Environmental Management and Tourism, 12(1), 56-63 [in English].

5. Taran, S.F. (2021). Formation of an organizational and economic mechanism for the development of innovative entrepreneurship in the region. The Economic Forum, 1(1), 93–106 [in English].

6. Shaporova, O.A., Kiripichenko, E.A. (2020). Increasing the investment attractiveness of the regions through the formation of special economic zones and territorial production clusters. World and Regional Economics, 2(52), 80-85 [in English].

7. Leontiev, V., Bocharov, V., Radkovskaya, N. (2021). Investments: textbook and workshop for academic bachelor's degree. Moscow: Yurayt Publishing House, 455 [in English].

8. Vinichenko, I., Shutko, T. (2019). The matrix model for assessing the investment attractiveness of agricultural enterprises. Baltic Journal of Economic Studies, 5(3), 9-16 [in English].

9. Turysbekova, A.B., Omurzakova, A.K. (2021). Vyyavlenie tendencij social'no-ekonomicheskogo razvitiya regionov Kazahstana [Identification of trends in socio-economic development of the regions of Kazakhstan]. Ekonomika: strategiya i praktika - Economics: strategy and practice, 16(2), 98-106 [in Russian].

10. Alibekova, V., Abildaev, S., Shaldarbekova, K. (2023). Analysis of Features of Investment Attractiveness of Agriculture in Kazakhstan. Eurasian Journal of Economic and Business Studies, 67(2), 146–157 [in English].

11. Statisticheskie dannye Agentstva po strategicheskomu planirovaniju i reformam Respubliki Kazahstan Bjuro nacional'noj statistiki [Statistics from the Bureau of National Statistics of Agency for Strategic Planning and Reform of the Republic of Kazakhstan]. Avalaible at: https://stat.gov.kz/ (date of access: 29.12.2023) [in Russian].

12. Shulenbaeva, F., Karbetova, Z., Karbetova, Sh. (2019). Investicionnaya privlekatel'nost' agrarnogo sektora Kazahstana [Investment attractiveness of agricultural sector of Kazakhstan]. Problemy agrorynka - Problems of AgriMarket, 1, 17-22 [in Russian].

13. Akimbekova, G.U., Nikitina, G.A. (2020). Prioritetnye napravleniya razvitiya agropromyshlennogo kompleksa Kazahstana [Priority directions of agro-industrial complex development in Kazakhstan]. Problemy agrorynka - Problems of AgriMarket, 4, 13-23 [in Russian].

14. Mizanbekova, S., Kalykova, B., Jumabayeva, A. (2020). Obespechenie prodovol'stvennoj bezopasnosti Kazahstana [Ensuring food security in Kazakhstan]. Problemy agrorynka - Problems of AgriMarket, 4, 31-39 [in Kazakh].

15. Zhakupov, Y.K., Berzhanova, A.M., Mukhanova, G.K., Baimbetova, A.B., Mamutova, K.K. (2022). The impact of entrepreneurship on the socio-economic development of regions. Business Strategy & Development, 6, 13–19 [in English].


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Калдияров Д.А., Уринбоев Р., Беделбаева А.Е. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығы олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы ретінде. Аграрлық нарық проблемалары. 2024;(3):37-46. https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.03

For citation:


Kaldiyarov D., Urinboyev R., Bedelbayeva A. Investment attractiveness of agricultural enterprises as a factor in ensuring their competitiveness. Problems of AgriMarket. 2024;(3):37-46. https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.03

Қараулар: 256


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)